Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 8-сынып Қ


© Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қ. 2020



бет2/34
Дата18.05.2022
өлшемі229,83 Kb.
#34886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
8 сынып әдебиет Абуева Р

© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020


МАЗМҰНЫ

Кіріспе...................................................................................................................................................4


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар..........................................................................................................................................5
«Дананың сөзі-ақылдың көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.................................................6
«Дананың сөзі-ақылдың көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау...............................................11
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................................15
«Көркем әдебиет» және эпикалық сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау...........................16
«Көркем әдебиет» және эпикалық сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау...........................22
3-тоқсанбойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................................28
«Махаббат және абырой» бөлімі бойынша жиынтық бағалау»....................................................29
«Махаббат және абырой» бөлімі бойынша жиынтық бағалау»................................................... 35
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.................................................. 41
«Қиял мен шындық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............................................................. 42
«Қиял мен шындық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............................................................. 48

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы............................................................... 53


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы.............................................................. 66
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы............................................................... 79
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы............................................................... 91
Қорытынды......................................................................................................................................102
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................................................103


КІРІСПЕ
Жиынтық бағалауға бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге 8-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау,ұйымдастыру және өткізуге көмекші құрал ретінде құрастырылған.
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлімде ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармадағы бейнелі суреттеулерді, шығармадағы ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді.
Осыған орай шығармалар бойынша өзінің көзқарасын дәлелдермен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармалардың тілдік ерекшеліктерін, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, сыни көзқарастарын талдайды.
Сондай-ақ қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоймай келе жатқан осы туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. 8-сыныптарда әдебиет теориясынан түсініктерді мақсатты түрде игеруге және көркем шығарманың мазмұнын түсіне білуіне зер салынады. Сонымен қатар оқушылар мәтіндердегі көркем сөз айшықтарын (теңеу, метафора, эпитет, метонимия т.б) тауып қана қоймай, олардың мәнін, көркем мәтіннің табиғи ажарын келтірудегі қызметін ажыратып тануға ден қояды. Әртүрлі суреттерді сөзбен бейнелеуді үйренеді, жанр ұғымын ашады, белгілі бір сөздердің мағынасын, композициялық құрылымын талдай алады. Және де оқу барысындағы оқу жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін байқай алады.
Әдістемелік ұсыныстарды бөлімге ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлерімен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Осы негізді көркем шығармадағы астарлы ойды талдайды, шығарма оқиғаларын қазіргі өмірмен байланыстырады. Туындыдағы мәселеге өз ойын қосып, эссе жазады немесе ауызша ой қорытады.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкіндік деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет