Байланысты: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының-emirsaba.org (1)
Ұлттық құндылық – ел бірлігі Әр халықтың өзіне тән ұлттық құндылықтар болатыны аян. Қазақ халқына тән ұлттық құндылықтарды жіпке тізер болсақ ең бірінші халық тұрар еді.
Халық – елдің басты байлығы, ұрпағы оның сол құндылық жапырақ жаюы.
Қазақ халқы ұрпағынан асқан байлық бар деп ойламаған халық – біздің халқымыз.
Бүгінгі таңда шегарасын белгілеп, тәуелсіздігін ашып, тілін, дінін ардақтап, өркениеті мен де мәдениеті мен де әлемге танылған – қазақ халқы. Он жеті миллионнан тұратын халқымның басты тілегі – бірлік, ел тыныштығы, ұрпақтың аманшылығы.
Ұлттық байлықтың ең бастысы адамның өмір сүруіне ең қажетті байлық – ана тілі. Тіпті дініміз де салт-дәстүрлеріміз де, тарихи жәдігерлеріміз де мәдениетіміз, тарихымыз да ұлттық өнеріміз де барлық материалдық байлықтарымыз да тіл арқылы сақталып, баяндалып келген.
Ана тілінің құдіреті деген осы! Өзге елдерге жеткізетін де, олардан озып өтемін десек те ғылым – білім арқылы жетеміз. Сол ғылымның өзі Ана тіліміз бен жазылып жастар санасына сінеді. Ұлы педагог Макаренко: « Бес жасар бала – қалыптасып біткен бала», – деген болса, сол жас баланың білім алуы, денсаулығы, салт-дәстүрді білу, дінін, тілін сақтауы, өркениетке қадам басуы, кәсіби маман болуы, өмірден өз орнын табуың – бәріне біздің ұлттық құндылықтарымыздың әсер етуімен қалыптасады.
«Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, сол арқылы өз тілін сүйеді, төл әдебиеті мұраларын сүйіп оқиды, өз халқының тарихын өткені мен бүгінгісін ойлайды, тарихы жайлы толғанады», – деген еді халқымыздың сүйікті ұлы күрескер-кемеңгеріміз Мұстафа Шоқай.
Тіліміздің мерейін асқақтату – біз жастардың басты міндеті, ұлттық құндылығымызды сақтауды – басты мақсатымыз деп білуіміз керек. Латвияда тіл жөніндегі полицейлер қызмет етеді екен. Олар қоғамдық орындарда, көліктерде көшені аралай жүріп, орысша сөйлегендерге айыппұл салады екен. Бұл да әр ел өзінің ең басты ұлттық құндылығы – ана тілін сақтай білсін деген көзқарастан туындаса керек. (262 сөз). http://sabaq.kz/ 2) Қазіргі таңда қазақ жерінде түрлі мәдениеттер, діндер, ұлттар мен ұлыстар тоғысуда. Қазақтардың өзі бір мезгілде бірнеше түрлі мәдениет пен өркениеттің өкіліне айналуда...Қалай ойлайсыз, әлемдік өркениетке қол жеткіземіз деп жүріп, ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалмаймыз ба? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, «келісу, келіспеу» эссесін жазыңыз. Эссе жазу барысында төмендегі клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.
1 абзац Кіріспе сөз тіркестері / фразалар/. - Бұл халық арасында саналады...
- Адамдар жиі бекітеді, ..
- Көп адамдар ойлайды, ..
- Кейбір адамдар қарсы...
абзац
Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар
Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім
Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім
Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар
Айтылғандай, мен соның пайдасына ... бірнеше себептерге