ДИДАР
Жанаргүл Мұқатай
Ауыл шаруашылығын аяқтан шалған
шалағайлықтар
Шаһар
Ш
аруа
Ш
ылығы
кәсіпкерлік
салауатты ө
М
ір салты
Төменгі-Согра су іркуіші 1952 жыл-
дан, ал Солтүстік-Атаман су іркуіші
1992 жылдан бері жұмыс істеп келе
жатқанмен, әлі күнге бірде-бір рет
жаңартылмаған. Бұл жерден тәулігіне
320,0 мың текше метр су өтеді.
– Бүгінгі күні бұл су сорғыш стан-
сасы қаланың басым бөлігін сумен
қамтамасыз етіп отыр. Жұмыс барысында
бес ескі сорғыны жаңа алты сорғымен
алмастырамыз. Олар заман талабына
сай, қауіпсіз және энергия үнемдейтін
болады. Оның үстіне, судың келу жиілігін
реттейтін құрылғы құбырлардағы апат-
тың алдын алуға септігін тигізеді, – дей-
ді «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының
бөлім бастығы Наталья Лукерина.
Жөндеу жұмыстары кәсіпорынның өз
қаражаты есебінен жүргізілуде. Жаңарту
жұмыстары жоспарға сәйкес биылғы
мамыр айының соңына дейін аяқталуы
тиіс.
Шығыс-Ақпарат
Сауалнамаға мал шаруашылығы-
мен, халыққа қызмет көрсетумен, өнім
өндірумен, басқа да бизнес түрімен
айналысып жатқан 180 кәсіпкер қа-
тысты.
– Жасалған қорытынды «Бизнес-
тің жол картасы-2020», «Агробизнес-
2020» «Өнімділік-2020», «Моноқала-
ларды дамыту», «Өндіріс-2020» бағ-
дарламаларын жүзеге асырудың тиім-
ділігін арттыра түсу қажеттігін көрсетті.
Сауалға жауап бергендердің 79 пайы-
зы «Жұмыспен қамтудың жол кар-
тасы-2020» бағдарламасын тиімді
бағдарлама деп бағалап отыр, – дейді
аймақтағы кәсіпкерлер палатасының
дамыту бағдарламаларын талдау және
мониторинг жасау бөлімінің басшысы
Нұрлан Әлиев.
Кәсіпкерлердің 71 пайызы мемле-
кеттік
бағдарламаларға
қатысуға
кедергі болып отырған басты мәселе
– ұйымдарға («Даму», «КазАгро», т.б)
көп құжат жинап, тапсырудың әлегі
деп көрсеткен. Шағын бизнестегілер
бағдарламаға
қатысуға
іріктеу
талаптарының да жоғары болып
отырғанына наразылық білдірген.
Орталық директорының айтуынша,
жасөспірімдер мен балалардың айна-
лысатын негізгі спорт түрлері: волей-
бол, баскетбол, футбол, хоккей, күрес
және бокс. Өскемен қаласындағы
210 спорттық үйірмеде 6400 бала
спортпен айналысады. Қазіргі уақытта
балалардың қысқы спорт түрлеріне
деген белсенділігі жоғары.
– Шаһарымызда қысқы спорт
түрлерінен балалардың хоккейге де-
ген қызығушылығы ерекше. 2014-
2015 оқу жылындағы хоккейдің
ашылуы «Жұлдызша» атауымен сал-
танатты түрде өтті. Тұңғыш Президент
күніне орай қала мектептері арасында
хоккейден жарыс ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта шаңғыдан, қысқы
спорттық
бағдарлаудан,
қысқы
Президенттік
көпсайыстан
жарыс
өткізуді көздеп отырмыз, – дейді
Б.Қанапиянов.
Аян Өрібаев
Ауызсумен
қамтитын
нысандар
жаңартылады
Ең тиімді
бағдарлама
қайсысы?
Балалар мен
жасөспірімдердің
30 пайызы
спортпен
айналысады
Өскемендегі тұрғын үйлердің басым бөлігі мен ірі кәсіпорындарды
ауызсумен қамтып отырған Солтүстік-Атаман және Төменгі-Согра су
іркуіштердің құрылғылары жаңартылуда. Бұл жұмыстар былтыр басталған
болатын.
Облыс кәсіпкерлерінің палатасы қала, аудан бизнесмендерінің
аймақта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қатысты
көзқарасын білуге орай сауалнама жүргізді.
Өскемендік 6400 бала мен жасөспірім спортпен айналысады. Бұл тура-
лы облыстық ақпараттық орталықта өткен брифингте Өскемен қаласы-
ның мектепаралық денешынықтыру орталығының директоры Бақытжан
Қанапиянов мәлім етті.
МайШаММен қарайтын Мәселе
Моноқала
ЖұМыспен қаМту-2020
ШығыС ҚАзАҚСТАН ОБЛыСТыҚ гАзеТі
1931 Жылдың 24-қазанынан Шығады
сәрсенбі
21 қаңтар
№8 (17097)
2015 Жыл
www.media-vko.kz
облыс әкіМі: бағыт-бағдар
Балды құтыларға
құйып саудалайды
Мерей қайнарұлы
Әдетте бүгінгі жастар жұ-
мысты қаладан іздейді. Ал
Рустам Мұхамадиев Өскемен-
дегі жұмысын тастап, туған
ауылы Көкпектіге барып, омарта
шаруашылығын дамытуға кіріскен.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін
қаладағы «Қазақтелекомда» инженер бо-
лып жұмыс істеп жүрген Рустам омарташылар
семинарына қатысады. Жиында тәжірибелі
омарташылармен пікір алмаса келе, өзіне де ой
түйеді. Ара өсірушілер отбасынан шыққан ол
ойын іске асыру үшін ауылына қайтып, омарта
шаруашылығын дамытуды қолға алады.
Омарташылар отбасында туған Рус-
там Мұхамадиев кәсібін бастамас бұрын
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бо-
йынша алған несиесіне балды құтыларға
құятын арнайы құрылғы сатып алады.
Құрылғының көмегімен балды 20 грамдық
құтыларға құйып, келісімшарт бойынша мек-
тептерге өткізіп тұрады. Қазіргі кезде көкпекті-
лік оқушылар құрамында дәрумені мол балды
күнделікті тұтынуда.
– Бір жылдары ара шаруашылығына
көп көңіл бөліне бастады. Сол кезде мек-
теп оқушылары бал жеуі керек дегенді естіп,
осындай идея туындады. Өз ісімді бастау үшін
бағдарлама бойынша несиеге қол жеткіздім.
Қол жеткен несиеге Ресейден балды құтыларға
құятын станок алғыздым. Алғашында балды
құтыға құюды білмегендіктен біраз қиындықтар
болды. Ал қазір бастаған кәсібім жанданды, –
дейді жас омарташы Рустам Мұхамадиев.
Рустамда бүгінгі таңда екі жүзге жуық омар-
та бар. Оның жартысы тауда орналасса, қалған
жартысы көшпелі. Жаз айларында омарталар-
ды тасымалдау үшін жаңа трактор да сатып
алған. Жас кәсіпкердің айтуынша, омарташы-
лар жүргізуші де, дәнекерлеуші де, балташы
да болуы керек. Өйткені, ара шаруашылығы
жан-жақтылықты талап етеді. еңбекқор Рустам
Мұхамадиев омарта шаруашылығын дамыту-
ды жоспарлап отыр.
Көкпекті ауданы.
есімжан нақтыбайұлы
Кеше облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ «Азия Авто» акционерлік қоғамының жұмысымен, Өскемен қаласын абаттандыру жобала-
рымен танысты.
2
стр.
Бекіренің Ертіске оралар
күні жақын
2
-
бет
Күнбағысымыз көп болса да,
бағасы бәрінен қымбат. Неге?
3
-
бет
Мәшинені батпаққа батырып,
отқа ораған қария
6
-
бет
Әлем чемпионатында
жүлдегер атанды
6
-
бет
Тоғыз айда 100 мыңдық
межені бағындырды
«Азия Авто» кәсіпорны еуразиялық эко-
номикалық одақ кеңістігінде машина жасау
ісінің ірі ойыншысына айналуы тиіс. Алдағы
уақытта кәсіпорын алдына осындай міндет
қойылмақ. Аймақ басшысы кәсіпорынның осы
міндет үдесінен шығуға толық мүмкіндігі бар
екенін атады. Әуелі мұндағы машина құрас-
тыру технологияларымен танысқан аймақ
басшысы ресейлік «Автоваз» ААҚ-мен бірлесе
салынып жатқан жаңа зауыттың құрылыс ба-
рысына қанықты.
«Бипек Авто»-«Азия Авто» компаниялар
тобы директорлар кеңесінің төрағасы Анато-
лий Балушкин зауыт бірнеше лицензиялық
стандарттармен жұмыс істейтіндіктен әр
үлгідегі көлік үшін түрлі технологиялар қол-
данылатынын баяндады. Кәсіпорын 2013
жылы 86,8 мың дана көлік өндірсе, өткен
жылдың қыркүйек айында-ақ 100 мыңыншы
көлікті құрастырған.
Бүгінде Қазақстанның машина құрастыру
және сату нарығындағы үлесі 53,3 пайызға
жетіп отыр. Өткен жылдың өзінде ғана «Бипек
Авто» компаниясы автомат қорапты Renault
Duster көлігін, AVANT әмбебап арнайы тех-
никаларын, KIA Soul көлігінің 2014-2015
жылғы үлгілерін, Renault Logan, ŠKODA Rapid
Spaceback маркалы машиналардың жаңа топ-
тамаларын сатылымға шығарды. Осылайша
компания 32 түрлі көлік моделін сәтті саудалап
отыр.
(Соңы 2-бетте)
Кеше
Индустрияландыру картасы бо-
йынша облыста төрт жыл ішінде
8
мыңнан астам жаңа жұмыс орны
ашылып, бағдарламаға қатысушы
кәсіпорындар
397,5
миллиард
теңгенің өнімін өндірген.
Бүгін
Қазіргі уақытта облыстың білім
беру мекемелері
500
миллион
теңгенің сүтін тұтынады.
Ертең
2015 жылы «Бизнес-серпін»
байқауының
екінші
кезеңінің
жеңімпаздары
100
мың АҚШ
долларына
дейінгі
мөлшерде
сыйақы алады.
Жанаргүл Мұқатай
Өткен жылғы прокурорлық тексерулер қорытындысы көрсетіп
отырғандай, өңірдің ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлер құқығы
аяқасты етіліп, аудандардағы жергілікті атқарушы органдар оларды
қолдаудың орнына, кәсіптерін кері кетіріп, кедергі келтіруде.
Нөмірдің дерегі
Субсидия беруде
көзбояушылық көп
Облыс
прокуроры
Бағбан
Тайымбетовтің төрағалығымен өт-
кен облыстық прокуратураның об-
лыс кәсіпкерлері палатасы және об-
лыс әкімдігімен бірлесе өткізген
«Агробизнес-2020»
бағдарламасын
жүзеге
асыру
барысында,
заң-
дылықтардың
сақталуын
тексеру
нәтижелері
бойынша
кеңейтілген
алқа мәжілісінде белгілі болғандай,
аймақтың
кейбір
аудандарында
ауыл кәсіпкерлеріне субсидия алуға
қолдау көрсету түгілі, оларды сол
демеуқаржыны алуға орай жүргізілетін
өтінімдерді қабылдау мерзімінен ха-
бардар етуге де мән берілмеуде. Жар-
ма ауданында жергілікті атқарушы
орган кәсіпкерлерге суб-
сидия алуға өтінімдерді
тапсыруға орай аудан-
дық газетке өтінімдерді
қабылдау туралы хабар-
ландыруды былтырғы 19
маусым күні жариялай
отырып, өтінімдер 12 мау-
сымнан 20 маусымға дейін
қабылданатынын көрсетіп,
басталу уақытынан бұрын
жариялануы тиіс хабар-
ландыруды
құжаттарды
қабылдау мерзімінен де
кешіктіріп, кәсіпкерлердің
өтінім беруіне іс жүзінде
бір күн ғана уақыт берген.
– Облыс аудандарындағы жергілік-
ті атқарушы органдар кәсіпкерлердің
субсидия алуға берген өтінімде-
рін тіркемей, олардан қажеті жоқ
құжаттарды талап еткен. Құжат өткі-
зу мерзімінің тіркелмеуі, сәйкесінше
соңғы берілген өтініштердің алдымен
қанағаттандырылып, бірінші берілген-
дерінің кейінге қалдырылуына, сы-
Мұса Жәлелге ескерткіш
орнатылады
Облыс орталығында татар
халқының батыр ұлы, белгілі
ақын Мұса Жәлелге ескерткіш
орнатылмақ.
Солжағалаудағы
саябақта еңсе тіктейтін ескерткіш
Жеңістің 70 жылдық мерей-
тойына орай «Халық батырына
– халықтың ескерткіші» деген ак-
ция аясында қолға алынып отыр.
– Биыл аталып өтетін Ұлы
Жеңістің 70 жылдығы аясында біз
татар халқының ардақты перзенті
болған, тек татардың ғана емес,
бүкіл адамзаттың сүйікті ақыны саналған Мұса Жәлелге
ескерткіш орнатуды жөн деп шештік. Сол арқылы біз қанды
қырғында азаттық үшін арпалысқан бабалардың рухына
тағзым етеміз. Қазірдің өзінде әрбір адам мүмкіндігіне
қарай көмек қолын созуда. Жиналған ақшаның мөлшеріне
қарай бәлкім еңселі ескерткіш немесе кеудемүсін ор-
натамыз, – дейді республикалық татар ұлттық-мәдени
бірлестігінің төрағасы габдулхай Ишмуратов.
Бүгінгі күні Өскемендегі татар этномәдени орталығы
ақынның мүсінін тұрғызуға қажетті қаражатты жинауға
кірісіп кеткен. егер бәрі ойдағыдай болса, ескерткіштің
ашылу салтанаты алдағы мамыр айына белгіленіп отыр.
Ал мүсінді Татарстаннан арнайы шақыртылатын шеберлер
жасайды.
Айта кетейік, Мұса Жәлел – Кеңес Одағының Баты-
ры атағын алған жалғыз жазушы, журналист. Лениндік
сыйлықтың иегері атанған. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып,
фашистердің концлагерінде мерт болған.
Шығыс-Ақпарат
«Азия АвТо» эконоМикАлық одАқ
нАрығынА Еркін шығуы ТиіС
байлас жемқорлыққа қолайлы жағдай
туғызбақ.
(Соңы 3-бетте)
зауыт жұмысы жандануы керек
Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында
ел Премьер-Министрі Кәрім МӘСІМОВКЕ Парламент
депутаты Светлана Ферхо Серебрянка қаласында
орналасқан органикалық емес зауыттың жұмысын
жандандыру туралы сұрау салды.
ескерте кетейік, Серебрянка қаласы 2012-2020
жылдарға арналған Үкіметтің даму бағдарламасына
енгізілген болатын. Арада өткен үш жылда зауыттың
алдағы жұмысын жолға қою тұрғысында Үкіметтің 2014
жылғы 14 маусымдағы қаулысына сәйкес «Қазақстан Ин-
жиниринг» ұлттық компаниясымен және басқа да түрлі
деңгейдегі мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен
бірқатар кеңестер өткізілгеніне қарамастан, әзірге қаулыда
көрсетілген бірде-бір бап орындалмай отыр.
Осындай деректерді келтірген депутат Үкімет басшы-
сынан бұл салаға жауап беретін министрліктерге зауыттың
тағдырын оң шешу туралы тапсырма беруді өтінді.
Депутат С.Ферхоның Үкімет басшысына жолдаған
сауалына Мәжіліс депутаттары А.Милютин, Т.Ибраев,
Н.Кузьмин және Н.Сабильянов қолдау білдірді.
Шығыс-Ақпарат
Агротехнопарк бірнеше ірі орталыққа
біріктірілген.
Мәселен,
агротехнология
орталығында тоғыз зертхана бар. Онда
тұқым түрлері, жем сапасы, топырақ
құрамы зерттеледі. Өсімдіктер мен жан-
жануарлардың биологиялық тіршілігі қарас-
тырылады. Ал акватұқым зертханасында
ғалымдар Шығыс Қазақстанда жойылып
кеткен бекіре балықтың түрлерін өсіруде.
Қазір мұнда Алматыдан әкелінген оншақты
сібір бекіресі өсіп жатыр.
– Сібір бекіресінің негізгі тіршілік ортасы
– Ертіс өзені, бірақ балықтың бұл түрі бізде
толығымен жойылып кетті, – дейді ғылым
және инновация департаментінің директоры
Болатбек Көжебаев. – Ал қазір осы зертхана
арқылы арнайы жағдайда өсіруге болатынын
анықтадық. Мұнда бір ай бойы бекірелер та-
маша өсті. Енді уылдырық сатып алып, олар-
дан тұқым шығарып, өзенге жібере аламыз.
Балық шаруашылығын да дамытуға бола-
ды. Кәсіпкерлермен тәжірибе бөлісеміз. Тек
Зайсан көлінде ғана өсетін арқан балық та
осында өсіріліп, көбейтіліп жатыр.
– Біз соңғы жылдары Білім және ғылым
министрлігі ғылым комитетінің тапсыры-
сы бойынша 13 жобамен жұмыс істедік,
– дейді Шәкерім атындағы мемлекеттік
университеттің
проректоры
Құмарбек
Әмірханов. – Биыл тұңғыш рет етті, сүтті
тұқым бағытындағы малды қауіпті дерт-
терден сақтау және емдеу үшін Ауыл ша-
руашылығы министрлігінің тапсырысымен
жұмыс істеуді бастадық. Бұл жобаның құны
37 млн. теңге тұрады. Онымен қоса облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасының екі жо-
басын қолға алдық. 25 келісімшартымыз
бар. «Агробизнес-2020» бағдарламасы
аясында түлектерді жеке кәсіпкерлікпен
айналысуға дайындаудамыз. Ол үшін жас
фермерлер мектебі, консалтинг орталығы
жұмыс істейді. Осы агротехнопаркіміздің
арқасында облыстың агрокешендерімен
тығыз байланысқа шығуға әзірміз. Алғашқы
тапсырыстарымыз бар. Алдағы уақытта аг-
ротехнопарк «Шығыс инновация орталығы»
ЖШС ретінде тіркелетін болады.
Айта кету керек, ветеринария бөлімі-
нің инновациялық технологиялар орталы-
ғында бал араларының аурулары қарас-
тырылады екен. Мұнда Катонқарағай, Боро-
дулиха, Үржар аудандарының омарташыла-
рымен тығыз байланыс орнатылған.
– Омартадағы жұқпалы немесе жұқпай-
тын ара ауруларының түрлерін ем-
деп, омарташыларға дәл диагноз қоюға
көмектесеміз. Сөйтіп, ауырып қалған ара-
ны қалай емдеуге болатындығына орай
кеңестер береміз, – дейді зертхананың
ғылыми қызметкері Елена Башкина.
Семей.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Қоғам
2
№8 (17097)
21 қаңтар
ДИДАР
Нұрлы көш
мемлекеттік қызмет
Орыс тілін тегін
оқып жатыр
мұратхан кенжеханұлы
Өскеменнің іргесіндегі Шығыс ауылының тұр-
ғындарына БҰҰ-ның даму бағдарламасы әжептәуір
көмегін тигізіп келеді.
Жаңа қонысқа қонған елдің болашағын жарқын ету
мақсатында бұған дейін тұрғындарға жылыжай салы-
нып, Ұлан ауданынан осы ауылға бөлінген жерді игеруге
қомақты қаржы қарастырылса, бұл жолы үйренуге ынтасы
бар 60-қа жуық ауыл тұрғынына компьютер мен орыс тілін
тегін оқытып жатыр.
Екі айлық курстан өткен соң, үйренушілер арнайы сер-
тификат алып шығады екен. Олардың болашақта жұмыс
тауып, кәсіп көзін ашуына да көмектесетіндерін айтады
аталмыш ұйымның өңірдегі кеңесшісі Асқар Мұратбек.
Тәжірибелі мамандар
таңдалып алынды
Дәурен Аллабергенұлы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс
Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Б» кор-
пусына бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға конкурс өткізілді.
Конкурсты өткізуге жауапты комиссия жұмысының
барынша жариялы да әділ жүргізілуін қамтамасыз ету
мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік
емес ұйымдардың өкілдері, облыстық департаменттердің,
облыстық әкімдіктің қызметкерлері комиссия отырысына
бақылаушы ретінде қатысты.
Департаменттегі бос лауазымдық орындарға жұмысқа
орналасуға облыс бойынша жиыны 42 үміткер 124 арыз
(әр үміткер бірнеше лауазымға арызбен жүгінді) берді.
Бұлардың бәрі де арнайы тестілеуден өтіп, қолдарына сер-
тификат алғандар. Ал екінші кезең – әңгімелесуге жіберіл-
ген 42 болашақ мемлекеттік қызметшінің 41-і қатысты. Бір
үміткер әңгімелесуге келуден бас тартты.
Екі күнге созылған конкурстың әңгімелесу кезеңінде
комиссия мүшелері 41 үміткердің білімі мен біліктілігін
жан-жақты тексеріп, алдағы атқаратын қызметтеріне орай
көптеген сауалдар қойды. Нәтижесінде комиссияның
шешімімен үміткерлердің 19-ы бос лауазымдарға
тағайындауға ұсынылса, жеті адам кадрлық резервке
қойылды. Ал қалған 15 адам әңгімелесу кезеңінен өте
алған жоқ.
– Біз конкурсты барынша жариялы да ашық түрде өткізуді
басты мақсат еттік. Сол себепті, сырттан бақылаушылар то-
бын шақырттық. Мәселен, облыстағы көптеген мемлекеттік
мекемелердегі мұндай конкурстар ашық түрде өткізілмейді
әрі сырттан бақылаушылар қатыстырылмайды. Содан ба-
рып үміткерлерде комиссия жұмысына күмән туады. Ке-
лешекте барлық мекемелер осыны ескеруі қажет. Өзімізге
қажетті ең білікті де білімді, бәсекеге қабілетті мықты ма-
мандарды таңдап алдық. Себебі, мемлекеттік қызметтің
оң имиджін қалыптастыратын, әлеуметтік дертке айналған
сыбайлас жемқорлықпен үздіксіз күрес жүргізетін де осы-
лар болмақ, – деді комиссия жұмысына төрағалық еткен
департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңестің
төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов.
Суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Облыс әкімі: б
А
ғыт-б
А
ғДА
р
кәсіпкерлік
И
ННО
в
А
ц
И
я
Жастардың бизнеспен айналысуына жағдай жасалады
Дәрігерлердің дәрісін
тыңдады