...Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының көсіліп жатқан көз жеткізгісіз кең
даласының «Балапан» алаңында бұл күні ұйтқыған алай-дүлей боран соғып тұрды. Ақ
түтекке қарамастан түрлі ұйымдар мен мекеме, компания өкілдерінен құралған арнайы
топтың осы арадағы айрықша нысанға келіп жетуінің үлкен мәні бар еді. Өйткені, ол
«Қазцинктің» табиғат қорғау жүйесіне судағы тамшыдай болып қосылған тағы бір тың
шара.
Экологиялық қауіпсіздік орталығының
жетекшісі Геннадий Корешков атап айтқандай,
мұндай жұмысты ірі жетістік деп бағалауымыз
керек. «Қазцинк» бүгінгі күні осы бір ғана
мышьякты өндірістік қалдық түрінен басқа
қалдықтардың бәрін қайтадан өңдеуде.
Кәсіпорын сол өңдеуге жатпайтын қалдық
түрінің тұрғындарға, жерлестерімізге қауіп-
қатер тудырмасы үшін орасан шығын шыға-
рып, осы нысанды салуды қолға алған.
Қалдық сақтау карталары көпқабатты филь-
трлеу экрандарымен жабдықталған. Экран-
дар қалдықтардың жерасты суына, жерге
сіңіп кетпеуіне 100 пайыз кепілдік береді.
Атмосфералық су мен жиналып қалған
суды полигоннан жинап алу үшін арнайы су
шығару ыдыстары мен тоған-буландырғыш
қойылған. Құрғақ, ыстық күндері полигон
аумағында шаң көтерілмес үшін суландыры-
лып отырады.
Бұл жердің табиғи балшығының, жерасты
жыныстары қабатының өзіндік ерекшеліктері
де қалдықтар ішіндегі зиянды заттардың жер-
ге, жерасты суына сіңіп кетуіне айтарлықтай
тосқауыл бола алатынын да айта кету керек.
Алаң аумағындағы жерасты суы жер бетінен
20 метрден астам тереңдікте орналасқан. Вла-
димир Лопаткин кезінде кеңестік инженерлер
жарылыстар жасауға бұл алқапты текке таңдап
алмағанын да еске сала кетті.
Әрине, қалдық сақтау орнының өндіріс ор-
нынан аса қашықта орналасқандығы жобаның
құнын біршама өсіре түсетіні аян. Қалдық
салынған бір «биг-бег»-ті полигонға жеткізу
шамамен үш мың теңге тұратын көрінеді.
Жыл сайын өндірісте 40 мың дана осын-
дай ыдыс жиналады. Қалдықтар полигонға
жөнелтілер алдында «биг-бег» түріндегі
шағын жұмсақ контейнерлер ішіне қапталып
салынады. Ол контейнерлер теміржолмен
полигонға жеткізіледі. Әр «биг-бег» аузы тығыз
жабылған герметикалық құрыш контейнерлер-
ге салынады. Мұндай ыдыс тасымал кезінде
қалдықтардың төгіліп-шашылып қалмауын
қамтамасыз етеді. Мемлекетке қалдықтарды
сақтағаны үшін төлейтін экологиялық төлем
1,6 млрд. теңгені құрайды.
Полигонды пайдалану кезінде «Қазцинк»
қоршаған ортаның ахуалына үнемі экологиялық
мониторинг жүргізіп отырады. Бұл маңдағы
қар жабындысының, жер қыртысының, су мен
ауаның құрамы тексеріліп, қатаң бақылауға
алынады. Қызметкерлердің қауіпсіздігі
үшін полигонның Семей сынақ полигоны
алаңында орналасқаны есепке алына оты-
рып, радиациялық бақылау бағдарламасы
жасалған.
Қалдық сақтау орны нысанының салыну-
ын сынақ алаңы аумағындағы шаруашылық
жүргізуге жарамайтын бос жерлерді тиімді
пайдаланудың бір мысалы деп те айтуға
болады. Бұл ядролық жарылыстар болған
жерлерді дамытуға қосқан үлес те. Аталған
нысанды салу кезінде оның құрылысына 150
адам қатысқан. Полигонның өзінде 19 адам
тұрақты жұмысқа орналасады.
Өз бөлімшелері орналасқан, өздері
жұмыс істеп жатқан өңірлерге көрсетіп
келе жатқан әлеуметтік қолдаулар мен
көмектерді «Қазцинк» Курчатов қаласы үшін
де қарастырып отыр, биылдан бастап шағын
қаланың әлеуметтік саласын дамытуды қолға
алып отырған компания болашақта да оны әрі
қарай жалғастыра бермек.
Шығыс - Ақпарат
Ауыл шаруашылығын АяқтАн шАлғАн шалағайлықтар
майшаммен Қарайтын мәселе
(Соңы. басы 1-бетте)
Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілеріне арналып 13,2 млрд. теңге суб-
сидия бөлінген болса, соның бір млрд. теңгеге
жуығы, яғни, 870 млн. теңгесі кері қайтарыл-
ған. Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет-
тік органдар ғана емес, кәсіпкерлердің өздері
де немкеттілікпен қарап келеді. Мысалы,
Бородулиха ауданындағы аяғынан тік тұрған
ірі шаруашылықтардың бірі – «Сахновское»
ЖШС 2013 жылы майлы дақылдар мен астық
өсіру бойынша 18 823,3 мың теңге субсидия
алып, олардан 10 328 тонна өнім жинаған.
2014 жылы одан екі есе көп субсидия, 29 786,
1 мың теңге алғанымен, майлы дақылдар
мен астықтан түсетін өнім көлемін бұрнағы
жылғыдан бар-жоғы екі мың тоннаға (2014
жылы – 12 728 тонна) ғана арттырған, – деді
кеңейтілген отырыста былтырғы прокуратура
тексерулерінің қорытындысын баяндаған
облыстық прокуратура №1 басқармасының
басшысы Рустам Шідердинов.
Субсидия алудың амалымен, қамымен
егін шаруашылығында ғана емес, мал
шаруашылығында да көзбояушылыққа
барғандардың қатары көп екені анықталып
отыр. Ет өндіру үшін берілетін субсидияға қол
жеткізу мақсатында кейбір шаруа қожалықтары
өзгеден сатып алған малдарын сол мезетте
сойып сатып, қыруар субсидия алуға мүмкіндік
беретін қажетті мөлшерді осылайша орындап,
өзгеге тиесілі мемлекет қаржысын қалтаға
басқан. Өскемендегі «Береке», «Айка» шаруа
қожалықтарының субсидияландыруға жатпай-
тын малдарына мемлекеттен берілетін көмек
қаржы миллиондап бөлінген. Абай, Аягөз,
Бородулиха, Бесқарағай, Жарма, Зайсан,
Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан, Үржар ауданда-
рында да осындай фактілер анықталған.
қолдаудың орнына
кедергі келтіріп отыр
Мемлекет қаржысын бұлайша мақсатсыз
пайдалану, тұтыну жергілікті атқарушы орган-
дар жұмысының шалағайлығы мен аудандық
прокурорлардың заңдылықтардың орындалу-
ын дұрыс қадағаламауынан болған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқар-
масының басшысы Дүйсембай Селиханов
«Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге
асырып жатқан қалалық, аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімдерінде субсидия, не-
сие бөлудің, берудің тәртібі мен талабын
білмейтін, өз жұмысын ұйымдастыра алмай-
тын біліксіз мамандардың жетіп артылаты-
нын ашық айтты. Қала берді бөлімде жұмыс
істейтін мамандар да жиі ауысып, жыл сайын
жаңа қызметкерлер келіп, кетіп жатады.
Құжат жинаудың, толтырудың бүге-шігесін
білмейтін олар кәсіпкерлерді қолдаудың ор-
нына, керісінше кедергі келтіруде. Тарбағатай
ауданында субсидияға өтінім берген 70
кәсіпкерден әкімдіктің жер үлескісін беру тура-
лы қаулысы сұратылып, оларға өткізілуі міндетті
емес құжаттарды жинатып, әлекке салған.
Бөлімге келіп өз шаруасын шеше алмаған
ауыл кәсіпкері тауы шағылып, тауаны түсіп,
кері қайтуға мәжбүр. Кәсіпкерлердің өткізген
өтінімдерінің тіркелмеуі, субсидиялардың
қолдауды нағыз қажет еткен кәсіпкерге жет-
пей ебін тапқандарғаға тиюі – сол сапасыз
жұмыстардың нәтижесі. Облыс прокуроры
Бағбан Тайымбетов осыған байланысты аудан
прокурорларына түрлі бағдарламалар аясын-
да шаруашылықтарға бөлінетін мемлекеттік
қолдау бағытындағы қаржылардың тиімді
жұмсалуын әр ай сайын тексеріп, есеп беріп
отыруды қатаң тапсырды.
Облыстық прокуратураның тексеру қоры-
тындылары аймақтың ауыл шаруашылығын
дамытуға қыруар қаржы бөлініп жатқанымен,
экономиканың аталған саласында өсімнің де
төмен болып отырғанын дәйектейді. Өңірде
өзімізде өндіріліп жатқан ауыл шаруашылығы
өнімдерінің бағасы қымбат. Ал күнбағыс
дақылын егіп, өндіруден бірінші, құс еті
бойынша бесінші орында тұрғанымызға
қарамастан, Өскеменде күнбағыс майының
бағасы (литрі – 290 теңге) осы дақылды өндіру
жағынан сегізінші орын алатын Қарағанды
өңіріндегіден (литрі – 235 теңге) әлдеқайда
қымбат. Қаражаттың негізді, негізсіз берілуі,
«КазАгро» АҚ қаржыландыру бағыты бойын-
ша берілетін несиелердің жоғары пайызбен,
әрі үлкен кепілдік талап ете отырылып бөлінуі,
өркендеудің көзделген деңгейіне жеткізбеуде.
Оған тек қана дамыған ірі шаруашылықтар қол
жеткізе алуда.
Облыстық прокуратура тарапынан осы
және өзге де өзекті мәселелерді жергілікті
деңгейде шешу үшін облыс аумағында
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің
несиесін кепілдендірудің бірыңғай қорын құру
ұсынылды.
Жиынды қорытындылаған облыс прокуро-
ры Бағбан Тайымбетов облыстың кәсіпкерлер
палатасының басшысы Игорь Щацкийге,
кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық
даму, ауыл шаруашылығы басқармаларының
басшыларына аудан кәсіпкерлеріне құжаттарды
дайындап толтыруда, өткізуде, субсидия беру,
несие алу, басқа да құқықтық мәселелер
бойынша барынша нақтылы қолдау көрсетіп,
заңбұзушылықтардың алдын алуды тапсыр-
ды.
қосымша Білімге ереКше ден қоямыз
Қосымша білім беру ісіне қазір ерекше мән беріле бастады. Осыған байланысты игі
істер Көкпекті ауданындағы қосымша білім беретін балалар өнер мектебінде жүзеге асы-
рылуда. 2013 жылы қосымша білім беру мекемесінің директоры болып тағайындалған
Сабия Оразғұлова оқу ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар,
былтырғы сәуір айында берілген ғимаратқа ағымдағы жөндеу және безендіру жұмыстарын
жүргізді. Тәжірибелі жоғары санатты ұстаз ата-аналармен үнемі тығыз байланыста болып,
оқушылардың тәлім-тәрбиесіне, оқу үлгеріміне айрықша мән береді.
нарлар, шығармашылық есептер, сынақтар,
шеберлік сыныптар, ашық сабақтар өткізіліп
тұрады. Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін
арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу
бағытында «Озық тәжірибе», «Жас мұғалімдер»
мектебі жұмыс істеуде. Үйірме жетекшілері
балалардың зияткерлік және танымдық
қабілеттерін тек сабақтарда ғана емес, сонымен
қоса сыныптан тыс жұмыстардың түрлі үлгілері
арқылы дамытуға тырысады. Оқушылардың
ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы н , і з д е н і м п а з д ы ғ ы н
қалыптастыруда шығармашылық апталықтар
мен жобалардың, үйірмелердің маңызы зор.
Жыл сайын оқушылар арасында «Жас музы-
кант», «Жас суретші», «Өнерлі бала – шебер
бала» сайыстары ұйымдастырылады. Барлық
жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы
мен ұсыныстары ескеріледі.
Балалар сан түрлі сайыстарға қатысып,
ғылыми жоба қорғап, аудан, облыс, рес-
публика көлемінде танылды. Былтыр Се-
мей қаласында өткен «Алтай жұлдыздары»
облыстық байқауында Назым Келербекова,
Әділбек Калиакпаров дипломмен мара-
патталса (жетекшісі Б.Шекенова), Риддер
қаласында өткен облыстық «Қандай ғажап бұл
әлем» байқауына сәнді-қолданбалы үйірме
жетекшісі С.Рахметованың екі оқушысы – Аида
Төреханова мен Назира Әділбекова қатысып,
қолданбалы өнер бойынша жұмыстары жоғары
бағаланды. Тәжірибелі ұстаз Л.Ситникованың
оқушысы Мадина Сыдыкова мадақтамамен
марапатталды. Бесқарағай ауданында өткен
«Күй – киелі өнер» облыстық байқауында дом-
быра сыныбының оқушысы Дана Кеней серти-
фикат алды. Өскемен қаласында «Славяндық
базар» облыстық фестиваль-байқауында
Анель Хайруллина мадақтамамен марапат-
талды. Шығармашылық үйірмесінің оқушысы
Бекболат Оразалидың жұмысы республикалық
конкурста жүлделі орынға ие болып, Түркия
қаласына жолдама алып, демалып қайтты.
Домбыра сыныбының биылғы жылғы түлегі
Назым Келербекова Семей қаласындағы
Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің
музыка факультетінің грантына түсіп, оқуын
жалғастыруда.
Жаңа жыл қарсаңында «Қазцинк» АҚ мен
облыстық білім басқармасы ұйымдастырған
«Тілектер орындалатын шырша!» атты облыстық
сайыста сурет үйірмесінің оқушысы Дми-
трий Росс жүлделі орынды иеленіп, бағалы
сыйлықпен марапатталды.
Сондай-ақ, балалар Өскемен, Семей
қалаларындағы университеттермен, кол-
ледждермен тығыз байланыс жасайды.
Мектебіміздің қосымша білім беруге орай
жоспарлап отырған жұмыстары жетерлік.
Айнұр Байғалиева,
балалар өнер мектебі оқу ісінің
меңгерушісі
Көкпекті ауданы.
Вакансия
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
4
№8 (17097)
21 қаңтар
Күршім ауданы, Ақши ауылының тумасы
Дәркембай Жұмақанұлы ШАРАПИЕВТЫ туыстары
сағынышпен еске алады.
Қайтейік бәрімізге керек едің,
Бөлек едің, ер едің, ерек едің.
Амал бар ма, ертерек кетіп қалдың,
Тірі жүрсең 60-қа келер едің.
Жатқан жерің жайлы, жаның жұмақта болсын.
Сағынышпен еске алушылар: Әлия
және балалары, туыстары
Еске алу
Экологиялық сараптама
«АЭС Шульбинская ГЭС» ЖШС «Шүлбі ГЭС-нің төменгі бьефіне боналық бөгетті іріктеу және
орнату» жұмыс жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберді.
Курчатов қаласы әкімінің аппараты
бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс жариялайды:
Курчатов қаласы әкімінің орынбасары (E-1 санаты). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік еңбек
өтіліне байланысты 121 720 теңгеден 156 314 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: міндет атқару туралы өкім негізінде қала әкімі болмаған уақыттарда
оның міндеттерін атқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Шығыс Қазақстан
облысы әкімінің нормативтік актілерінің, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімі шешімдерінің,
өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістерді зерделеуді ұйымдастырады.
Бөлімдер қызметін үйлестіреді: қаржы; экономика және бюджеттік жоспарлау; тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы
және құрылыс, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм; ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер
қатынастары; статистика; Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясы; жылжымайтын
мүлік жөніндегі орталығы; Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің
бөлімі.
Коммуналдық меншік; экология және қоршаған ортаны қорғау; қала аумағын санитарлық тазар-
ту, абаттандыру және көгалдандыру; сауда, кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту,
өндіріс күштерін дамыту бөлігіндегі халықты жұмыспен қамту мәселелері.
Салық комитетінің, қазынашылық, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің, төтенше жағдайлар және
азаматтық қорғаныс мәселелері.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен, үкіметтік
емес ұйымдармен, діни конфессиялармен өзара іс-әрекет.
Тұрғын-үй; жер қатынастары мәселелері жөніндегі; тендерлік; су тасқыны жөніндегі; төлемдерді
төлемеуді, өзара қарыздарды азайту, кәсіпорындарды санациялау және тарату; төтенше жағдайлардың
алдын алу және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссияға; шұғыл әрекет ету жасағына; көліктегі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияға; ғимараттар мен ғимараттардың
техникалық жағдайын тексеру жөніндегі комиссияға; олардың апатты деңгейін анықтау комиссиясы-
на; пайдалануға енгізілетін нысандарды қабылдау; еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамаларды
сақтау жөніндегі комиссияға; инфляциялық үдерістерді тежеу жөніндегі штабқа; кәсіпкерлікті дамы-
туда әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобына; сараптау кеңесіне; жылжымайтын мүлікке
және оларды тіркеуге арналған құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу мәселелері жөніндегі жұмыс
тобына басшылық ету.
Сыбайлас жемқорлық, қылмыспен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық және
есірткі бизнесімен күрес, шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, табиғатты қорғау іс-шараларының,
тұрғын-үй құрылысы, қаланы абаттандыру бағдарламаларының жүзеге асырылуын бақылау.
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптары: білімі – жоғары коммуналдық шаруашылық
саласындағы жоғары техникалық, экономикалық немесе заңгерлік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болу керек:
мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, егер ғылыми дәрежесі бар немесе шетелде кадр-
лар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басымдылық мамандықтар бойынша
шетелдегі жоғары оқу орындарын немесе Қазақстан Республикасы Президентінің оқу ұйымдарын
мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқуды
аяқтаған жағдайда;
мемлекеттік органдарда басшылық немесе басқа лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем
емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салада төрт жылдан кем
емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы.
Көрсетілген лауазым үшін жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті мен
оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Мемлекеттік
қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Конституциялық заңдарын, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес
салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа
да міндетті білімдер.
Конкурстар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік
төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32-202 бұйрығымен бекітілген,
республикалық бұқаралық ақпарат құралдары «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы
28 наурыздағы 94 нөмірінде, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 28 наурыздағы
107-108 нөмірінде жарияланған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс
өткізудің қағидалары (әрі қарай қағида) негізінде өткізіледі.
Көрсетілген лауазымдарға қажетті құжаттардың тізімі:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) белгіленген үлгідегі 3х4 фотосуретпен толтырылған сауалнама;
3) нотариалды түрде расталған білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) нотариалды түрде расталған еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы 1907
бұйрығымен бекітілген үлгідегі денсаулық туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсырған кездегі күші бар, табалдырық деңгейінен кем емес қорытындысы бар
тестілеуден өткендігі туралы сертификат.
Әңгімелесуге рұқсат алған кандидаттар, хабарландыру алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде
«Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау уақыты: бұқаралық ақпарат құралдарында («Дидар», «Рудный Алтай»
газеттерінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні
ішінде Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қаласы әкімінің аппараты, 17-кабинет ме-
кенжайы бойынша қабылданады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның
отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің
және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген
тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың
өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Анықтама үшін телефондар: 8 722 51) 2 33 46, факс 2 37 95, электронды поштаның мекенжайы:
akimat@kurchatov.vko.gov.kz.
«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ филиалы –
«Защита темір жол ауруханасы»
төмендегі медициналық көмек түрлері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген
көлемі аясында медициналық қызметтер көрсетуге Медициналық қызметке ақы төлеу комитетімен
және Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісімшарттарға қол
қойған.
1. Стационар бойынша:
* тәулік бойы болумен 866 жағдай, оның ішінде терапевтік, хирургиялық, травматологиялық,
отоларингологиялық бейіндегі төсек-орындарда.
* күндізгі болумен 535 жағдай, оның ішінде терапевтік, хирургиялық, отоларингологиялық,
неврологиялық, гинекологиялық, травматологиялық және педиатриялық бейіндегі төсек-
орындарда.
2. Емхана бойынша – 17306 тұрғын бекітілген. Филиалдың консультативтік емханасы 18
мамандық бойынша қабылдау жүргізеді: педиатрия, терапия, кардиология, хирургия, травма-
тология, урология, гинекология, офтальмология, балалар офтальмологиясы, отоларингология,
балалар отоларингологиясы, эндокринология, профпаталогия, неврология, балалар неврологиясы,
дерматология, ересектер және балалар стоматологиясы.
Емхана құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер енеді:
1. Клиникалық-биохимиялық зертхана;
2. Флюорографиялық және УДЗ кабинеттері бар рентгенологиялық бөлімше:
3. Функционалды диагностика бөлімшесі:
4. Физиотерапевтік бөлімше.
Зертхана қанның жалпы сараптамасын, несептің жалпы сараптамасын, биохимиялық,
иммунологиялық сараптамалардың барлық спектрін, сонымен қатар қалқанша безінің гармонда-
рын, жыныс гармондарын, жыныстық жолмен таралатын инфекцияларды анықтауды, қан бойынша
гельминтоздар тасушылықты анықтауды жүргізеді. Зертхана простата аденомасын ерте анықтауға
тест жүргізеді.
Рентгенологиялық кабинетте барлық органдардың рентгенографиясы өткізіледі, дайын
түсірілімдер дәрігер-рентгенологтың қорытындысымен бірге жедел беріледі. Рентгенологиялық
зерттеудің арнайы әдістері орындалады.
Эндоскопиялық кабинетте өңештің, асқазанның және ұлтабардың зерттеулері жүргізіледі.
УДЗ кабинетінде кеуде қуысы органдарының, бүйректердің, қуықтың, еркектік, қалқанша және
сүт бездерінің, ұма органдарының, жұмсақ тканьдардың, сұйықтықтың бар-жоғына өкпеқаптың, ірі
буындардың және сүйектердің, омыртқаның зерттеулері орындалады. Жатыр мен аналық бездердің
зерттеулері трансабдоминальды және трансвагинальды жүргізіледі.
Филиалдың алғашқы медициналық санитарлық жәрдемі (АМСЖ) Защита бекетінің аумақтық
бекітілген тұрғындарына және Зырян, Риддер, Шемонайха бекеттері бағыты бойынша теміржол
желілері бойында тұратын бекітілген тұрғындарға қызмет көрсетеді. Стационарлық көмек ШҚО-ның
және республиканың барлық тұрғындарына госпитализация порталы арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, мекемеде мемлекет іске асыратын бағдарламалар аясында 14 жасқа дейінгі
балаларға, тұрғындардың декреттелген топтарына профилактикалық медициналық бақылау
жүргізіледі. Филиал базасында Қазақстан Республикасындағы ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес
және оның алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламалары аясында Сенім пункті
ашылған.
Достарыңызбен бөлісу: |