Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет30/98
Дата22.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#39811
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   98
Байланысты:
6-сынып қазақ тілі

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, берілген мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз.


Су өмір нәрі
Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қатысты талай деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдік 80-95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Ол қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су болады. Оның мөлшері 17 кг емісе адам өледі.
Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді. Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99% судан тұрады. Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98% судан құралады.
Адам салмағының 65% су десек, соның 10-20 %-нан айырылса тіршілік тоқтайды. Адамның тамағына және ішуіне тәулігіне 2-3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.
1 кг картоп өсіруге 300 литр, 1 кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке одан да көп су қажет.
1 тонна шойын қорытуға - 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.
Адам денесіндегі бүкіл майынан , белоктарының едәуір бөлігінен айырылса тірі қалуы мүмкін, бірақ организмдегі судың қоры үнемі толықтырылып отыру керек: сусыз бірнеше күн ғана жан сақтауға болады.
Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін қажет.
Су болып тұрғанда организімде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады. (245 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/374




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет