Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті физика пәні бойынша 11 сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы Тараз 2022 ж. МазмұНЫ



бет26/32
Дата20.09.2023
өлшемі1,69 Mb.
#109182
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Жалпы балл: 30


1-тоқсан бойынша балл қою кестесі





Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

1

А=0,1 м
Т=4,0*10-2 с
ν=0,25*102 Гц
ω=1,57*102 рад/с

4




2

D

1






3

Механикалық тербеліс

Электромагниттік тербеліс

Физикалық шама
атауы

Белгіленуі немесе
формуласы

Физикалық шама
атауы

Белгіленуі немесе
формуласы

Ығысу

х

Заряд

q

Жылдамдық

υ=х’

Ток күші

i=q′

Масса







L

Қатаңдық коэффициенті

k

Сыйымдықққа кері шама

1/C

Күш

F=ma

Кернеу

u=ei=Li’




2




4

q(t)=8*10-6 cos105πt
Um=20 В
Im=2,5 A
L=25 мкГн
Ша­ма­лар­дың тәу­ел­ді­лік гра­фик­те­рін тұрғызады

3




5

Im=8,5 A
φ0=0,661 рад/с
ν=50 Гц

3




6



2




7

φ=π/2

2






8

Z≈111 Ом
φ=arctg(111/2)≈89°

4




9

Кедергілер үшбұрышын тұрғызады.

Z=5 Ом
cosφ=0,6

5




10



4




Жалпы балл

30


ІІ-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу




Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл

Тапсырма түрлері:


КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны

тапсырма

Тапсырма түрі

Орындау уақыты, мин

Балл

Бөлім бойынша балл

Толқындық қозғалыс

11.5.1.2 – графикалық әдісті қолданып түйіндер мен шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың пайда болуын түсіндіру;

Қолдану

3

1

ҚЖ

4

3

7

11.5.1.3 – судың бетінде екі көзде пайда болған интерференцияны зерттеу;

Жоғарғы деңгей дағдылары

2

ТЖ

6

3

11.5.1.4 – Гюйгенс принципін және механикалық толқындарда дифракциялық көріністі бақылаудың шарттарын түсіндіру;

Білу және түсіну

3

КТБ

1

1

Электромагниттік толқындар

11.5.2.3 – амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияны ажырату;

Білу және түсіну

3

4

ҚЖ

4

3

11

11.5.2.5 – аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру;

Білу және түсіну

5

ТЖ

3

2

11.5.2.6 – байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну;

Жоғарғы деңгей дағдылары

6

ТЖ

8

6

Толқындық оптика

11.6.1.2 – призма арқылы өткен кездегі ақ жарықтың жіктелуін түсіндіру;

Білу және түсіну

3

7

ҚЖ

2

2

12

11.6.1.4 – жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды бақылау шарттарын анықтау;

Қолдану

8

ҚЖ

5

4

11.6.1.6 – жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тордың көмегімен эксперимент арқылы анықтау:

Жоғарғы деңгей дағдылары

9

ҚЖ

7

6

Барлығы




9

9




40

30

30



Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1.Тұрғын толқынның екінші және төртінші түйіндерінің арақашықтығы 60 см.


Толқын көзінің тербеліс периоды 2 с.

а) механикалық толқынның ұзындығы мен таралу жылдамдығын анықтаңыз;


[2]
b) толқын көзінің тербеліс амплитудасы 5 см болса, қума және тұрғын толқын
графигін салыңыз; [1]

2.Екі интерференцияланатын толқындардың фазалар айырымы 5π . Осы толқындардың таралу жолдарының айырымы 1,25 мкм.


a) толқын ұзындығын анықтаңыз;


[2]
b) фазалар айырымы арқылы байқалатын құбылысты сипаттаңыз;
[1]

3.Гюйгенс принципін анықтаңыз:


А) бірін­ші рет­ті тол­қын­дар­дың орағытып өте­тін шеп­те­рі қо­рыт­қы тол­қын­ның ше­бі бо­лып са­на­ла­ды


В) ке­ңіс­тік­тің ау­ыт­қу жет­кен бар­лық нүк­те­ле­рі екін­ші рет­ті тол­қын көз­де­рі бо­лып та­бы­ла­ды
С) екінші ретті толқындарды қабаттастыру кезінде интерференция орындалады
D) екін­ші рет­ті тол­қын­дар­дың орағытып өте­тін шеп­те­рі қо­рыт­қы тол­қын­ның ше­бі бо­лып са­на­ла­ды
Е) ке­ңіс­тік­тің ау­ыт­қу жет­кен бар­лық нүк­те­ле­рі бірін­ші рет­ті тол­қын көз­де­рі бо­лып та­бы­ла­ды
[1]

4.Суретте жоғары жиіліктегі тербелістердің модуляциялануы бейнеленілген.





а) амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияны ажыратыңыз;


[1]
b) амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияның айырмашылықтары қандай екендігін сипаттап жазыңыз;
[2]

5. Сандық форматтағы сигналдың екі артықшылығын жазыңыз.


[2]

6. Суретте ADSL технологиясы көмегімен интернет, теледидар және телефон қызметтерін ұсынудың принциптік сұлбасы көрсетілген.



a) ADSL технологиясы көмегімен сигнал таратуды маңыздылығын бағалаңыз;


[2]
b) Кеңжолақты интернетті тарату технологияларын анықтамаларымен сәйкестендіріңіз;
[2]



1

NGN (Next Generation Network)

A

код­тық мо­ду­ля­ция­сы бар бір­не­ше мәр­те қол­же­тім­ді­лік

2

ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line)

B

үй­ге қо­сыл­ған оп­то­тал­шық­ты ка­бель

3

CDMA (Code Division Multiple Access)

C

асим­мет­рия­лы сан­дық або­не­нт­тік же­лі

4

EVDO (Evolution Data Optimized)

D

ке­ле­шек ұр­пақ­тың бай­ла­ныс же­лі­сі

5

FTTH (Fiber to the Home)

E

жақ­сар­тыл­ған, оп­ти­ми­за­ция­лан­ған ақпарат тасымалдау

c) оптикалық талшықтық коммуникациялық желінің екі артықшылығын толық бағалап жазыңыз; [2]


7. Суретте күн сәулесі призмаға келіп түскені бейнеленген.



а) суретте көрсетілген бос орынға спектр түрлерін жазыңыз;
[1]
b) В және С нүктелеріне сәйкес келетін жиілік пен толқын ұзындығын салыстырыңыз;
[1]
8. Тә­жі­ри­бе жү­зін­де су­дың сы­ну көр­сет­кі­ші кө­рі­не­тін спектр­дің шет­кі қы­зыл сәу­ле­ле­рі үшін 1,329, ал шет­кі күл­гін сәу­ле­ле­рі үшін 1,344 еке­ні анық­тал­ды.
a) қы­зыл жә­не күл­гін сәу­ле­лер­дің су­да та­ра­лу жыл­дам­ды­ғын анық­таң­ыз;
[2]
b) қай­сы­сы­ның жыл­дам­ды­ғы ар­тық жә­не қан­шаға? [2]

9. Суретте көрсетілгендей ұзындығы 1 мм-ге 1000 штрихы бар дифракциялық тор толқын ұзындығы 420 нм болатын монохроматикалық жарықтың параллель сәулесімен жарықтандырылады. Жарық торға перпендикуляр түседі. Дифракциялық торға жақын, оның артында жұқа жинайтын линза орналасқан. Тордың артында линзаның фокустық ұзындығына тең қашықтықта, дифракциялық сурет байқалатын экран торға параллель орналасқан.



Төменде берілген тұжырымдардың «АҚИҚАТ» немесе «ЖАЛҒАН» екендігін анықтаңыз.
νν
1) Бақыланатын дифракциялық максимумдардың ең жоғары реттілігі 2-ге тең.
[2]
2) Егер сіз құлаған жарықтың толқын ұзындығын арттырсаңыз, онда бақыланатын дифракциялық максимумдардың максималды реттілігі артады.
[1]
3) Егер сіз жарықтың толқын ұзындығын кемітсеңіз, экранда нөл мен бірінші дифракциялық максимумдар арасындағы қашықтық азаяды.
[1]
4) Егер сіз линзаны үлкен фокустық ұзындықпен басқасына ауыстырсаңыз және экранды линзадан экранға дейінгі қашықтық объективтің фокустық ұзындығына тең болатындай етіп орналастырсаңыз, онда нөлдік және бірінші дифракциялық максимумдар арасындағы экрандағы қашықтық азаяды.
[1]
5) Егер сіз дифракциялық торды периоды үлкен болатын тормен ауыстырсаңыз, онда бірінші дифракциялық максимум байқалатын бұрыш артады.
[1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет