Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (2-тоқсан)
*Тапсыр
ма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырма
лар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау
уақыты, мин
|
Балл
|
1-4
|
10.1.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.
|
Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды. Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Оқушының сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады.
|
Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі).
|
10
|
1-2
|
10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу;
|
Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар
|
Бірге есептегенде көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Жанры, көзделген аудиториясы, мақсаты, мазмұны, стилі, тіліне салыстырмалы талдау жасай отырып, екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы анықтайды.
|
15
|
10
|
7
|
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің
|
Жазбаша
|
Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін
|
25
|
10
|
|
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне
|
толық
|
таңдап, жазба жұмысын орындайды.
|
|
|
|
сай тілдік құралдарды орынды қолданып,
|
жауапты
|
Жазылым жұмысында берілген тақырып
|
|
|
|
интервью жазу;
|
қажет ететін
|
бойынша интервью, әңгіме, көпшілік алдында
|
|
|
|
10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
|
сұрақтар
|
сөйлейтін сөзді жазып, пікір білдіреді.
|
|
|
|
көркемдегіш құралдарды ұтымды
|
|
Оқушының жазылым барысында жанрлық,
|
|
|
|
қолданып, шығармашылық жұмыстар
|
|
стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік
|
|
|
|
(өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
|
|
құралдарды орынды қолдануы, берілген
|
|
|
|
10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып,
|
|
жанрды талапқа сай жазуы бағаланады.
|
|
|
|
әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді
|
|
|
|
|
|
салыстырып, маңызды тұстары мен
|
|
|
|
|
|
үрдістерді талдап жазу;
|
|
|
|
|
|
10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік
|
|
|
|
|
|
нормаларды сақтай білу.
|
|
|
|
|
Барлығы
|
40 минут
|
30
|
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
Халық ауыз әдебиеті
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған. Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең балауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады. Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал- мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған. Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі. (201 сөз)
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1093
Ә мәтіні.
Жаһандану үрдісі кең етек алған XXI ғасырда әлем елдерінің алдында туындаған жалпы ортақтық сипаттағы мәселелер адамзат баласын алаңдатпай қоймайды. Мұндай мәселелердің шешілуі барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шараларын қажет етеді. Ал әрекеттер мен шаралар тиімді әрі нәтижелі болу үшін үйлесімділік қажет. Мемлекеттер арасындағы әрекеттерді үйлестіруге апаратын бірден-бір жол интеграция болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінде интеграциясыз алға қадам басу мүмкін емес. Себебі, қандай да бір мемлекет өзге елдермен өзара ықпалдастық орнатпайынша, бірлесе іс-қимыл жасамайынша, алға жылжи алмайды, - деген болатын. Шыңдығында да қазіргі заман - экономикалық интеграцияның заманы. Экономикалық тұрғыдан жасалып отырған тиімді бастама Қазақстанның әлеуетіне оң ықпал етеді. Үш ел тауарларының еркін қозғалысы, алыс-берісті арттырып қана қоймай, бірлескен кәсіпорындар құруға да бірегей мүмкіндік бермек. Үш ел арасында қызмет жасап жатқан Кедендік одақ та кең өріс алмақ. Еуразиялық интеграция аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің экономикасы бұрынғысынан да қарқынды дамитын болады. Өйткені Қазақстанда жалпы нарыққа, бизнеске арналған жобаларды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасалған. Біздің елімізде теміржол құрамдары, жүк көліктері мен электротехника салалары қарқынды дамып келе жатыр. Сонымен қатар, одақ аясында әр кәсіпорын өз қызметін емін-еркін жүргізетін болады. Ол үшін қосымша лицензия немесе тағы басқа келісім-шарт әзірлеудің қажеттілігі туындамайды. Жаңа нарық әр кәсіпорын мен әр азамат үшін ұтымды болады. ( 199 сөз)
http://akikat.kazgazeta.kz/?p=300
Достарыңызбен бөлісу: |