Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет61/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Дереккөз: infourok.ru 
 
 


89 
2-мәтін 
 
Туризм саяхаттардың ерекше түрі болып табылады, бірақ жалпы саяхаттар ұғымынан 
ерекшеленетін шектеулерге, сипаттамаларға ие. Туризмнің көптеген мағыналық 
анықтамалары бар. Туристік саяхатқа, туристік сапарға, жорыққа қатысатын адам жалпы 
түрде турист деп аталады. Саяхатпен салыстырсақ, туризм дегеніміз экономика мен 
саясаттың күшті ықпалындағы категория, сонымен қатар, осы құбылыстың ішкі 
табиғатының дуализмі (екі қырлылығы) байқалады, себебі, туризм дегеніміз – а) туристер 
анық туристік мақсаттарында жасайтын саяхаттардың бұқаралық ерекше түрі, яғни бұл 
туристің өзінің іс-әрекеті (туристік іс-әрекетінің субъекті); ә) осындай саяхаттарды 
ұйымдастыру мен іске асыру іс-әрекеті, яғни туристік іс-әрекет. Бұл іс-әрекет туризм 
индустриясының әртүрлі кәсіпорындарымен (туристік ісәрекет объектімен) іске асырылады. 
Туризмді ең алдымен, саяхат деп есептесек, туризм негізі өте ежелгі уақытта жатыр. 
Адамзаттың жазбалы тарихы пайда болуынан бұрын саяхаттардың көне түрлері дүниеге 
келген. Ежелгі Грекия мен Римде өркендеген антикалық дәуірде өркениеттің жоғары 
дамуына, қолы бос, «еріккен», мәдениеті жоғары бай таптың бар болуына байланысты, 
туризмнің қазіргі мағынасына жақын, саяхаттардың рекреациялық және танымдық түрлері 
орын тапқан. Грек пен Рим саяхатшыларының ең жиі баратын жері Мысыр болған. Барған 
жерлерінде өз аттарын тасқа қашап қалдыра берген. Ғылымда осындай жазбалар «граффити» 
деп аталады (граффити итальяндық graffiti – қашалған, тырнап жасалған деген сөзден 
шыққан). Граффити таса жерлерде ғасырлар бойы сақталып, гректер мен римдықтардың 
Мысырға барып жүргендігін растайтын «құжат» болып қалған.
Оқылым 
Тапсырма 
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында елімізде «Қазақ туризм» ұлттық 
компаниясы құрылды. Аталмыш компанияның алғашқы міндеті – еліміздің туристік әлеуетін 
шетелде насихаттау болса, екіншісі – осы салаға инвестиция тарту. «Қазіргі кезде көптеген 
шетелдік инвесторлар Қазақстанның туристік саласына инвестиция салуға мүдделі. Себебі 
Қазақстанның табиғи ландшафты ерекше және ең бастысы – бізде қауіпсіз және 
халықаралық тәжірибе бар. Барлық белді мемлекеттерде туристік компаниялар бар», – деді 
жаңа компания туралы ақпарат берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек 
Мұхамедиұлы. «Қазақ туризм» компаниясы алдағы уақытта еліміздегі өңірлердің 
ерекшелігін ескеріп, аймақтық имидж қалыптастыру және маркетинг жұмыстарын жүргізу 
ісін қолға алады. Сондай-ақ, қай облыста қандай демалыс түрлері ұйымдастырылатынын 
және қандай туристік бағыт болатынын белгілеумен айналыспақ. 
Туризм саласы – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық 
сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны 
төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің 
қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының 
белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне 
айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халықаралық байланыста 
және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. 
Міне, сондықтан, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып, еліміздің 
туристік әлеуетін қуаттандыру үшін нақты шараларды жүзеге асыруға тырысуда. Маусым 
айында басталған халықаралық ЭКСПО көрмесі осы міндеттерді жүзеге асыруға үлкен 


90 
үлесін тигізетіні сөзсіз. Халықаралық көрмені бір айдың ішінде ел азаматтарымен бірге 
шетелдік турист, еріктілерді қосқанда 5 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген. 
 
1. Мәтіннің жанры қандай? 
А. әңгіме 
В. баяндама 
С.хат 
Д. эссе
[1] 
2. Мәтін неше бөліктен тұрады? 
А.1 
В.2 
С.3 
Д.5 
[1] 
3. Мәтіннің құрылымына талдау жасаңыз (кіріспе, негізгі, қорытынды). 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 
[3] 
4. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз, дәлелдеңіз. 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 
[2] 
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз. 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[3] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет