Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі


© Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қ. 2020



бет2/98
Дата22.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#39811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
6-сынып қазақ тілі

© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020


МАЗМҰНЫ

Кіріспе ............................................................................................................................. 4


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ................................ 5
1-бөлім, І нұсқа «Қазақстандағы көрікті жерлер» ...................................................... 6
1-бөлім, ІІ нұсқа «Қазақстандағы көрікті жерлер» .................................................. 10
2-бөлім, І нұсқа «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі» ....................................................................................................................... 14
2-бөлім, ІІ нұсқа «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі» ....................................................................................................................... 19
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 24
1-бөлім, І нұсқа «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» .......................................... 25
1-бөлім, ІІ нұсқа «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» ......................................... 28
2-бөлім, І нұсқа «Тарихи тұлғалар» ........................................................................... 31
2-бөлім, ІІ нұсқа «Тарихи тұлғалар» .......................................................................... 34
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 37
1-бөлім, І нұсқа «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» ........................ 38
1-бөлім, ІІ нұсқа «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» ....................... 41
2-бөлім, І нұсқа «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» .............................................. 45
2-бөлім, ІІ нұсқа «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» ............................................ 48
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 53
1-бөлім, І нұсқа «Әлемдегі ірі кітапханалар» ........................................................... 54
1-бөлім, ІІ нұсқа «Әлемдегі ірі кітапханалар» .......................................................... 58
2-бөлім, І нұсқа «Ғылым мен технология жетістіктері» .......................................... 62
2-бөлім, ІІ нұсқа «Ғылым мен технология жетістіктері» ........................................ 67
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 72
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 87
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ............................ 102
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ............................ 117
Қорытынды ................................................................................................................. 134
Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................... 135

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отырғаны белгілі. Ең бастысы – жеке тұлға, жеке тұлғаны қалыптастыру және оларды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Осыған орай оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, жүзеге асырылуда. Олардың бәрінде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Өйткені жеке тұлға өзінің әрекеті арқылы ғана дами алады.


Баланың білім алу, даму іс-әрекеттерін осы мақсатта сауатты ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білім алуға ұмтылуына түрткі бола білу мұғалімнің үнемі педагогикалық ізденісте болуын талап етеді. 6-сыныптарға арналған (оқыту қазақ тілінде) қазақ тілі пәнінен «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» атты көмекші құрал ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындап ұсынылған.
Білім алушылар тарау бойынша тақырыптарды қалай қабылдағанын, қалай меңгергенін тексеру үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары құрастырылған.
Әдістемелік көмекші құрал білім алушының міндетті деңгейдегі білімді меңгеруіне, оны ынталандыруға мүмкіндік береді және тағы да тиімді жағы – білім алушының дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылып жүрген балл жинау әдісіне баулу. Көбірек балл жинауға ұмтылу арқылы оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы, ынтасы артады, өз білімін өзі бағалай білуге үйренеді.
Әдістемелік көмекші құрал «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына, «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.
Әдістемелік көмекші құрал жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу жоспарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік көмекші құралда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (мәтіндер, қосымша көркем әдебиеттер мен оқулықтар) қолданылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет