Оқылым Тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз
А мәтіні Байдалы көп жасап қартайып, көз жанары кеміп жүруден қалған кезінде Қарқаралыға билік айтып жүрген Мерке деген адам болады. Көпті көрген, атағы шыққан, ескі адам деп естіп Байдалы сәлем айтып, бір кісі жібереді. Сәлемінде: «Аты аталған адамды білерлік адам деп естимін. Мен төрт түрлі дертке ұшырап қалдым, бұған ем тауып берері бар ма екен, айтып келші»,— депті. Жіберген адам барса, Мерке алқа-қотан жиналған топтың ортасында отыр екен, Тапсырған жұмысын айтқаннан кейін, Мерке отырып «Есіл, Байдекем-ай! Өлшеуден асқан жасы құрғырдың керегі жоқ екен-ау, бұл кісі де мұндай күйге ұшырап қалған екен!»—деп ренжиді. Отырған көп: «Бұл қалай, Байдекең төрт ауыз жұмбақ айтқан сияқты, біз түсінгеніміз жоқ. Өзіңіз түсініп ренжіген боларсыз. Көпшіліктің естуі лайық емес пе!» — депті. Сонда Мерке отырып:
— Байдекеңнің айтып отырғаны аса қиын сөз емес, өзінің басындағы халі екен. Айтып жіберген сөздері мынау: «Асусыз тауға кез болдым, өткелсіз суға кез болдым, жоқты жаяу көп қарай беретін болдым, аяусыз жаудың қолына кез болдым»,— дейді. Мұның үшеуі — асусыз тауға кез болғаны — тізесі сарбуын болып, аяғы жүруге келмейді екен. Өткелсіз суға кез болғаны көзін жас болдым дегені — тәрбиелеп, қасында отыратын бәйбішесі жоқ, шақшасын қарбалақтап көп іздеп, зорға тауып алып отырады екен. Аяусыз жаудың қолына кез болдым дегені — келін баланың қолында отыр екен.— Мен дертінің біреуіне ғана дауа айтам. Басқасын өлшеуден асқан жасынан көрсін. Қалта істетіп алса, жоқты жаяу қарай беруден құтылады,— депті. (218 сөз)
Ә мәтіні Шешендік сөздің талаптарының бірі – элокуция деп аталады, латын тілінен аударғанда «көркем айту, тілмен безендіру» деген мағынаны білдіреді. Тілдің дұрыстығы, айтатын сөздің айқындығы, орындалу реттілігі, жүйелілігі, сөзді, сөз тіркесін таңдап қолдану, тілдік көркемдік амал-тәсілдерін пайдалану мүмкіндігі – шешендік стильдің негізгі тілдік бірліктері. Мысалы: «мойнына отырып алған, мойнына мініп алу, арамтамаққа, асыраушысынан айырылған, қамқоршысы болу, ниеті қара, ақ ниетпен, аққа құдай жақ, алаяқ, арам, сұм, залым, таза, ниеті де таза, жаны да таза». Сонымен қатар, шешендік сөзде дайын сөз формалары қолданылады. Басқаша айтқанда стандартты (штамп) сөздер мен эмоционалды сөздер тізбегі қатар пайдаланылып, эмоцияға әсер беретін негізгі фактіні көрсететін тілдік бірліктер қатысады, олар стилистикалық категориялар мен стилистикалық ауыс мағыналардың негізінен тұрады. Яғни, шешеннің дәлелдемелерді пайдаланудағы оралымдылығы, икемділігі, дәлелдемелерді сөйлеген сөзінде орнымен орналастыра білуі оның стиль жатықтығынан, стиль шеберлігінен туындайды. ( 150 сөз)
https://www.zharar.com/kz/3319-sheshen.html 1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.