Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#8963

     

 

 



175 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ: 

1. История Уфы. –  Москва: Наука, 1981 г.  

2. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің жаму жолдары. – Алматы: Қазақстан, 1964. – 263б. 

3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 

4.  Кенжебаев  Б.  Қазақ  халқының  XX  ғасыр  басындағы  демократ  жазушылары.  – 

Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1998. – 307б.  

5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.– Алматы: Қазақ университеті.2001 – 1- к. – 467 б. 

6.  Қирабаев  С.  Ұлт  тәуелсіздігі  және  әдебиет.  –  Алматы:  Ғыл.  баспа  орталығы,  2001. 

448 б. 


7. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. – 474б. 

8.  Қозыбаев  М.  Аласұрған  XX  ғасыр  //    Казахстан  в  начале  XX  века:  методология, 

историяграфия, источниковедение. Сборник статей. – Алматы: Ғылым, 1993. – 167б. 

 

 

       ӘОЖ 88.015.39: 

XX  ғасыр  басында  ұлттық  мәдениетіміздің  ұранын  көтере  келген,  әрқайсысы 

әдебиетіміздің бір-бір ұстыны  дерлік ұлы тұлғалар қазақ халқының  әдебиеті тарихына  

қайталанбас  құбылыс  болып  енді  дe,  aттары  алтын  әріппен  жазылды.  Ахмет 

Байтұрсынов,  Әлихан    Бөкейханов,  Xалел  Досмұхамедов,  Міржақып  Дулатов,  Ғұмар 

Қapaшев,  Мұхамеджан  Ceралин,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Жүсіпбек  Аймауытов, 

Мағжан  Жұмабаев,  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Сәбит  Дөнентаев,  Құдайберген  Жұбанов, 

Сәкен  Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин  Мұхтар  Әуезов,  және  т.б.  Солардың  бел 

ортасында  Ілияс Жансүгіров те болды. 

Қазақ  әдебиетінің  тарихында  Ілияс  Жансүгіров  тек  ақындық,  жазушылық, 

драматургтік,  аудармашылық  еңбектерімен  ғана    емес,    ұлттық    ауыз    әдебиеті 

мұраларын,  тарихымызға,  әдет-ғұрпымызға  байланысты  деректерді  жинаушы,  әрі 

зерттеуші фольклорист, этнограф, тарихшы ретінде де ерекше орын алады.  

Ілияс Жансүгіровтің  проза, поэзия, драматургия мен журналистика саласындағы 

әдеби  мұрасы  жұртшылыққа  кеңінен  таныс.  Ақиық  ақынның  қазақ  әдебиетінің 

тарихындағы  өзіндік  орны,  оның  дамуына  қосқан  үлесі  көпшілікке  белгілі.  Әдеби 

мұрасының зерттелу жайы да аян.  І.Жансүгіровтің шығармалары арнайы зерттеліп, өз 

бағасын  алғаныменен,  айтылар  сөздің  әлі  де  таусыла  қоймағандығы  жалпыға  аян. 

Сондықтан  біз  бұл  мақаламызды  ардақты  азаматтың  қыруар  еңбегінің  бір  қыры  - 

Ілиястың ел әдебиетін жинауы мен саралауы жолындағы зерттеушілік қызметіне арнап 

отырмыз.  

 

ІЛИЯС  ЖАНСҮГІРОВ  ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОР 

 

Н.М. Малаева, магистрант 

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.,  

janko@mail.ru

   

 

 

 

            Мақалада Ілияс Жансүгіровтің ауыз әдебиетінің ұсақ және ірі жанрларын: мақал- 

мәтелдер, жұмбақтар, лиро-эпостық жырлар, батырлар жыры, ертегі, аңызды  

жинауы, зерттеуі жайлы айтылады. 

            В статье говорится о сборе и исследовании Ильяса Жансугурова мелких и крупных  

жанров фольклора: пословиц, загадок, сказок, быль, лиро-эпосы и эпосы. 

            In this article discussed about collections and researching works of lliys Zhansuqurov,  

about small and major genre of folklore: proverbs, tales, myths, liro-eposes and eposes.  

 

               Тірек сөздер: Ілияс, фольклор, жанр, жыр, ертегі, аңыз. 



 

 


     

 

 



176 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

Ілияс Жансүгіровтің ғылыми шығармашылығының бір саласы  қазақтың дәстүрлі 

ауыз әдебиетін жинап, жариялап, зерттеуі.  

Фольклордың  даму  жолдары  мен  проблемалары  жекелеген  ғылыми 

монографиялардың,  көптеген  сын-зерттеу  мақалалардың,  арнаулы  диссертациялардың 

нысаны болды.  

«Қазақ  фольклористикасының  тарихы»  деген  еңбекте  [1]  XIX  ғасырдың  екінші 

жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ фольклорын, ауыз әдебиеті мұрағаттарын 

жинаушылар  мен  жариялаушылар  және  зерттеушілер  өмірі  мен  шығармашылығын 

жан-жақты таныту көзделіп, ол мақсат тыңғылықты орындалған. Фольклор мұраларын 

жинаушылар,  жариялаушылар  және  оған  қатысты  өз  пайымдауларын  тасқа  басып 

қалдырғандар  қатарында,  әлбетте,  Ілияс  Жансүгіров  те  бар.  Дегенмен,  фольклорға 

қатысты  зерттеулерді  қарастыра  келіп,  Ілияс  Жансүгіровтің  фольклористика 

саласындағы  еңбектері  ғылыми  зерттеулерде  сөз  арасында  айтылып  кеткенімен,  осы 

уақытқа  дейін  арнайы  қарастырылмай  келген,

 

фольклорды  дамытудағы  Ілияс 



Жансүгіровтің  орны әлі күнге ғылыми тұрғыдан сараланбаған.  

Ильфа  Ілиясқызының

 

«Айқын»  газетіне  берген  сұхбатында:  «Ілияс 



шығармашылығы  туралы  бұрынғы  кеңестік  замандағы  зерттеу  еңбектер  ескірді.  Ілияс 

шығармашылығы,  өмірі  туралы  жаңаша  сөз  айтылуы  тиіс.  «Ілияс  және  фольклор», 

«Ілияс және музыка», «Ілияс және театр», «Ілияс сөздігі» атты зерттеу еңбектер қолға 

алынуы  керек.  Мәскеуде  оқып  жүргенде    жазған  конспектілері,  мақалалары, 

аудармалары,  біраз  шығармалары  жарық  көруін  күтуде.  Жалпы,  оқырман  қолына 

жетпеген  мұрасы  өте  көп.  Әкемнің  мұрағаты  өте  ұқыпты  сақталған.  Мұндай  мұрағат 

басқа ешкімде жоқ. Бірақ әлі күнге жете зерттелмеген. Оның себебі әкем 60-жылдарға 

таман  бір-ақ  ақталды.  Бұл  кезде  арабша  хат  танитындар  сирек  еді.  Ал  қазір  болса, 

Ілиястанумен ешкім шұғылданбайды» [2,3] - деп, өкінішін білдіруі заңдылық



  

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  Орталық  мұрағатының  қолжазбалар 

қорында кезінде Ілияс жинап кеткен, бірақ әлі күнге дейін Ильфа Ілиясқызы айтқандай

 

қол тимей жатқан  қыруар мұра  бар. Бұл туралы Ілиястанушы ғалым М.Иманғазинов:



 

«Негiзiнен,  Iлияс  Жансүгiровтiң  мұрағат  материалының  үштен  бiр  бөлiгi  -  қазiргi 

кезеңге  дейiн  жарық  көрген  шығармаларының  түп  дерегi,  жазылу  жайының 

күретамыры. 15-ке тарта қалың бумаларда (папкаларда) Iлиястың өз қолымен жазған 12 

қойын кiтапшалары мен дәптерлерi жатыр. Оны оқып қараған адамға әлi де болса талай 

тың  деректiң  ашылатыны  сөзсiз»  [3,156]  -  деп,  ескерткелі  де  ширек  ғасырдай  уақыт 

өтті.  Аталмыш    қолжазбалар    1984  жылы    ғылыми-техникалық  өңдеуден  өтіп,  №1368 

жеке  қор  тізбесі  жасалаған.  Онда  ақынның  өлеңдері,  очерктері,  пьесалары,  сатиралық 

шығармалары,  өмірбаяндық  деректері,  фотосуреттері  және 

І.Жансүгіровтің 

шығармашылығы  туралы  басқа  авторлардың  жазған  зерттеу  мақалалары  бар.    Ол 

жинаған  мол  мұра  ішінде  ұзақ  оқиғалы  хикаялар,  айтыстар,  шежірелер,  тарихи 

материалдар, фольклор үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, 

жұмбақтар  мен  ертегілер  аңыз-әңгімелер  мен  айтыстар,  эпикалық  жырлар  мен 

шешендік  сөздер,  тарихи  жырлар  мен  шежірелер  т.б.  Ілиястың  сонымен  бірге  ел 

аузынан жазып алған тапқырлық, шешендік сөздері мен қағытпа, әзіл-қалжыңдары бір 

төбе. Халықтық толғау, термелер, қара өлеңдер де жетерлік.  

Қазақ  фольклорының  көрнекті  өкілі  Ілияс  Жансүгіровтің  фольклоршылдық 

қызметін  зерттеу  қазақ  фольклоры  тарихын  қамтумен      бірге  қазақ      халқы      мен   

көршілес    елдер  әдебиеті  тарихымен  байланысын,  туысқан  елдер  әдебиетінің  бір  - 

біріне  ықпалын,  олардың  тамырлас,  ортақ  рухани  бастау  көздерін  ашуға  септігін 

тигізеді. 

«Тұрмыс-салтқа  байланысты  туған  шығармалар»  тобынағы  өлең  жырлар  ауыз  

әдебиетінің    көне    нұсқаларына    жатады.      Алайда    әр  заманның  өз  салт-сана,  әдет-

ғұрпы  бар,  соған  байланысты  туған    шығармалар    да    көп,    Демек,      бұл    үздіксіз  


     

 

 



177 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

дамып,  өзгеріп,  жаңарып  келе  жатқан  жанр.  Автор  осы  саладағы  шығармалардың 

бастыларын ғана атап көрсетеді.  

Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер (жар-жар, той бастар, сыңсу, жұбату, 

беташар), діни ұғымдарға байланысты өлеңдер (бәдік, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны) 

ғылыми  дәлелді,  ұғымды  баяндалған.  Келтірілген  мысалдар,  түсінік-тұжырымдар, 

ешқандай күдік туғызбайды.  

Төртінші топқа жатқызылған қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдері басқа 

авторлардың  зерттеулерінде  «Мұң-шер  өлеңдері»  деп  те  аталады.  Әрине,  халық 

өлеңдерінің бәрі де көңіл күйінің айнасы екені рас.  

Мақал-мәтел, жұмбақтар - фольклордың   ұсақ   жанры   десек   те,    қамтитын 

тақырыбы, мәселесі жағынан ауқымды да жан-жақты шымыр туындылар. Қазақтың мақал-

мәтелдері  алғаш  рет  1874  жылы  Орынборда  басылып  шыққан.      Содан  бері 

толықтырылып  әлденеше      рет      баспа      жүзін      көрді.      Автор      мақал-мәтел, 

жұмбақтардың жиналу, жариялану тарихына тоқталған.  

Мақал  мен  мәтелдің  ұқсастығын,  айырмашылығын  айта  келіп,  бұларға  ғылыми 

анықтама  береді.  Мақалдар  мен  мәтелдердің  басты  тақырыбы  халықтың  әдет-ғұрпы, 

салт-дәстүрі, дүниетанымы,  әлеуметтік  көзқарасы,  кәсібі  мен  шаруашылығы,  қысқасы 

өмірдің  алуан  түрлі  құбылыстары,    көріністері  болып  келеді.  Соған  байланысты 

халықтың тәжірибесі,  ақыл-өсиеті,  ғылыми  тұжырымы    түйіп    айтылады.    Мақал-

мәтелдер  адалдыққа,  ерлікке,  отаншылдыққа,  сыпайылыққа,  тазалыққа,  ынтымаққа, 

білімге, еңбекке үндейді. Сонымен бірге жарамсыз мінез-құлықтан, жөнсіз іс-әрекеттен 

сақтандырады. Мақал-мәтелдің  ескірмей  қай  заманда  болмасын  рухани  өмірімізге 

қызмет  ете  беретіні  де  сондықтан.  Жұмбақ  та мақал-мәтелдер сияқты тақырыбы жан-

жақты  болып  келетін  шығарма.  Бұл  да  адамға  игі  қасиеттерді  орнықтыру  мақсатынан 

туады. Адамды, әсіресе жастарды білімге, тапқырлыққа үйретеді. Табиғат құбылысынан 

бастап, заттың, өсімдіктің, жан-жануардың бәрі де жұмбаққа тақырып бола береді. Өнер-

білім,  техникаға  байланысты  кейінгі  замандарда  пайда  болған  жұмбақтар  да  көп. 

Жұмбақтар  өлең  немесе  ұйқасты  қара  сөздер  түрінде  көбірек  ксздеседі.  Сондықтан 

есте сақтауға, жаттап алуға ыңғайлы болады. Оның тапқырлықтан басқа бір ерекшелігі - 

нақтылық.   Тұспалдау,   салыстыру,   теңеу,   бейнелеу арқылы түсіндіреді. Жұмбақтың 

дамыған  түрлері  ақындар  айтысында,  дастандарда,  аңыз  әңгімелерде  бар.  Зерттеуші 

жұмбақтың  әлеуметтік  маңызын,      өмірге    деген      көзқарасты      білдіретін      қоғамдық 

сипатын,    жаңадан    туып,    молайып,    дамып    отыратын өміршең қасиетін сөз етеді. 

Ауыз  әдебиетінің  прозалық  жанры  -  ертегілер  өзге  жанрлар  сияқты  ерте 

заманда пайда болған, тіршілік, қоғам өзгерістеріне байланысты шытырман оқиға  - 

тартысқа құрылған көлемді шығарма болғандықтан өлең-жыр сияқты оны екінің бірі 

жаттап  айта    бермейді.      Ертегінің    желісін      есінде    сақтап,  мәнерлеп  жеткізетін 

адамдар болады.  Міне, осындай ертекшілердің   шығармашылық    ерекшелігі

    де 


осында  баяндалған.  Автор  қазақ  ертегілерін  мазмұнына,  тақырыбына  қарай  ішкі 

жанрларға жіктейді.  

Қиял-ғажайып  ертегілеріне  тән  сипаттарды  жүйелеп  баяндағаннан  кейін 

олардың  ішінен  «Ер  Төстікті»  даралап  талдайды.  «Керқұла  атты  Кендебай»,  «Күн 

астындағы Күнекей қыз», «Жеті өнерпаз»,  «Ағаш ат» тәрізді ертегілерге  тоқталады. 

Халық  қиялынан  туған  ғажайып  оқиғалар,  образдар  халықтың  ілгерішіл   мұратын,   

игілікті      аңсарын  білдіреді.  Ол  әлеуметтік  өркениетке,  техникалық  процеске  түрткі, 

мұрындық болады. Автор қиял-ғажайып ертегілердің  осындай  ерекшеліктерін    ұтымды 

көрсетеді.  Ал,  хайуанаттар  жайындағы  ертегілердің  көне  замандарда  туған 

нұсқаларында  мифтік  сарын  көбірек  ұшырайтыны    мәлім.    Ертедегі    адамдардың    

ұғымында        қасқыр  жарылқаушы  бейнесіндегі  («Ақ  қасқыр»,  «Көкжал»,  «Жігіт  пен 

қасқыр», т.б.) алынса, кейінірек пайда болған ертегілерде («Сырттандар», т.б.) жыртқыш 

кейпінде  суреттеледі.  Ертегілердің  неғұрлым  бертінірек  шыққандарында  өмір 


     

 

 



178 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

шындығы  айқынырақ  көрініс  табады.  Ол  төрт  түлік  мал  мен  жыртқыш 

хайуанаттарды қарама-қарсы кейіпте суреттеу  арқылы да беріледі. Үй жануарлары 

ұнамды  бейнеде  суреттеледі.  Әсіресе,  жылқы  мен  түйе  адамға  қамқор,  ақылды  түлік 

болып  есептеледі.  Автор  бұл  жерде  «Алтын  сақа»,  «Бозінген»,  т.б.  ертегілерді 

мысалға  алады.  Жыртқыш,  айлакер  бейнесінде  суреттелетін  қасқыр,  түлкі  сияқтылар 

адамның  жауы  ретінде  көрсетіледі.    Бұл  да    белгілі  дәрежеде  халықтың әлеуметтік 

көзқарасын аңғартса керек.

 

Тұрмыс-салт  ертегілері  қашаннан  бергі  халық  өмірінің  айнасы  секілді.  Одан 



халықтың, қоғамдық дамудың әр  кезіндегі  сана-сезімі,  мақсат-мүддесі,  тағдыр-талабы 

аңғарылады. Мұндай ертегілердің оқиғасы нақты өмір болмысынан алынады. Автор пікірін 

дәлелдеу үшін «Аяз би», «Қарттың өсиеті»,  «Үш ауыз сөз»,  «Жақсы әйел»,  «Қарт  пен 

тапқыр  жігіт»,  «Хан  қызы  мен  тазша»,  «Қыдыр,  бақ,  ақыл»,  «Қаңбақ  шал»  тәрізді 

белгілі  ертегілерге  жүгінеді.  Ұлағатты  өсиет,  мысқыл  күлкі,  сықақ  түрінде  айтылатын 

қызықты оқиғалы ертегілер қашанда тәрбие-тәлімдік мағынасын жоймақ емес. Автор осы 

орайда салмақты ой түйеді.

 

Аңыз  әңгімелерді  І.Жансүгіров  ертегілерден  оқшаулаңқырап  алады  да: 



«Оқиғасын  реалистік  болмыстан,  шындық  өмірден  алып,  ауызша  шығарған  қазақ 

халқының көркем  шығармаларының  елеулі  бір  саласы»  деген  анықтама береді.  М. 

Әуезов  «Ертегілер»  атты  монографиясында  аңыз  әңгімелерді  салт  ертегілерінің 

құрамында қарастырғаны белгілі 

[4]

.  


І.Жансүгіров  Алдар  Көсе,  Жиренше,  Асан  қайғы,  Қожанасыр  сияқты 

тарихта  қашан  болғаны,  нақты  өмірбаяны  белгісіз  тұлғалар  жөніндегі  аңыздардың 

да өмірді өзінен алынғанын, оқиғаларының нанымды екенін тілге тиек етеді.  

Халық  өзінің  сүйікті  перзенттерін  немесе  қиялдан  туған  кейіпкерлерін  дәріптеп, 

кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  отырған.  Аңыздың  сюжеті  де,  көлемі  де  ертегідей  күрделі 

емес,  шағын  да  шымыр  болып  келеді.  Ертегілер  мен  аңыздар  жазба  әдебиетіміздің, 

оның ішінде проза жан-рының тууына ықпал  жасағаны  анық. Сюжет құру,  образ  жасау, 

тіл  байлығы,  көркемдігі  жағынан  ертегі-аңыздардан  үйренбеген  қаламгер  кемде-кем 

болса керек. Жазушылар оған әрдайым зер салып көңіл

:

бөліп отырады.



 

Батырлар  жырының  ел  өміріндегі  тарихи  оқиғаларға  қатысы  туралы  мәселе  де 

көптеген  талас  пікірлер  туғызып  жүрген  мәселе  болатын.  Бұл  жайында  ғалымдар 

қазақтың  ертедегі  батырлар  жыры  тарихи  кезеңдердің,  ұлы  оқиғалардың  елесін  беру 

негізінде  туып  қалыптасқанын,  яғни  оның  деректі  құжат  емес,  көркем  бейнесі  екенін 

айтады.  Бұл  пікірін  ол  тарихи  оқиғаларды  және  оған  байланысты  пайда  болған 

жанрларды  салыстыру  арқылы  дәлелдейді.  Әрине,  жыр  бір  оқиғаға  байланысты 

туғанымен жылдар өте ақындардың қиялымен оған жаңа сюжеттер қосыла береді. «Жеке 

қысқа аңыздардан эпостың бір тұтас түрін жасауда қазақтың даңқты ақындарының үлкен 

еңбектері болды» - деген Ш. Уәлиханов пікірі де осыған саяды 

[5,213]

.

 



Зерттеушілердің берген анықтамасы бойынша батырлар жырының басты тақырыбы 

ел  қорғау  болса,  лиро-эпостың  мазмұны  ғашықтық,  үйлену  салтына  негізделеді.  Ілгері 

заманда ғашықтардың сүйгеніне қосылу әрекеті көпшілік жағдайда қиыншылыққа, тіпті 

қайғылы  халге  душар  еткені  белгілі.  Тіпті  ғашықтар  мұратына  жеткеннің  өзінде  де 

қаншама машақатты бастан кешіреді. Осындай шым-шытырық оқиғалы, әрі қызықты да 

көркем лиро-эпостардың ішінен автор «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-

Шолпан» жырларын талдайды.

 

І.Жансүгіров сияқты Алаш азаматы ел әдебиетін жинауда өткен ғасырда елеулі 



еңбек сіңіре білген. Өкініштісі сол, дер кезінде қамтылған құнды дүниелердің әлі күнге 

ел-жұртқа  жетпей,  шаң  басқан  мұрағаттарда    ізделмей,  зерттелмей,  тіпті  еленбей 

жатқандығында.  

Ілияс  Жансүгіров  қазақ  әдебиетінің  барлық  жанрында  үлкен  еңбек  сіңіріп, 

әдебиеттің    негізін  салушы,  үлкен  тірегінің  бірі  болды.  Ілиястың  шығармашылықпен 


     

 

 



179 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

айналысқан  жиырма  шақты  өмірі  қазақ  әдебиетінің  алғашқы  кезеңдерімен  тұстасады, 

яғни  ол  осы  әдебиетпен  жарыққа  бірге  шығып,  бірге  жасасып  келді.  Сондықтан,  өзі 

негізін  салысқан  жас  әдебиеттің  жетістіктері  мен  табыстарының  бәріне  Ілияс  ортақ, 

бәрінде оның үлесі бар. Күннен-күнге, жылдан-жылға үздіксіз өсіп, жетіліп келген осы 

әдебиеттің 

алдында 

тұрған 


маңызды 

мәселелер 

мен 

міндеттер 



Ілияс 

шығармашылығына да тән.  

Ұлттық  әдебиетіміздің өркендеуіне  лайықты  үлес  қосқан  қарымды  да  дарынды 

қаламгер  Ілияс  Жансүгіров  халқының  мұрасына  қамқор  болып,  халқынан  үйреніп, 

халқының  ұлылығынан  тәлім  алды.  Халық  шығармаларын  бойлай  оқып,  сөз 

маржандарын  оқып  үйренді.  Білгені  мен  көңіліне  ұялағанын  ой  елегінен  өткізіп,  оны 

өңдеп, халқына қайтадан ұсынды. Ілияс әдебиеттің жоғын жасауға, кемтігін толтыруға, 

халықтың аңсағанын табуға қызмет етті.  

Ел  әдебиеті    Ілияс  шығармашылығына  өмірлік  өзек  болды,  шабытына  рухани 

нәр  берді,  талантты  ақынның  қаламынан  поэзия  маржаны  болып  төгілді.  Ілияс 

зерттеген  домбыраның  сайраған  тілі,  күйдің  сазы  тарих        қойнауында    қалған  халық 

тұрмысындағы шындықты білуімізге, қазіргі өмірімізбен салыстыруымызға көмектесті.  

Айтулы  ақынның  салиқалы  шығармашылығы  ұлы  суреткерді  тек  табиғат  қана 

туғызып  қоймай,  нақты  қоғамдық-тарихи  шындық  шыңдайтынына  көзімізді  тағы  да 

жеткізді. 

1936  жылы  9  желтоқсанда  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде  жарияланған 

мақаласында І.Жансүгіров:  «Қолыма қалам алған күннен бастап мен өз Отанымды, өз 

елімді,  кең байтақ даламды талмастан жырлап келемін»,-  деп, жазды. 

Бексұлтан  Нұржеке:  «Ілияс  Жансүгіров.  Құжаттар,  хаттар,  күнделіктер,  дала 

хикаялары» атты кітаптағы құжаттарды көргенде: «Шіркін-ай, негізгі ғылыми бағытын 

Ілиястануға  арнаған  бір  ғалым  шықса  игі  еді-ау!  Сонда  мұндағы  құжаттардың  әрбір 

әрпі, әр сөзі, әр дерегі бір-бірімен байланыса сөйлеп кеп берсе, ел тарихы мен әдебиеті 

қаншалықты байыр еді!» - деп армандаған екен [6,5]. Осы арманды орындау жолында 

бірге қызмет етейік ағайын. 

І.Жансүгіров  жазбалары  фольклор  жинаушыларға  қойылатын  басты-  басты 

талаптарға  толық  сай  келеді.  Біріншіден,  материалдарды  кімдерден  қандай  жағдайда 

алғанын  ақын  үнемі  дерлік  көрсетіп  отырады.  Екіншіден,  І.Жансүгіров  халықтың 

ұғымын  ауызекі  сөйлеу  тілі  ерекшелігін    сақтап  қағазға  түсірген.  Үшіншіден,  белгілі 

бір аңыздың тарихилығын, шындығын дәлелдерлік деректерді қоса келтірген. 

Қарымды  қалам  иесінің  көптеген  фольклор  жинаушылардан  өзіндік  бір 

айырмашылығы  –  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  біреу  арқылы  емес,  ел  аралап,  ауыл 

адамдарының,  ел  ақындарының  әңгімесін  тыңдай  жүріп,  олармен  тікелей  аралас  – 

құралас бола жүріп жинауында. 

 Ілиястың  әдеби  мұра  жинауындағы  бір  ерекшелігі  –  ескі  сөздердің  қалпын 

бұзбай дұрыс жазып, жыр нұсқаларының табиғи көне түрін мол сақтауы, ол халықтың 

жай-күйін,  түрлі  аңыз-ертектерін  жетік  білетін  құйма  құлақ  ақын-жыраушылардың 

сарқыны бар кезде жинап үлгерген. Ілиястың жинаушы ретіндегі еңбегінің құндылығы 

да осында. 

Осы  сияқты  мысалдарды  көптеп  келтіру  қиын  емес.  Бұдан  байқалатыны  – 

фольклоршының  қағаз  бетіне  түсірген  ауыз  әдебиеті  нұсқаларының  халықтық  қасиеті 

кіршіксіз  сақталып,  көркемдік  бояуы  ажарланып,  құлпыра  түскен,  байсалды  сөз 

зергерінің қолынан өткендігі. 

Фольклоршы ауыз әдебиетінің үлгілерін қағаз бетіне түсіруімен ғана шектелмей, 

оларды өзінше топтап, бөлшектеген. Мұралардың орналасу реті соның куәсі. Мысалы, 

жар-жар, беташар, жоқтау, бата сөздер бір бөлек, мақал-мәтел, шешендік сөздер секілді 

ықшам  дүниелер  бір  бөлек  топталса,  ертегі  мен  айтыстар,  тарихи  жырлар  секілді 

көлемді  туындылар  бірыңғай  сұрыпталған.  Бұл  Ілиястың  фольклор  үлгілерін  тек  


     

 

 



180 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

жинаушы ғана емес, сонымен бірге өзінше ой қорытып, белгілі бір жанрларға жіктеген 

зерттеуші  ғалым  екендігін  де  көрсетеді.  Егер мұндай  классификация  жасау  ол  кездегі 

әлі  буыны  бекімеген  әдебиеттануымызда  некен-саяқ  кездесетінін  ескерсек,  Ілияс 

Жансүгіровтің  ауыз  әдебиетін  жинауға  қаншалықты  еңбек  сіңіргенін,  жанр  түрлеріне 

бөлуде соншалықты ізденгенін шамалаймыз. 

  Алдағы міндет - мол мұраны жете зерттеп, халқымыздың қажетіне жарайтынын 

көпшілікке ұсыну, Ілиястың фольклорист-ғалым ретіндегі әдебиетіміздің тарихындағы 

алатын орнын анықтау, көз майын тауысып, халқының асыл сөздерін қағазға түсірген 

аяулы  азаматтың  ардақты  ісін  оқушысына  ұсыну.  Бұл-бірдің  ісі  емес,  көптің  ісі. 

Әдебиетші-ғалымдарымыздың,  әсіресе  фольклорист-мамандарымыздың  мазмұнды, 

мәнді  жұмысы,  аға  алдындағы  азаматтық  парызы.  Өйткені,  Ілиястың  фольклорист 

ретінде  сіңірген  еңбегін,    оның  өз  еңбегінің  дәрежесінде  жан-жақты  зерттегенде  ғана 

ойдағыдай көрсете   аламыз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ: 



1.  Қасқабасов  С.  XIX  ғасырдың  ІІ  жартысындағы  қазақ  фольклористикасы.  //Қазақ 

фольклористикасының тарихы. -Алматы:Ғылым,  1988.-Б. 138. 

2. Тәшенов Т. Ілиястану неге ілгерілемей жатыр?  //«Айқын» газеті, 10 ақпан 2007ж.  

3.

 Иманғазинов М. Ілияс Жансүгіров. – Алматы:Қазақ университеті», 2004ж. 



4.

 

Әуезов  М.



  Жиырма    томдық  шығармалар    жинағы.    -Алматы:    Жазушы,  т.17.  

Мақалалар, зерттеулер. -1985, -352 б. 

5.

 

Уәлиханов Ш. Таңдамалы, Алматы, Жазушы, 1985. 



6.  Құжаттар,  хаттар,  күнделіктер,  дала  хикаялары.  (Құраст:  С.И.Боранбаева, 

А.А.Мұқанова, К.И.Сопибекова, Н.В.Чаушанская, А.Әбіласанұлы).-  Алматы: Үш қиян, 

2006ж. 

 

 



       ӘОЖ 88.015.39: 

 

ЖЕТІСУ ТАБИҒАТЫ  ЖЫР ЖОЛДАРЫНДА 

 

Ж.К. Молдабаева,  магистрант 

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ., 

 

Мақалада  Жетісу  өңірінен  шыққан  ақындардың  туған  жерді  жырлаудағы  өзіндік  

ерекшеліктері жайлы айтылады. 

В статье рассматриваются особенности описания родной земли в творчестве акынов

вышедших из Жетысуского края. 

The article devotes to the poets who were the citizens of Zhetisu and the pecularities  of the 

poem about their motherland.  

 

         Тірек сөздер: Жетісу,  табиғат, лирика, ақын, пейзаж. 

 

Жер жаннаты  Жетісу жерінде қаншама ғұлама адамдар дүниеге келіп, қаншама 



ақындар  өз  елін,  өз  жерін  өлең  сөздің  құдіретімен  сусындатып,  поэзия  әлемінде 

шарықтап қанат қақты.  

Өзі  өмір  сүрген  дәуірдің  жыршысына  айналып,  халқының  мұңын  жырлап, 

қоғамдағы әр құбылысқа сын көзбен қарай білген ақын  – нағыз ақын. Бүкіл дүниенің, 

қоғамның,  адамзаттың  аласармауын  тілеген,  махаббат  пен  шапағатты  жырға  қосқан, 

өмірдің  шырқын  өлеңдерімен  ұғындырған  біздің  сондай  ақындарымыздың  бірі  – 



Жаскілен Қалиев. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет