Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет43/76
Дата20.09.2023
өлшемі2,31 Mb.
#109001
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
5 класс Құралай Т2

Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған. Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды. Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі - Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог. Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
https://kk.wikipedia.org/wiki
1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 cөз немесе сөз тіркесі). __________________________________________________________________ [1]
2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз. __________________________________________________________________ [1]
3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды? __________________________________________________________________ [1]
4. Кітапханада қай елдің туындылары сақталған? __________________________________________________________________ [1]
5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. __________________________________________________________________ [1]


Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су — керемет, сирек кездесетiн минерал! Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардын бірі.
Су — жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңіріп алатындығы ғылыммен дәлелденді.
Барлық малдар және өсiмдiктер, жанды заттар заттар сулардан тұрады: малдар — 75%, балық — 75%, медуза — 99%, картоп — 76%, алмалар — 85%, қызанақтар — 90%, қиярлар — 95%, қарбыздар — 96%.
Адам күнделікті өмірде суды пайдаланады. Ол iшу және азық үшiн оны қолданады, жуыну үшiн, қыстың күнi — жылыту үшiн.
Бiз 80% судан тұрамыз. Су — бiздiң денеміздегі басты материал.
Су адам үшiн алмастырылмайтын, темiр, газ, көмiр, мұнайға қарағанда бағалырақ жаратылыс байлығы болып табылады,
Адам күніне суды 1, 5-2 литр жоғалтады. Демек соншама оған су iшуi керек.Сонымен қатар суды тек қайнаған түрде ішу керек. Өйткені суда әр түлі зиянды микроағзалар болуы мүмкін.
(156 сөз)
http://stom.tilimen.org/sudi-adam-omirine-maizi-su-keremet-sirek-kezdesetin-mineral-ol.html
1. Су қандай минерал?
А) керемет, сирек кездесетін
В) қатты, керемет
С) сұйық, газ сияқты
D) сұйық,таза
[1]

2. Су адам үшiн қандай байлық болып табылады?


А) алмастыруға болмайтын
В) баға жетпес
С) пайдалы болады.
D) оттегін тасымалдайды.
[1]

3. Мәтінге сай мақал-мәтелді белгілеңіз


А) Ағын су бал татыр,
Ақ шабағы май татыр
В) Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты
С) Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш
D)Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
Е) Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.
.
[1]

4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.


4. Ауру, адам ағзасы, қорғау, су, түрлі __________________________________________________________________


[1]
5. Су,пайдалы, қолданады, өміріне,күнделікті __________________________________________________________________
[1]

Балл қою кестесі


Тыңдалым, айтылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет