ІІ нұсқа
2 – ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы – 40
Тыңдалым – 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны – 30
Тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент –тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компоненті –жазылым және тілдік бағдар,төртінші компоненті –айтылым дағдыларын тексеруге арналған .
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырмалар
|
Қамтылатын мақсаттар
|
*Тапсырмаларға сипаттама
|
*Тапсырмалар түрлері
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-5
|
5.1.1.1 Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 125 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым көркем әдеби мәтінін 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші, екінші, үшінші және төртінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді. Бесінші тапсырмада білім алушы мәтіннің негізгі тақырыбын анықтайды.
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
8 минут
|
5
|
6-10
|
5.3.2.1 Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 156 сөзден тұратын хабарлама мәтінін оқиды. Бірінші, екінші,үшінші тапсырмаларда төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Төртінші және бесінші тапсырмаларда мәтінге қатысты араласқан сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрастырады.
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
12 минут
|
5
|
11
|
5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу; 5.5.1.3. Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушы берілген 3 тақырыптың бірін таңдап, 60-80 сөзден тұратын мәтін жазады. Мәтін мазмұнында білім алушы сандық бірліктерді қолдануы тиіс. Жазылым жұмысында мәтін құрылымын сақтауы және сан есімдер мен тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
20 минут
|
10
|
12
|
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
|
Тапсырма жұпта орындалады. Білім алушыға бөлімдерге қатысты 3 өлең тақырыбы беріледі Білім алушылар берілген тақырыптың бірін таңдап, өлеңді жатқа оқиды. Мұғалім білім алушының өлеңді жатқа,мәнерлеп оқуын бағалайды.
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Сабақтан тыс,
қосымша уақытта өткізіледі. (Әр білім алушыға 2 минуттан беріледі)
|
10
|
Барлығы
|
|
|
|
40 минут
|
30
|
Достарыңызбен бөлісу: |