Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама № 5, «24» желтоқсан 2019 ж.)
Пікір жазғандар: К.М.Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент. Л.Т.Мақұлова – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., деңгейлік курстарды оқыту тренері.
Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы білім басқармасы оқу – әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым, Б.Х.Тажибаев – облыстық оқу – әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары, А.К.Абашова – Тараз қаласы №25 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының штаттан тыс тренері, сарапшы; Ш.М.Жамалбекова – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, редактор; А.А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор
К.Б.Джапарова – «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жиынтығы» 5-сынып, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – Тараз, 2020, - 133 б.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы жалпы білім беретін оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерінің мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілерге арналып құрастырылды.