Жанымнын жыртып ақ шүберегін Дертіме дауа тапшы демедім


Индивид - адам тегінің дербес өкілін белгілейтін ұғым. Жеке тұлға



бет25/30
Дата11.05.2023
өлшемі484,35 Kb.
#91886
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Жанымнын жыртып а ш берегін Дертіме дауа тапшы демедім

Индивид - адам тегінің дербес өкілін белгілейтін ұғым.

Жеке тұлға - әлеуметтік сипаттары бар, ерекше әлеуметтік белгілер мен рольдер атқаратын, қоғамдағы және дүниедегі өзінің орнын саналы сезінетін және өз іс-әрекетіне жауапты адам.

Жекелік - тек өзіне ғана тән қайталанбас белгілері мен сипаттары бар адам, индивид.

Құндылықтар - адамдардың қоғамдық-тарихи әрекеті жүйесіндегі жағымды мағыналы ерекше әлеуметтік феномен. Құндылық - белгілі қоғамдық жағымдылық, нәрселердің, құбылыстардың адамдар әрекетінің мақсаты және құралы ретіндегі қызметі.

Аксиология - құндылықтарды зерттейтін философиялық пән.

Жаттану - әртүрлі гуманитарлық ғылымдарда қолданылантын ұғым. Маркстік философияда жаттану деп адам әрекетінің және оның нәтижелерінің адамға дұшпан, дербес күшке объективті айналуы және адамды бағындыруы айтылады. Қазіргі батыстық философиялық ойлауда жаттану - адамның өзінің мәніне қарама-қарсылығы, тасталғандық сезім, бейтарап, жау дүниеде қажет еместігін көрсететін объективті жағдай. Тар мағынада, жаттану деп заттардың адамға үйлесімділігі, тауарлық - ақша қатынастарының, техника мен технологияның адамға қожалығын айтамыз, кең мағынада - жаттану дегеніміз адамдардың барлық әлеуметтік қатынастарының жиынтығының сапалық сипаты.
Мәнжазба тақырыптары:
1. Қазіргі философиялық антропологияның идеялық көздері - Фихте, Кант ілімдері.
2. Құндылықтардың адам өміріндегі ролі және қазіргі аксиологиялық дағдарыс.
3. Сүйіспеншілік - құндылық ретінде.
4. Қажеттіктер адам әрекетінің қозғаушы күші ретінде.
5. Философиялық антропология және фрейдизм.
6. Э.Фромм ілімі және философиялық антропология.
7. Адам табиғат әлемінде.
8. Философиялық антропология өмір мағынасы туралы.
9. Жеке тұлға, қоғам, мәдениет.
10. Жеке тұлға өтпелі қоғамда: мәселелері мен қайшылықтар.
11. Адам әрекетінің детерминанттары - қажеттіктер, мүдделер, құндылықтар және олардың өзара байланысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет