Жанымнын жыртып ақ шүберегін Дертіме дауа тапшы демедім



бет24/30
Дата11.05.2023
өлшемі484,35 Kb.
#91886
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Жанымнын жыртып а ш берегін Дертіме дауа тапшы демедім

Сабақ мақсаты:
Адам мәселесінің 20-ғасырда философияда орталық орын алу себептерін және философиялық антропологияның теориялық негізін қарастыру; адамды зерттеудегі философиялық антропологияның жетістіктері мен сәтсіздіктерін ашу; құндылықтар мәселесіне және олардың өмірлік әрекетін реттеудегі ролі.


Семинар сабағының жоспары:
1. Қазіргі философиялық антропологияның пайда болуының әлеуметтік-тарихи жағдайлары және оның негізгі өкілдері: М.Шелер, А.Гелен, Х.Плесснер.
2. М.Шелер бойынша антропологиялық ілімдердің типтері және адамды әртүрлі анықтау.
3. Адам мәдениетті жасаушы және мәдениет туындысы.

4. Философиялық анропологиядағы құндылықтар мәселесі. Аксиологиялық дағдарыс мәселесі.



Бақылауға арналған сұрақтар:
  1. Философиялық антропология дегеніміз не?


  2. Ежелгі грек философтарының қайсысы адам мәселесін өзінің қарастыруының ортасы етті.


  3. Философиялық антропологияның басты өкілдерін атаңыз.


  4. "Индивид", "Жекелік", "Жеке тұлға", "Адам" ұғымдарының мазмұндарындағы айырмашылықты көрсетіңіз.


  5. Антропосоциогенез ұғымы нені белгілейді?


  6. Жеке тұлғаны қалыптастыратын негізгі факторлар қандай?


  7. Жалпы қабылданған тәртіп нормаларын бұзатын адамдарды жеке тұлға деп атауға бола ма (қылмыскерлер, нашақорлар т.т.).


  8. Жеке тұлғаның құрылымына қандай элементтер кіреді?


  9. Адам әрекетінің қозғаушы факторы қандай?




Негізгі ұғымдар (глоссарий)

Философиялық антропология - кең мағынада - адам табиғаты және мәні туралы философиялық ілім; тар мағынада - 20ғ. 20-жылдарында пайда болған, негізін салушы М.Шелер саналатын, философиялық бағыт. Бұл тұрғыда, философиялық антропология жаңа методологиялық тұжырымдамалармен емес, ең алдымен өзінің объектісімен - өз болмысы, өз мәдениеті арасындағы адам арқылы айырықшаланады. Қазіргі батыс философтарының антропологиялық көзқарастарын мынаған саялауға болады: адам болмысының, адам жекелігінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің негіздері мен сфераларын анықтауға тырысу, сол арқылы және содан адам табиғатын, сонымен қатар қоршаған дүниенің мәні мен мағынасын түсіндіру. Философиялық антропологияның мынадай бағыттарын шығаруға болады: биологиялық, мәдени, діни, педагогикалық және т.б.

Адам - тіршіліктің жердегі ең жоғарғы сатысын, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі әрі субъектін, табиғи және әлеуметтік, материалды және рухани белгілер жиынтығы мен бірлігін белгілейтін ұғым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет