ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілі пәнінен «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағының» мақсаты –
жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушыларды өз білімін түрлі жағдайларда
қолдануға бағыттау. Сондай-ақ сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және
жаңашыл ойлай білетін, сөзін салмақтап жұмсай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні
бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу
жоспарының негізінде дайындалған.
Нұсқаулық білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың білімдерін арттырып,
сабақтарда қалыптастырушы бағалаумен жан-жақты талқыланған тақырыптарды шынайы
өмірмен байланыстырып, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатына бағытталған.
Білім алушылардың Республикамызда және әлемде болып жатқан өзгерістер мен
жетістіктерді тереңірек білуге септігін тигізеді. Өнер саласы және жаратылыстану
пәндерімен тығыз пәнаралық байланысты көздейді. Тапсырмаларды орындау барысында
білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Жиынтық бағалау тапсырмалары жаңа ғасырдың мақсаттарын көздейді. Оларға ойларын
еркін ауызша жеткізуде және жаза білуде қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және
анализ жасау дағдыларын қалыптастырады.