Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет78/82
Дата03.02.2022
өлшемі2,04 Mb.
#24803
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
9 сынып Мырзабекова Қ

Оқылым

Тапсырма

[10]
1. Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.

2. Көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрағын құрастырыңыз.

Қазақстандағы БАҚ-тың рөлі және ұлттық идея

Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен БАҚ бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:

- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;

- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;

- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;

- тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады.

БАҚ – бұл мемлекеттік идеология құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі БАҚ-ы үшін өзекті мәселе болып табылады.

(144 сөз)



https://tilalemi.kz/article/818-.html

Талдау____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ:

1.__________________________________________________________________________________________________________________________________________



2.__________________________________________________________________________________________________________________________________________3.__________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет