Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі


«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет23/82
Дата20.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#119873
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
10 ҚГБ Қазақ тілі Зухра

«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа



Оқу мақсаты

10.1.5.1. Мәтінде көтерілген мәселеге автор оқырманның
қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның көзқарасын ескеру арқылы сұрақтар құрастырып, баға бере алады;

  • көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыс ұсынады;

  • мәтіндегі тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп, түрлендіріп қолдана алады.




Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма
Адами капиталдың көрсеткіші – білімде
Адами капитал деген не? Әдетте, капитал десе, ойымызға қаржы, байлық, ақша, құн, мұнай, газ, алтын мағынасында түсінік келеді. Ал бүгінгі күні адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. «Адам капиталы» терминінің өзі алғаш рет Нобель сыйлығының иегерлері, америкалық макроэкономистер Теодор Шульц пен Гарри Беккердің ХХ ғасырдың
80 жылдарындағы еңбектерінде пайда болды. Т.Шульц нашар дамыған елдердің қиын жағдайын зерттей келе, кедей адамдардың әл-ауқатын жақсарту жерге, техника немесе олардың күш-жігер жұмсауына емес, бәрінен де білімге байланысты деген қорытындыға келді. Ол экономиканың мұндай сапалық қырын адам капиталы деп атады. Г.Беккерге келетін болсақ, ол адам капиталының теориялық моделін жасап және осы мәселе бойынша «Адам капиталы» кітабын жарыққа шығарды. Адам капиталының теорияшылары экономикалық өсу үшін оған салым салуға назар аударады. Бұл жерде жұмыспен ұтымды қамту, еңбек нарығының оңтайлы қызмет етуі ерекше маңызға ие. Білім беру мен денсаулық сақтауды, еңбек өнімділігі мен табыс деңгейлерінің байланысын, кәсіпкерлік қызметті уәждеуді экономикалық қамтамасыз етуге дәлелі жетік көзқарас қажет. Адам капиталы – мемлекет­тің, сондай-ақ, экономикасы мен оның еңбекке жарамды азамат­та­рының бәсекеге қабілеттігін арт­тырудың қажетті ресурсы. Қазақстанда 2050 жылға қарай дүниежүзінің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған курс өзіндік адам капиталын дамытуға орасан мол инвестициялар салуды талап етеді. Өйткені тек біліктілігі жоғары қызметкерлер ғана постиндустриялық қоғам, яғни «Білім мен жалпыға бірдей еңбек қоғамы» жағдайында қызметтің барлық түрлерінде жоғары тиім­ді­лікке қол жеткізуге қабілетті. Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды. Ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады. Қазір «Білім экономикасы», «Парасатты экономика», «Ақылды экономика» деген тіркестер пайда болды. Адам капиталы – еңбек ресурсын жақсарту үшін жасалған инвестиция. Қазақстанның ең басты байлығы – адам капиталы. Бүгінде халқымыздың 100 пайызы білімді деп айта аламыз. Сол себептен де осы 26 жыл ішінде Қазақстан елеулі табыстарға қол жеткізді. Адам капиталы туралы ой қозғағанда әуелі білім ойға ора­лады. 1991-2015 жылдар ара­лы­ғын­да елімізде 1579 орта білім беру мекемесі жаңадан салынды. 2005 жылмен салыстырғанда, мек­тептердегі мультимедиялық каби­неттiң саны 789-дан 2861-ға өсті. Сонымен қатар, елімізде 20 Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Одан басқа, ұстаздардың сапалық құрамы да өзгерді. Мектептерде ІТ технологиялар қарқынды дамуда. Егер 2001 жылы 62 оқушыға 1 компьютерден келсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1,8 құрайды. Сондай-ақ, оларды интернет желісіне қосу да оң жолын тапқан. Ал 1991 жылы жоғары білімі бар ұстаздардың саны республика бойынша 66 пайыз болса, қазіргі кезде олардың саны 91 пайызға жетті. Мұның бәрі білім сапасына, оның ішінде адами капиталын дамытуға қосқан үлес деп айтуға болады. (386 сөз)
https://turkystan.kz/article/46465-adami-kapitaldy-k-rsetkishi-bilimde
1-тапсырма. Мәтіндегі мәселеге байланысты төменде берілген кестені жұбыңызбен толтырыңыз.

Мәтіндегі мәселеге байланысты 3 сұрақ
1-сұрақ________________________________________________________________
2-сұрақ________________________________________________________________
3-сұрақ ______________________________________________________________



Мәтіндегі мәселе жөнінде құрастырылған сұрақтарыңызды жұбыңызбен алмасып, бір-біріңізді бағалаңыздар.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, «Менің өмірімді өзгерткен ғылым мен инновация» тақырыбында досыңызға хат жазыңыз.


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет