Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі


«Бос уақыт және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет21/66
Дата08.06.2023
өлшемі1,62 Mb.
#99758
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К (копия)

«Бос уақыт және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа



Оқу мақсаты:

5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу;
5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтіндегі ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән белгілерді анықтайды;

  • Рәсімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады;

  • Туынды және күрделі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтап, жазбаша жұмыста қолданады.

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
1.Мәтіндерге зер салып, мұқият оқыңыз. Берілген кестеге сәйкес салыстыру жұмысын жасаңыз.



1-мәтін

2-мәтін

Стилі







Жанры







Құрылымы







Тілдік ерекшелігі







1-мәтін





  • Сәлем, Айдын!

  • Қалайсың, Бауыржан?

  • Қайда асығып бара жатырсың?

  • Футбол үйірмесіне, бүгін бізде жарыс. Өзің неғып жүрсің?

  • Серуендеуге шықтым.

  • Бұлай уақытыңды бос өткізгенше, үйірмеге қатыспайсың ба?

  • Мен футболды жақсы ойнаймын, бірақ үйірмеге қатысқан емеспін. Сен қай футбол клубындасың?

  • Мен «Шахтер» футбол клубындамын. Бізге жақсы ойыншылар керек. Сен менімен бірге жүр, әрі шынығасың, әрі футболдың қыр-сырын үйренесің.

  • Жарайды, досым! Сенімен бірге футболға қатысамын.

2-мәтін
Хабарландыру!!!


Құрметті қала тұрғындары!


15 ақпан күні сағат 10:00-18.00 қалалық мәдениет үйінде елімізге танымал коллекционер Марат Алдабергеновтың жинақтаған тарихи жәдігерлерінің көрмесі болады. Көрмеден ежелгі теңгелерді, тұрмыстық көне заттарды, мыс пен ағаштан жасалған бұйымдарды, ескі телефондар мен патефондарды көзбен көру мүмкіндігіне ие боласыз. Көрмеге кіру тегін.
Бағдарламада:
1. Көрменің ашылу салтанаты.
2. Коллекционар М.Алдабергеновтың естелік-әңгімелері.
3. Көркемөнерпаздар концерті.

Қалалық мәдениет үйінің әкімшілігі
2. Қала тұрғындарының бос уақыттарын өткізулеріне арналған қандай да бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Берілген кестеге сәйкес күрделі сөздерге бірнеше мысал келтіріңіз.





Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркесті сөз














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет