Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Барлығы 
40 минут 
30 
 
 
 
 
 
 
 


70 
 «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
 
 
1-нұсқа 
 
Тыңдалым мен айтылым 
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
3. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер 
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер 
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің көздеген мақсатты аудиториясы кімдер? Автор 
мақсатты аудитория үшін қандай терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, 
қолданады? Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріп, баға беріңіз және сөйлеудегі 
интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз. 
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп 
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді 
қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. 
[10] 
1-мәтін 
Миграция - судың арна табуына ұқсас құбылыс. Тек мұнда судың орнына адамдар нөпірі 
өмір сүруге қолайлы мекендерге қарай лықсиды. Мысалы, миграциялық процестер бүкіл 
әлемде үздіксіз жүруде. Халықаралық ұйымдардың есебі бойынша, қоныс аударушыларды 
қызықтырушы мекендер (арна) қатарына Океания - 48%, Солтүстік Америка - 22,8%, Еуропа 
- 15,8% жатады екен. Ал Латын Америкасы мен Кариб бассейні аралығындағы елдерден, 
керісінше, көшіп кету басым (-15%). Осы есеп бойынша 1990 жылғы 16 298,3 халық санымен 
Қазақстан да теріс сальдода тұрған еді, тек соңғы санақ қорытындысы бойынша оң 
көрсеткіштерге жеттік (16 402 881 адам). Мемлекеттің теріс миграциялық сальдоға енуіне, ең 
алдымен, мемлекеттегі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлар әсер етеді. 90-шы 
жылдары КСРО сияқты алып мемлекеттің ыдырауы себепті Қазақстанда ауыр 
экономикалық-әлеуметтік жағдай орын алды. Сол кезде өз тарихи Отандарына немістер, 
гректер, поляктар және орыстар жаппай қоныс аударды. Олардың орнын ауыл қазақтары 
толтыра бастады. Бірақ бұл - ауыл тұрғындарының қалаларға жаппай бет бұруының басты 
себебі емес. Оған ең алдымен, еліміздің ауылды жекешелендіру кезеңіндегі жіберілген 
өрескел қателіктер басты себеп болды. Ауыл жағдайының күрт төмендеуі және ондағы 
жаппай жұмыссыздық ауылдықтардың қалалар мен ірі елді мекендерге жаппай ағылуына 
әкелді. Ал қалалар мен ірі елді мекендер мұндай көш тасқынын қабылдауға әзір емес еді. 
Стихиялы түрде жүріп жатқан көші-қонның мемлекеттің тұрақты дамуына қаншалықты 
қауіп төндіре алатыны айқын емес. «Қазақстанның демографиялық есебінің» 2008 жылғы 
жинағында мынадай деректер келтіріледі: 1999 жылы ішкі көші-қон 232,4 мың адамды, 2006 
жылы - 295,1 мың адамды, 2007 жылы - 311,7 мың адамды қамтыған. Көшіп-қонушылардың 
басым көпшілігі 18-40 жас аралығындағы қазақ ұлтының өкілдері: олар көшкіншілердің 1999 
жылы - 69,4%-ын, 2006 жылы - 79,1%-ын, ал 2007 жылы - 83,3%-ын құрайды. Яғни сыртқы 
көші-қонда өзге ұлт өкілдерінің Қазақстаннан кетуі басым болса, ішкі көші-қонның негізін 
қазақтар құрайды екен. Біз бұл есептің қандай жолмен жасалғанын білмейміз. Дегенмен, ішкі 
көші-қонның ауқымы бұдан да зор болар деп ойлаймыз. Себебі, Қазақстанда бұрынғы 
құжатпен тіркелу институты жойылды да, ішкі миграция стихиялық бағытқа бет бұрды. 
Мысалы, жыл сайын ауыл мектебін бітірушілердің ауылда қалатыны некен-саяқ болуы әдетті 
жағдайға айналды. Олардың көбі еліміздің түпкір -түкпіріне шашырап кетуде. Ауылда 
олардың болашағына алаңдап, белсенді еңбекке жарамсыз ата-аналары қалуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет