2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
І нұсқа Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру- 5 минут
Анализ және интерпретация-15 минут
Бағалау әне салыстыру- 20 минут
Балл саны- 30 Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады:
бірінші бөлім-түсіну және жауап беру;
екінші бөлім-анализ және интерпретация;
үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы *Тапсырма
8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
8.1.4.1 Көркем шығармалар
дан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
10
5
6-8
8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
8.2.2.1 -автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп
креативті жазу
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
10
15
9
8.3.4.1 Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20
10
Барлығы
40 минут
30
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ 1. М. Мөңкеұлының отарлаушыларды батыл әшкерлеген өлеңдері
А) «Бір досқа»
В) «Мұраттың жалпыға айтқаны»
С) «Қазтуған»
Д) «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай» [1]
2. Мұрат Мөңкеұлының шоқтығы биік толғауы
А) «Үш қиян»
В) «Сарыарқа»
С) «Қарасай-Қази»
D) «Шәлгез» [1]
3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды?
А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі
В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы
D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы [1]
4. Берілген өлең жолдары Шәкәрім ақынның қай поэмасынан алынған?
Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың,
Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.
«Сақтыққа қорлық жүрмес» деген бар ғой,
Сақтанбасаң, артқыға сөз боларсың» [1]
А) «Қалқаман-Мамыр»
В) «Еңлік- Кебек»
С) «Ләйлі- Мәжнүн»
Д) «Нартайлақ-Айсұлу» [1]
5. Шәкәрімнің Абайды үлгі алуға шақыратын өлеңі
А) «Насихат»
В) «Жастарға»
С) «Дүние мен өмір»
Д)«Сен ғылымға» [1]
2-БӨЛІМ 6. М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында «Ай орнынан туады, Күн орнынан туады, Бұның бәрі aдамнан» деген жырау сөзінен не аңғардыңдар? Өзгеретін адам ба, заман ба?
Пікірлеріңді 3-4 сөйлеммен білдіріңдер.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[5]