1-тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
А мәтіні
Ғалымдар көне замандарда өмір сүрген, бүгінде жер жүзінен жойылған алғашқы адам түрлері мен мамонттардың археологиялық қазбалардан табылған ДНҚ-сын пайдалану арқылы оларды қайта тірілту мүмкіндігін теориялық тұрғыдан дәлелдеп отыр. Сондай-ақ дәл осыған ұқсас жолдармен адам көзінің көру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтатын, физикалық қуатын еселейтін, ақыл-ойын тереңдететін, өмір сүру жасын қолдан ұзартатын сәт те жақын қалғаны айтылуда. Болашақта ғылымның мүмкіндігімен адамдар жаңа дүниеге келетін шарананың қандай қасиеті үстем, неге икемді болуына алдын ала ықпал ете алады. Тіпті, ғалымдар көлемді ақпаратты адам миына сырттай енгізу мүмкіндігін де зерделеп келеді.
Негізі мақсат – кибернетика, нанотехнология, биоинженерия, генетика сынды ғылым салаларының жетістіктерін пайдалана отырып, бүгінгі адамның басқа ғаламшарда өмір сүруіне кедергі келтіретін «табиғи олқылықтарды» қолдан реттеу, ғаламның болашақ қожайынына айналу.
(114 сөз)
Сәкен Есіркеп, Астана \Егеменді Қазақстан\ газеті
Ә мәтіні
Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы – медицина мен биология. Бұл жобамен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары екі жылдан бері шұғылданып келеді.
Бүгінгі күні дүниежүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері импорттық орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Ерлан Раманyyлов,
Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:
Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз, олар топырақтың сортаңдануына, құрғаyшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады.
Тағы да бір басты міндеттерінің бірі – осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру.
(95 сөз)
(Ұлттық биотехнология орталығы сайтынан)
Тапсырма. Мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
|