Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ – Әдістемелік кабинеті



бет3/37
Дата22.09.2022
өлшемі436,63 Kb.
#39812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
КІРІСПЕ

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік жинақ мұғалімдерге, 7-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жүйеліелі жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек ретінде «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» және 2019-2020 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: (2019 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттамасы) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Әдістемелік нұсқау хаты негізінде құрастырылды.


Әдістемелік жинақ 7-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу бағдарламасындағы мақсаттармен және күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Тапсырмалар түсінікті және ашық ақпаратты береді, білім беру процесінің барлық қатысушыларының қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырады.
Жиынтық бағалау тапсырмаларының негізгі критерийлері жоспарланған нәтижелер болып табылады. Бұл ретте бағалау нормалары мен критерийлері, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (БЖБ мен ТЖБ) нәтижелерін қою алгоритмі мұғалімдерге және білім алушыларға алдын ала белгілі болуы мақсатында жасалынды.
Бөлімде ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар жүйесі білім оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдыларын меңгере отырып, бағалау қызметіне қатысатындай етіп құрылады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоймай келе жатқан осы туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылды.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлімге ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Осы негізді көркем шығармадағы астарлы ойды талдайды, шығарма оқиғаларын қазіргі өмірмен байланыстырады. Туындыдағы мәселеге өз ойын қосып, эссе жазады немесе ауызша ой қорытады.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілді.
Ұсынылып отырған жинақ білім беру ұйымдарының 7-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша қазақ әдебиеті пәнінен жиынтық бағалау материалдары енгiзiліп, үлгі ретінде беріліп отыр. Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау үлгілерін өткізуде мұғалімге қажетті кеңес-ұсыныстар мен нұсқаулар берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет