Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет48/80
Дата19.10.2023
өлшемі462,72 Kb.
#119448
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
Құқықтық сана осыдан туындаған
Азат ел құқығының асқарлары

Белгілі Ата Заңмен басталғаны.


Бұл күнде уақыт салған тарихы бар -
Қоғамда жұрт пікірі қошталғалы.
Жаңғыртты жадында әр кез мұны халық,

Әр бабын өз Заңының ұғып алып.


Жүр бүгін осы құжат аясында
Тынығып, еңбек етіп, білім алып.
Сан істі реттеуге ортаңдағы

Заңдылық салмағының артар мәні.


Сондықтан Ата Заңмен үйлесуге
Тиісті әрбір заңның әр тармағы.
Бостандық бодандықтан бүгін ұлға -

Азат ел тұрғанда асқақ тұғырында.


Орнығар заңның ғана үстемдігі -
Құқықтық мемлекет ұғымында.
Осындай жатады үлкен ұғымда мән,

Ол барда шындық жүзі бұрылмаған.


Келбеті заңдылықтың жатар сонда,
Құқықтық сана осыдан туындаған.
Ел мен ел тек біліммен теңелетін,

Кез келді әлемге ұлт еленетін.


Ата Заң әр санада орнықтырар
Қоғамның шын құқықтық мәдениетін.
Бостан боп, еркіндікпен бағаландың,

Ықпалы қажетті әр кез санаға ардың.


Заң мен ар алшақ түспес екі ұғым,
Сыйлауы тиіс оны әр адамның.
Қоғамың құқықпенен өлшенгесін,

Заңға жат оны ештеңе еңсермесін.


Ата Заң биік болсын, әр кезде де
Фемида таразысы теңселмесін!
(158 сөз)

Ғабиден Қожахмет


Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым


Балл


Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы


Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақты дұрыс қоя біледі,қойылған сұрақтарға дәлелдер мен мысалдар келтіре отырып жауап береді. Талқылауға белсенді қатысады, өз пікірін жан-жақты жеткізе алады.


7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақты дұрыс қоя біледі, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап береді. Талқылауға белсенді қатысуға тырысады, өз пікірін жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.


5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.


3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Мәтіннің мазмұнын түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде жиі қателеседі, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.


1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Мәтіннің мазмұнын түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде көп қателіктер жібереді, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет