білім басқармасының
оқу-әдістемелік кабинетінің
«_»қыркүйек2022 жылғы
№__ бұйрығына қосымша
«Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналады» атты
Буктрейлер құру байқауы (онлайн) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже "Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналады" атты облыстық буктрейлерқұрубайқауы (бұдан әрі-Байқау) өткізу тәртібін, байқаудың Ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) қатысу шарттары мен құрамын айқындайды.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
М.Әуезовтің шығармасы немесе М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы
кітап бойынша буктрейлер дайындау.
Міндеттері:
оқушылардың шығармашылық оқуын жандандыру және дамыту;
болашақ оқырманды қызықтыру және таң қалдыру, оқиға желісіне және көркем шығарманың кейіпкерлеріне назар аудару.
кітаптың қазіргі отбасындағы рөлі мен орнын күшейту;
М.Әуезовтің шығармаларына, жазушының тұлғасына, тағдырына назар
аудару, оның шығармашылығымен кеңінен танысу;
отбасылық оқуды насихаттау;
Буктрейлерді жасау кезінде бейнелерді, иллюстрацияларды, фотосуреттерді,
кітап мұқабаларын пайдалану.
3. Байқауды өткізу кезеңдері
3.1. Байқау онлайн режимінде үш кезеңде өткізіледі:
1. І мектепішілік кезең - 2022 жылдың 26 қыркүйегіне дейін.
2. ІІ аудандық (қалалық) кезең – 2022 жылдың 3 қазанына дейін.
3. ІІІ облыстық кезең – 2022 жылдың 10 қазанына дейін.
4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4.1. Байқауға 7-8 сынып оқушылары қатысады (әр ауданнан 3 қатысушы).
4.2.Аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1қосымша), қазылар алқасының хаттамаларының көшірмесі 2022 жылдың 6 қазанына дейін Madina_rahym@mail.ruэлектронды поштасында қабылданады.
4.3.І орынға ие болған аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.
4.4. Байқауға қатысуға авторлық жұмыстар немесе авторлар ұжымының жұмыстары (3 оқушыдан артық емес) жіберіледі.
4.5. Қатысу үшін қатысушыдан бір ғана жұмыс немесе авторлар тобынан бір жұмыс ұсынылады.
5.Байқаудың мазмұны
5.1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Ең үздік контент» номинациясы;
- «Ең үздік шығарма» номинациясы;
- «Ең үздік иллюстрация» номинациясы;
- «Үздік еңбектер жинағы» номинациясы;
6. Ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар және байқау кезеңдері
6.1 Буктрейлер-заманауи арнайы эффектілер мен анимацияларды қолдана отырып, кез-келген кітап туралы еркін көркем түрде баяндайтын бейнебаян.
6.2. Буктрейлер Мұхтар Әуезовтің шығармасы немесе оның өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптарының негізінде жасалады.
6.3. Буктрейлердің ұзақтығы 3 -минут.
6.4. Бағалау критерийлері:
- тақырыпты ашудың толықтығы мен тереңдігі;
- тақырыпты ашу ерекшелігі;
- жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалана білуі;
-көрнекі құралдарды пайдалануы;
- кітаптарға назар аудара отырып, оқуды насихаттауы.
7. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
Білім беру ұйымдарына байқаудың өткізілуі туралы хат жолданады.
Байқау 2022 жылдың 10қазан күні өткізіледі.
3. Байқауды ұйымдастыру, өткізу және бірінші және екінші кезең қорытындыларын шығару, жеңімпаздарды марапаттау үшін аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері мен қазылар алқасы құрылады.
4.Ұйымдастыру комитеті байқау туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратады, қазылар алқасының жұмысын қамтамасыз етіп, байқау жеңімпаздарын марапаттаудың нысандары мен тәртібін белгілейді.
5. Байқаудың ІІІ облыстық кезеңінің қорытындысы 2022 жылдың қазан айында БАҚ-да жарияланады және облыстық білім басқармасының сайтында орналастырылатын болады.
8. Байқауды қорытындылау
- Қазылар алқасы байқаудың қатысушыларын тыңдайды және жеңімпаздарды анықтайды.
- Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Байқаудың жеңімпаздары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталады.
Қосымша
Буктрейлерлер құрубайқауытуралы Ережеге
" Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналады»
"Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы» атты
буктрейлерқұрубайқауына қатысуға
Сұраныс
1. Қатысушының тегі, аты (толық)
2. Байланыс телефоны
3. Жасы
4. Оқу орны
5. Байқаудағы жұмыстың атауы (авторы, кітаптың атауы)
Өтінімді толтыра отырып, Мен өзімнің дербес деректерімді өңдеуге келісім беремін — Иә
Достарыңызбен бөлісу: |