Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет21/29
Дата24.05.2023
өлшемі206,25 Kb.
#96817
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин (1)

Барлығы

40 минут

20

Тапсырмалар және балл қою кестесінің үлгісі

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І нұсқа





  1. Мәтінді тыңдап, мазмұны бойынша кестені толтырыңыз.

Бүгін де сырғанақтағы ойынның қызған шағы еді. Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таяған. Сірескен ақ қардың бетінде бір сәтке жұқалаң қызғылт кілегей тұрды. Күні бойы Ешкіөлместің күнгейінде жайылған мал ешкім қайырмаса да, бір ізбен шұбырып ауылға қайтқан. Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқаны шымырлатып, жоқтау айтқан дауыстар. Аянның үйінен шығып жатыр. Мұндайда балалар еліккіш келеді ғой. Сырғанақты тастай бере дәл бірдеңеден құр қалатындай бәріміз бірге дүрліге дүркіресіп, Аянның үйіне қарай лап қойдық. Артымыз жетпей жатып, алдымыз не болып қалғанын естіп те үлгердік. «Аянның әжесі өліп қапты», - деген сыбырды алқына тұрып сүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік.
Жарғақ сары тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп- боз есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші әйелдер бір-бірімен шуылдаса көрісіп, азан- қазан боп жатқанмен, ол көзіне жас алмапты. Біз өзара сөйлескеніміз болмаса, оған үн қатқамыз жоқ. Аян да бізді үнсіз қарсы алды. Сүйреткен шанамызға, конькиімізге көз салды. Тоңғаннан ба, танауын жиі - жиі тартып, дір - дір етеді.
Күн ұясына еніп бара жатыр. Аян болса, сол мелшиген күйде жалтақ- жалтақ етіп, ауылдың әр тұсынан «әжетайлап» дауыс қойып келе жатқан үлкен адамдарға қарайды. Бірақ олардың бірі де бұған назар аударар емес. Біз болсақ, енді қайтер екен деп қызықтағандай одан көз айырмастан ортаға ап, қоршап тұрмыз. Өзара сыбырласқан боп, оған да естірте: «Әжесі өлгенге неге жыламайды- ей?»- деп қоямыз. Аян естісе де, естімеген адамша міз бақпайды. Тек әлдебір уақытта, бас жоқ, аяқ жоқ:
- Ертегі тыңдайсыңдар ма?- деді.

Негізгі мәселе

Идеясы

Өз ойым










[2]

  1. Кейіпкерге сипаттама беріңіз.


Кейіпкердің аты

Кейіпкердің сыртқы келбеті

Кейіпкердің іс- әрекеті

Кейіпкердің
шығармадағы орны

Аян










[3]

  1. Шығарма эпизодына берілген кесте бойынша талдау жасаңыз.


Шығарма эпизоды

Маңызы

Негіздеме

Мен сұлап жатқан орнымнан белім кеткендей тұра алмадым.
Шынымды айтсам, ұялдым-
Тортайдан ұялдым. Батылым бармады. Бет-жүзім шыдамады.







[4]

  1. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінен автордың ойын, көзқарасын білдіретін үзінділерді белгілеп, кестеге толтырыңыз. Кестемен жұмыста автордың ойын, көзқарасын, үмітін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.



Өлең үзіндісі

Ақын үміті қандай?







[2]

  1. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін көшіріп жазып, троптардың түрін (метонимия, теңеу, метафора) анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет