«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
Оқу мақсаты:
10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.
Бағалау критерийлері:
● Мәтіндегі(дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады;
● Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Жоғары деңгей
Уақыты:
15-20 минут
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр, тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.
Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін және «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады.(280 сөз). http://stat.qov.kz/faces/
Мәтіннен отандық өндіріске қатысты (5-7) терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдаңыз.
3 Сіздер мектепте «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығатын өнімдердің болашағын талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында отандық өнімдердің сапасын қалай жақсартуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Осы тақырып аясында мәтіннен іріктеп алынған ақпараттарды талғаммен қолдана отырып, сөз сөйлеңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________