71
2-мәтін
Көші-қон мәселесі туралы орнықты пікір қалыптаспаған. Ғылыми негіздемесі
болмауы себепті, ғалымдар да бұл мәселеде әртүрлі көзқараста. Мысалы,
саясаттанушы Әзімбай Ғали «қазақ тезірек ұлт болып қалыптасу үшін
урбанизациялану үдерісін басынан өткеруі керек. Сондықтан, қазақтың қалаларға
ағылуы оң құбылыс. Ол халықтың ұлт ретіндегі бәсекелестік қабілетінің артуын
жеделдетеді» деген пікірді алға тартады. Ал ұлтшыл патриоттардың барлығы
дерлік керісінше пікір айтуда. Олар «қазақтың қалаға үдере көшуі ауылдарды
қаңыратты. Жағдай осылай жалғаса берсе, болашақта еліміздің азық-түлік
қауіпсіздігі әлсіреуімен қатар, ұлттық болмысымыздың қазынасын үздіксіз
толықтырып отыратын ортадан да ажырап қалуымыз мүмкін» - дейді.
Жалпы, бұл жерде төрелік айту қиын шаруа. Дегенмен, біздің ойымызша, Ә.Ғали
айтатын «урбанизациялану үдерісінен басынан өткеру» процесі ауылдағылардың
қалаға көшуімен шешіле салмайды. Ол үшін мемлекеттің экономикалық дамуы
урбанизациялану процесімен қатар, осы үрдісті қамтамасыз ете алатындай бағытта
құрылуы тиіс еді. Яғни ауылдан шыққан 18 бен 40 жас аралығындағы белсенді
азаматтар тұрақты табыс көзіне айналған жаңа мамандықтарды игеруге,
интеллектуалды тұрғыда өсуге, тұрғын үй мен әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге,
балаларына білім беруге, тегін медициналық көмекке, кез келген уақытта қажетті
мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне экономикалық жағдайлар
жасалынуы, осы мәселелердің алдын алу шаралары жасалуы керек бола-тұғын.
Сонда ғана көшіп келушілер жаңа ортамен шиеленіссіз, жылдам интеграцияланып
кетер еді. Яғни тарихшы ғалым айтып отырған «урбанизациялану» өркениетті
түрде жүзеге асар еді. Бірақ мәселе, шын мәнісінде, бұған қарама-қарсы бағытта
өрбіді. Мысалы, ауылдан көшкендердің барлығы дерлік ауыл мамандары -
тракторшы, малшы, егінші т.с.с. Ал енді олар қалаға келгенде тіптен басқа
кәсіптермен айналысуға тура келді. Көбісі саудаға кетті, шағын өндірістерде,
қызмет көрсету салаларында еңбек етуде. Нәтижесінде, біздің қоғам «ауылдық
жерде өте қат дайын мамандарын жоғалтты. Ал олардың қалаларда игерген
мамандығының сапасы сын көтермейтіндей болып шықты. Сөйтіп, мемлекеттің
жалпы бәсекелестік қабілеті артудың орнына төмен қарай құлдырады. Шынында
да, кейінгі кезде Үкімет «Жастар - ауылға!» - деп ұран көтеріп, жастармен «жағдай
жасаймыз» деп «келіссөз» жүргізе бастауының өзі - осы мәселенің қалай ушығып
бара жатқанын мойындаудың көрінісі. Сөйтіп, біз бұған дейінгі қалаларға лап
қойған көші-қоннан «қазақ ұлтының урбанизациялануын» көре алмадық.
Керісінше, кері кету, өз болмысынан алшақтау, қазақы дәстүрінен ауытқу, ұлттық
болмысты жоғалта бастау сияқты құбылыстарды бойымызға көбірек сіңірдік десе
болады.
kz
Достарыңызбен бөлісу: