Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. «Болжау кестесі» әдісі арқылы тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңыз.
«ЭКСПО - 2017» көрмесі және Қазақстан Біздің планетамыз және ондағы адамзат өмірі үнемі өзгеріп отырады. Әр дәуірдіңөз қиындықтары, әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар. ХХІ ғасырда табиғат ресурстарының кең көлемде игерілуі және адамдардың мұқтажына жұмсалуы, сондай-ақ отын энергетика саласындағы антропогендік әрекеттер бұрын-соңды болмаған экологиялық мәселелер мен табиғат апаттарын туғызуда. Дүниежүзілік жиын да шикізатты қарқынды өндірудің, өңдеудің нәтижесінде отын қорының азайып бара жатқаны туралы айтып, баламалы қуат көздерін тұтыну үрдісіне өту жайлы бірегей идея мен тың ой салған бірден-бір мемлекет – біздің еліміз, яғни Қазақстан. «Жасыл планетаны» құру мақсатында «ЭКСПО-2017: болашақтың қуаты» деген жаңа жобаны ұсынды. Ғасырға жуық тарихы бар ауқымды көрме Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Әлемдік маңызы бар іс-шараға дайындық барысында ұйымдастырушы мемлекеттің алдында үлкен мақсат, жауапкершілік және міндеттер тұрады. Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдай жасалды. Жалпы, тарихи сараптамаға сенсек, ЭКСПО көрмесі дүниежүзіндегі туристік тартылымы жоғары іс-шаралардың біріне кіреді екен. Туристердің көңілінен шығу үшін астнамызда бірнеше жыл ішінде модерн стиліндегі ғимараттар мен павильондар бой түзеді. Индустриализацияның негізгі символы болып табылатын халықаралық көрменің елімізге берері зор. Табиғи кеніштердің сарқылып, экологияның ластануы дабыл қағатын деңгейге жеткен сәтте тек адамдар ғана бұл процесті тоқтата алады. Мұндай ғаламат бастамалар келешекте табиғатқа зиян келтірмейтін қуат көздерін тұтынуға жол ашады және экологиялық мәселелердің шешімін тауып, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бастамасы болады.