Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет16/65
Дата22.10.2022
өлшемі1,59 Mb.
#44860
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К

Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

Қолдану




Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
Берілген мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.


Бүркіт

Қазақстан мен Қырғызстанда бүркітті баяғы заманнан-ақ аң аулау үшін баптаған. Ол қоян, түлкі сияқты аңдарды аулауға тез жаттығады.


Бүркіт – мекен-жай ауыстыра бермейтін отырықшы кұс. Ұясын тұрған жерінің жағдайына қарай діңі жуан ағаштардың қуысына, кұз жартастарға, мықты талдарға салады. Бүркіттің ұясы кәдімгідей орнықты кұрылыс. Оның биіктігі кейде екі метрдей болады. Табанына кепкен шөптен, жүн мен қауырсыннан жұмсақ төсеніш салады.
Бүркіттің ұрғашысы еркегінен ірілеу келеді. Екеуінің де қауырсыны қара қошқыл, кей жері сарғыштау болады. Ұясына 1-3 жұмыртқа салады. Оны 45 күн басады. Басты «жылытқыш», әрине, аналық бүркіт. Әйтсе де, еркегі де болашақ ұрпағын аз уақыт та болса бауырына басып жылытады.
Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады. Өмір сүрудің алғашқы әліппесін үйренеді. Үш айлығында еркін ұшып-қона алады.
(115 сөз)
(http://bilim-all.kz)

Мәтінді негізге ала отырып төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


1. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.
А) Бүркітті аң аулау үшін баптаған.
Ә) Ұясын кұз жартастарға салады.
Б) Балапандар үш айлығында еркін ұшып-қона алады.
В) Бүркіт мекеніен жиі ауыстырады.


2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Негізгі ақпарат:
1)____________________________________________________________________
2)____________________________________________________________________
Қосымша ақпарат:
1)____________________________________________________________________
2)____________________________________________________________________


3. Мәтіннен 4 омомним сөз табыңыз. Олардың омонимдік мағынасын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Төменде берілген сөздердің антонимін айтыңыз.


Тез – ________________________
Жұмсақ – ____________________
Көтерілу – ___________________
Баяу – _______________________

5. Мәтіннен төменде берілген сөздердің синонимін табыңыз.


Қалың _________________________
Мамық ________________________
Жылытады _____________________
Салады ________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет