1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
ЭКСПО-2017 қонақтарының пікірі:
Нұрай Сәлібаева, Шымкент:
– Біз апалы-сіңлілер болып ЭКСПО көрмесін аралап жүрміз. Бұл дегеніңіз екі айналып келмейтін керемет жаһандық шара ғой. Сондықтан, жүрегінде Отанына деген махаббаты бар әрбір адам осы көрмеге келіп, көруі тиіс деп ойлаймын.
Бүгін екінші күн көрмені аралап отырмыз. Бастапқыда шеттегі Ресей, Монака, Германия павильондарын араладық. Бәрі де тамаша. Павильондардың ішіне кірсең, әлемді аралағандай боласың. Біреу телефон соқса, «Біз АҚШ-та жүрміз, енді Францияға барамыз» деп сөйлейсің, керемет емес пе?! Құдды ғаламшарды айналып жүргендей күй кешіп жүрміз. Қазақтың атын дүние жүзіне танытатын мұндай ірі халықаралық шаралар елімізде өте берсін деймін. Бұл өскелең ұрпақтың санасына Отанына деген мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Қазақтың басынан той арылмасын, еліміз тыныш, бесігіміз тек тыныштықта тербелсін деймін.
Лаура Флорес, Панаманың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:
- Ең алдымен, EXPO 2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізгеніне алғысымды айтамын! Шараға Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің елдері де қатысты. Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы белсенділігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бастамаларыңыз бен осы қозғалыстағы көшбасшылық үшін көп рақмет!
(135 сөз)
https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
а) Мәтін кімдерге арналып айтылған? Аудиториясы кімдер?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ә) Мәтінде қолданылып тұрған көркемдегіш құралдарды анықтаңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?
Эпитет______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Теңеу______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Перифраза__________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Мәтіндегі жай сөйлемдерді кестеге сәйкес етіп құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.
Ұласпалы интонация
|
Жалғаулықты шылау
|
Б ағыныңқы басыңқы
|
|
|
|
|