Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді.
|
1
|
Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді:
1-сұрақ;
2-сұрақ.
|
1
1
|
Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды.
|
2
|
Мәтінге жоспар құрады:
кіріспе
негізгі бөлім
қорытынды
|
1
1
1
|
3
|
Жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндайды:
|
1
|
Өмірмен байланыстырады;
|
1
|
Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады.
|
1
|
Барлығы 8
|
«Денсаулық – зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді.
|
Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қиналады.
|
С ұрақтарға (бірінші, екінші) мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қате жібереді.
|
С ұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді.
|
Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды.
|
М әтінге жоспар құруда, жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндауда қиналады.
|
Мәтінге жоспар құруда, жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндауда қате жібереді.
|
М әтінге сай жоспар құрады. Жоспарға сүйеніп, мәтінді толық баяндайды.
|
Ата-ананың қолы _________________
|
«Компьютердің тілін табу – өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты:
|
5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау;
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен
талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама,
хабарландыру, хат жазу.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды;
• Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру, хат, хабарлама жазады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты:
|
15-20 минут
|
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
Қазіргі заман адам баласының ой-өрісінің ерекше дамып, өркендеп жетілген заманы болып отыр. Үйімізде компьютер болса, ол ғаламторға қосулы болса, бүгінде кез-келген жердегі таныстарымызбен хабарласа аламыз. Өзімізге керекті мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жаратамыз.
Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп-қисап жасау, құжаттарды қағазға басып шығару, мәліметтерді өңдеу істеріне пайдаланатын болсақ, бір сағаттың ішінде бірталай жұмысты аяқтауға болады. «Компьютер – уақыт талабы» демекші, осы арқылы уақытымызды тиімді пайдаламыз.
Ал компьютердің зиянына келсек, алдымен ол көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Компьютер алдында ұзақ отырса, адамның қан қысымы көтеріледі. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, ұйқы бұзылады, сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, сколиоз ауруына шалдығуы ғажап емес. Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл оның аумағын ластайды. Лас болған жерде түрлі микорбтар, бактериялар болады. Осынаң бәрі аллергиядан бастап көптеген ауруларды тудыруы мүмкін. Мұның бәрін біле тұра, біз компьютерді пайдаланамыз. Ол болмаса, жұмысымыздың көбі орындалмай қалады, алайда денсаулық одан да маңызды.
(156 сөз)
https://vikidalka.ru/1-213901.html
|
Достарыңызбен бөлісу: |