Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара-қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып:
- Досым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - депті ара.
Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты.
- Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз.
Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп:
- Не істеп жүрсің? – депті.
Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Солай құмырсқа қайта үйіріне қосылады.
«Жаң достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалған екен.
Міне, мына ескі достарың да қашанда сенің қуанышыңа ортақ.
(133 сөз) https://bilim-all.kz/article/1910-Qumyrsqa
1. Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз. ______________________________________________________________________
[1]
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
жолдас ______________________________________________________________________
[1]
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1. Құмырсқаға кім көмектесті? ______________________________________________________________________
[1]
2. Мәтінге тірек болатын 4 сөзді жазыңыз. ______________________________________________________________________
[1]
4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.
I. Ұялас достары оған көмектесті.
II. Құмырсқа дән тауып алды.
IІІ. Қоңыздан көмек сұрады.