Оқылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.
2018 жылдың қаңтар айынан оған төрағалық етудеміз. Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.
2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі
4 пайыз болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 пайыздан асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 пайыздан асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.
«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.
( 200 сөз)
https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/
1.Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз
[2]
2.Көпшілікке арналған мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз
[2]
Қазақстанның дамуына тірек болатын 4 негізгі жетістікті тауып жазыңыз
[2]
Мәтіннің негізгі идеясын білдіретін тірек сөздерді сызба түрінде құрылымдап көрсетіңіз.
[2]
Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіннен деректерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |