Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі



бет68/82
Дата20.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#119873
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
10 ҚГБ Қазақ тілі Зухра

А мәтіні
Сәулет өнері - адамдардың әдемі және ыңғайлы тұрмыс құруына арналған өнер. Сәулет ғимараттары әр түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш, тас, бетон, пластик, әйнек, т.б. салынады. Қалалар өскен сайын сәулет өнері де өркендей түсті. Бірте-бірте қалалардың келбеті де өзгерді. Қарапайым үйлер мен зәулім сарайлардың орнына көп қабатты ғимараттар пайда болды. Мына суретте АҚШ елінің Даллас қаласындағы аспанмен таласқан үйлер бейнеленген. Алғашқы көп қабатты үйлер Римде, Аравияда салынған. Олар 4-5қабаттан биік болған жоқ. Аспанмен таласқан алғашқы биік үйлер 19 ғасырдың аяғында АҚШ-та салынған. Қазіргі кездегі ең биік құрылыс Гонконгтегі Нина мұнарасы. Оның биіктігі 520 метр. Ал Дубайда биіктігі 800 метрден асатын мұнараның құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Сәулетші де суретші сияқты шығармашылық ой иесі болуы тиіс. Суретшінің қиялынсыз ол әдемі ғимараттар мен құрылыстар туғыза алмайды. Мына Сидней қаласындағы опера театрының ғимараты ақ желкендерден аумайды емес пе? Ал Торонтодағы телемұнара аспанға атылған ракета тәрізді. Әсем қала Алматы да өзінің қазіргі заманға сай ғимараттарымен мақтана алады. Алматыдағы піскен бидай масағына ұқсайтын «Қазақстан» қонақ үйі - қалағакөрік беруші құрылыстардың бірі. (163 сөз)
ashi-saba-azastandai-sulet-neri…
Ә мәтіні


Астананың көрнекті орындарының бірі – бейбітшілік пен келісім сарайы. Архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м, ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған, оның кіре берісі жер астында орналасқан. Бейбітшілік пен келісім сарайы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің өткізілетін орны ретінде әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердың жобасымен «Сембол Иншаат» Турциялық құрылыс компаниясы салды. Осы кешеннің ең басты ерекшелігі ғимарат Фибоначчидің алтын қима принципіне сәйкес салынған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет