Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет48/76
Дата20.09.2023
өлшемі2,31 Mb.
#109001
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
5 класс Құралай Т2

Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.
Жамандық көрсең нәфритлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз. 
(125 сөз)
http://minbar.kz/islam/blog/id/1700.html

1. 5 асыл істі жазыңыз. __________________________________________________________________ [1]


2. 5 дұшпанды көрсетіңіз. __________________________________________________________________ [1]
3. Өлеңнің авторы кім ? __________________________________________________________________ [1]
4. Адам болу үшін не істеу керек? __________________________________________________________________ [1]
5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. __________________________________________________________________ [1]
Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен. Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен. Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар. Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
(156 сөз)
https://www.azattyq.org/a/1157731.html

1. Судың қандай қасиеті ауруларды жазады?


А) иммунитетті күшейтуі
В) минералдарды реттеуі
С) түрлі қалыпта болуы
D) таза энергиясы
[1]

2. Судың жетіспеуі ағзаға ...


А) күш түсіреді.
В) қатер төндіреді.
С) пайдалы болады.
D) оттегін тасымалдайды.
[1]

3. Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай?


А) адамдар ауруларға ұшырайды
В) емдік мақсатта қолданады
С) мұздықтарды ерітеді
D) суды үнемдеуді түсінеді
[1]

4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.


4. Ауру, адам ағзасы, қорғау, су, түрлі __________________________________________________________________
[1]

5. Жаһандық, ғаламшар, мәселе, үлкен, су тапшылығы, әкелу __________________________________________________________________


[1]
Балл қою кестесі
Тыңдалым, айтылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет