Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата04.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#3357
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

     
 
 

 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
 
Регистрационный № 4188-Ж         № 4, 2015 г. 
Основан в 1997 году 
Выходит 4 раза в год 
Ғылыми журнал 
I. Жансүгіров атындағы 
Жетісу мемлекеттік университетінің 
 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
      
ВЕСТНИК 
 
               Жетысуского государственного университета 
им. И.Жансугурова 
Научный  журнал 
 
 
 
 
Бас редакторы - главный редактор 
Ә.Е. Бектұрғанов 
ректор, доктор юридических  наук, профессор 
член-корреспондент Национальной академии Наук 
 Республики Казахстан 
 
 
 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
 
Редакция алқасы – Редакционная коллегия: 
главный  редактор – ректор, доктор юр. наук, профессор, 
член-корреспондент Национальной академии Наук Республики Казахстан 
А.Е. Бектурганов 
 
 
зам. главного редактора – д.э.н. М.Т. Кантуреев 
ответственный секретарь –  к.ф.м.н. Е.Б. Мукажанов 
 
 
 
Члены  редколлегии: 
 
Л.К. Еркинбаева 
М.Ж. Мальтекбасов 
Е.Ш. Дусипов 
Д.Н. Нургабыл 
–  д.ю.н., профессор 
–  д.п.н., профессор 
–  д.ю.н., профессор 
–  д.ф.м.н., профессор                               
Е.С. Андасбаев  –  д.т.н., профессор 
Х.Т. Наубаева  –  д.пс.н., профессор 
С.И. Мурыгина  – магистр образования 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Регистрационное свидетельство издания № 4188-Ж выдано 
Министерством информации и общественного согласия 
Республики Казахстан от 12 сентября 2003 г. 
 
Международный центр ISSN в Париже зарегистрировал 
журнал «Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік 
университетінің хабаршысы» под номером 
ISSN 1813-1123 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Жетысуский  государственный университет  им. И. Жансугурова, 2015 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
 
 
 
 
 
 
                                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
                            
ПЕДАГОГИКА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
 
МАТЕМАТИКАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП,  
ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ – КҮН ТАЛАБЫ 
 
Бекбаланова Бахыт Тыныбайқызы 
«Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, 
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алтынарық ауылы 
ms.bekBalanova 
 
Автор  мақалада  жаңа  технологияларды  пайдаланып,  оқушылардың 
қызығушылығын  арттыра  отырып    математиканы  тереңдетіп  оқыту  әдістерін 
қарастырады.  
В  статье  автор  рассматривает  методы  углубленного  обучения  математики 
исползуя новые технологии и повышая интерес учащихся. 
The author  considers the methods of in-depth  study of mathematics by  using new 
technologies and increasing students' interest. 
Кілт сөздер: математика, жаңа технологиялар, білім, білік, дағды. 
 
Математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігі мен 
іздемпаздығын  арттыруға  негізделген.  Мұғалім  оқушының  пәнге  деген 
қызығушылығын  туғызуда  басты  рөл  атқарады.  Әр  сабақты  жақсы  өткізу  үшін 
мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап, оның орындалуын қадағалап отыру керек. 
Бұл ережелер:  
1.  Сабақ  тақырыбына  қатысты  түрлі  ғылыми,  әдістемелік  кітаптарды  таңдап 
алу, олардың мазмұнымен танысу.  
2.  Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім , білік, дағдыны бөліп алу.  
3.  Сабақ  міндеттерін  нақтылау,  оны  оқушыларға  түсінікті,  олар  қабылдай 
алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу.  
4.  Сабақта  оқушы  нені  түсіну  керек,  нені  есте  сақтау  керек,  нені  біліп, 
сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау.  
5.  Оқушыларға  оқу  материалын  қандай  көлемде  ,  қандай  мөлшерде  баяндау 
керек, қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау.  
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын 
жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білу.  
7. Әр сабақты  өз дәрежесіне жеткізу.  
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 
білім  беру  кеңістігіне  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  тарихы  мен  оқу-тәрбие 
үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр,  себебі,  білім  беру  жүйесі 
өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарды,  жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас 
пайда болды. 
Мұғалімдердің  алдына  қойылып  отырған    басты  міндеттерінің  бірі  – 
оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа  педагогикалық 
технологияларды меңгеру. 
Ұстаз  үшін  ең  басты  мәселе  –  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдау.  Жаңа 
педагогикалық  технологиялар  оқушының  жеке  тұлғалық  күшін  арттырып, 
шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. 
Жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  беру  әрбір  ұстаздан 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуді,  үлкен  ізденісті  талап  етеді.  Оқытудың  жаңа 
технологияларын  күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін  әр  мұғалім  өзінің 
алдында  отырған  оқушыларының  жас  ерешеліктерін  ескере  отырып,таңдап 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
алады.Қазіргі  жаңа  оқыту  технологияларының  алдына  қойған  мақсаты,  бірінші 
орынға баланың білімін оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту.  
Жаңа 
технологияларды 
меңгеру 
мұғалімнің 
зияткерлік, 
кәсіптік, 
адамгершілік,  рухани,  азаматттық  және  де  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің 
қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін  –  өзі  дамытып,  оқу  –  тәрбие  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз 
бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің 
нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. 
Өз тәжірибемде «деңгейлеп оқыту» технологиясында жұмыс атқарамын. Бұл 
технологияда  көптеген  жұмыстар  білім  деңгейі  төмен  оқушылармен  арнайы 
жұмыстар жүргізіледі және де  дарынды оқушыларды шығармашылық жұмыстарды 
жетелейді. 
 Сабақ барысын келесі этаптар арқылы орындаймын:  
- бірігіп жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты бекіту;  
- өзіндік жұмыстарды оқыту;  
- өз білімдерін бақылау арқылы тексеру; 
- әр деңгейлі есептерді таңдау арқылы шығару.  
          Оқушылармен  жеке  жұмыс  істеу  сабақтың  ең  бірінші  кезеңі  болып 
табылады,  және  бұл  оқушылардың  өзіндік  оқыту  жұмыстары  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Мұндай  кезеңді  сабақтың  басында  қолдану  керек.  Себебі  бұл  кезде 
мұғалім  әлі  әр  оқушының  бұл  материалды  қалай  түсінгенін  анықтай  алған  жоқ. 
Білімдеріне қарай «төмен» және «жақсы» оқитын оқушыларға бөлмей, әр оқушының 
бұл  сабақта  жақсы  баға  алғысы  келетінін  ескере  отырып,  олардың  білім  деңгейіне 
байланысты  әр  түрлі  тапсырмалар  дайындалады.  Оқушылар  өздеріне  ұнаған 
тапсырмаларын  таңдап  алады  және  қанша  тапсырма  орындау  керектігін  өздері 
шешеді. Мұндай өзіндік жұмысын орындау барысында  мұғалім  әр оқушымен  жеке 
жұмыс  жүргізе  алады,  дер  уақытында  олардың  жіберген  қателерін  анықтап, 
білімдерін  толтырып  отыруға  мүмкіндік  береді.  Үй  жұмысын  беру  барысында  да 
олардың  әр  түрлі  деңгейлерін  есептеп  отырамын,  олардың  қайсысын  орындауда 
оқушылар  өздері  таңдап  алады.  Ал  оқушылардың  білімін  бақылаудың  әр  түрлі 
формаларын  пайдалану  үлгермеушіліктің  алдын  алу,  әр  оқушының   жеке  белсенді 
жұмыс  жасауын  қамтамасыз  етеді.  Оқушылармен  математикалық  диктант,  ауызша 
жаттығу  жұмыстарын  жүргізу  үлкен  нәтижесін  беретінін  байқадым.  Әр  оқушының 
білімін жеке бақылауда келесі мынандай жұмыстар атқарамын:  
1.  Ауызша  бақылау  жұмыстарын  жүргізу  –  бұл  оқушылардың  ойлау 
қабілетін, зейінін, жеделдетіп есептеу білігін дамытуға ықпал етеді.Ауызша  жұмыс 
жүргізудің көбінесе мынандай түрін қолданамын: 4-5 оқушыны тақтаға шығарамын 
да  оларға  тапсырма  беремін.  Дайындалғаннан  кейін  әр  оқушы  жеке  –  жеке  өз 
сұрақтарына  жауап  береді,  ал  басқа  оқушылар  осы  жұмыс  барысында  қатысады, 
жауаптарын өз  
2.  Жазбаша  бақылау  жұмыстарын  жүргізу   оқушылардың  математикадан 
білім, білік, дағдысын ағымды және қорытындылап тексеру үшін аса маңызды.    
Математика сабақтарында біз барлық тақырыптарды жеңіл түрде меңгертеміз, 
ал  ары  қарай  тақырыптық  білімдерін  тереңдетуде  сыныптан  тыс  жұмыстардың 
атқаратын  рөлі  зор.  Сыныптан  тыс  жұмыстарды  мынадай  түрде  жүргізуге  болады: 
«Көңілді 
математиктер 
клубы», 
математикалық 
үйірме, 
математикалық 
викториналар,  қабырға  газеттері,  кештер,  мектепішілік  математикалық  олимпиада 
т.с.с.  
Аталған  іс-шараларда  атқарылатын  жұмыстар  мынадай  ретте  болады: 
математиканың даму тарихы, сандық ребустар, математикалық фокустар, логикалық 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
сұрақтар  мен  есептер,  қиын  есептер,  арифметикалық  викториналар,  есептерді  құру 
және оларды шығару жолдары т.с.с. 
Математика  сабағында  қызықты  ойын,  есептер,  олимпиадалық  есептер, 
логикалық  есептер  шығаруға  көп  көңіл  бөлемін.  Қызықты  есептер  оқу 
материалының  меңгерілуін  және  ойлау  барысының  тиімділігін  анықтайды.  Мұндай 
есептер  оқушының  ойлау  қабілеттерін  дамытуға,  математикалық  түсініктерін 
қалыптастыруға  жағдай  жасайды.  Оқу  барысында    пәнаралық  байланысты  жүзеге 
асыру  -  оқушылардың  бір  пәннен  алған  білімін  екінші  пәнге  қолдануға  мүмкіндік 
береді. 
Заман  талабына  сай  білім  беруде  интерактивті  тақталар,  мультимедиалық 
материалдар,  компьютерлік  технологиялардың  мүмкіндіктерін  пайдалану  қажет. 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  негізгі  міндет  ретінде  оқу  үрдісіне 
автоматтандыруды  енгізу  көрсетілген.  Математика  пәнін  оқытуда  компьютерлік 
технологияларды,  интерактивті  құрал-жабдықтарды  пайдалану  оқушылардың 
танымдық  белсенділігі  мен  қызығушылығын  арттырып,  олардың  шығармашылық, 
ойлау қабілеттерін дамытады. Интерактивті тақта арқылы түрлі суреттер, көріністер, 
дыбыс  және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады.  Меңгерілуі  қиын  сабақтарды 
компьютердің  көмегімен  оқушыларға  ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың 
құштарлығы  оянады.  Өзім  сабағымда  интерактивті  тақтаны  жиі  қолданамын. 
Оқушының    жүрегіне  жол  табу  үшін  сабағымның  әрбір  сәтін  қызықты,  ұтымды 
өткізуге  тырысамын.  Осыған  байланысты  келесі  сабақтың  жоспарын  ұсынып 
отырмын. 
Қысқа мерзімді жоспар 
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер. Тригонометриялық 
функциялардың формулаларын пайдаланып, есеп шығару жолдары  
Сабақтың мақсаты: Зейіндік, логикалық қабілеттерін дамыту, есептерді тез 
шығаруға дағдыландыра отырып, тарауға қортынды жасау. Математика пәніне деген 
қызығушылығын арттыру. 
 Күтілетін нәтиже: Оқушылардың есте сақтау қабілеттері жақсарады, пәнге 
деген қызығушылығы артады. Тригонометрияның күрделі формулаларын есте 
сақтауға жаттығады.  
Негізгі дерек көздер: Математика пәні оқулығы, үлестірмелі қағаздар 
Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
«Математика және Физика» журналы №2 2011 жыл, №4 2010, №1 2008 
2.
 
«Мұғалім.kz-математика, информатика» журналы №5 2011, №4 2010 
3.
 
Наурызбайқызы «Математикадан дидактикалық материалдар мен 
ойындар және қызықты тапсырмалар» - Алматы 
4.
 
Алдамұратова «Математика-5» Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
БАБАЛАР МҰРАСЫН САҚТАУДА САНАМАҚТЫҢ РОЛІ 
 
Г.С. Майлыбаева, п.ғ.м., аға оқытушы, 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
К.К. Бейсембаева, бастауыш сынып мұғалімі 
М.Горький атындағы МДШО орта мектебі  
 
Мақалада  санамақ  және  оның  түрлерін  салыстырыла  келе,  өзіндік  белгілері, 
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады. 
В  статье  рассматриваются  своеобразие  и  различие  считалок  и  с  другими 
жанрами. 
The article deals with originality and distinction schitalok and other genres. 
Кілт  сөздер:  Мәңгілік  ел,  жас  ұрпақ,  ауыз  әдебиеті  үлгісі,  санамақ,  ұлттық 
өнер, салт-дәстүр. 
 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір 
мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауы  еліміздің  рухын  көтеретін,  болашаққа  сенімді 
мақсаттармен  жетелейтін  «Мәңгілік  ел»  идеясы  ұсынылуы  барша  қазақстандықтар 
үшін зор қуаныш. 
«Мәңгілік  ел»  –  қазақ  елін  талай  заман  сындарынан  сүріндірмей  алып  келе 
жатқан, ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен білектің күшімен қорғап, ұрпағына 
аманаттап  қалдырған  жері  мен  ұлтының  болашағына  деген  тұғырлы  идея.   Ұлт 
көшбасшысының  биылғы  Жолдауының  бір  ерекшелігі  –  барша  қазақстандықтарды 
«Мәңгілік ел» болуға шақыруында.[1]  
Ұлтымыздың  болашағы,  ұрпағымыздың  келешегі,  оның  дәстүрі  мен  салты, 
тілі мен дінінің сарқылмай жалғасуы да осы «Мәңгілік Ел» идеясында жатыр. Олай 
болса, қазақ елі қашанда Мәңгілік ел болып қалыптасқан ел, және мәңгілік ұрпақтар 
жалғасында да мәңгілік ел болып қала береді. Ал ұрпағымыз өз елінің тілін жақсы 
меңгеру  үшін  ұлтымыздың  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жақсы  меңгеруі  тиіс.  Жас 
ұрпақтың  жақсы  меңгеріп,  шығармашылық  қабілетін  арттырып,  логикалық  ойын 
дамытатын  қазақ  ауыз  әдебиетінен  орын  алған  және  ерте  заманнан  бастап  бүгінгі 
күнге  дейін  даму  өсу  үстінде  келе  жатқан  жанрдың  бірі  –  санамақ.  Санамақтарды 
халық  негізінен, жас балаға  сан үйрету  мақсатымен шығарған, әлбетте  санамақтар 
арқылы  мектепалды  топ  балаларын    қоршаған  ортадағы    дүниені  танумен  қатар 
халқымыздың  атадан  қалған  салт-дәстүрін  де  санау  арқылы  үйренеді,  әрі  дүние 
танытады,  әрі  баланың  қисынды  ойлауы  мен  математикалық  ойлау  қабілетін 
дамытады. 
Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. 
Санамақтар  әрі  дүние  танытады,  әрі  баланың  қисынды  ойлауымен  математикалық 
ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла 
береді.  Отбасында  санамақтың  әрбір  түрін  балаға  жинатып,  олармен  бірге  ойнай 
отырып,  ойын  дамыту  –  ата-ананың  борышы.  ересек  балаларға  неғұрлым  күрделі 
санамақтарды  айтқызып,  ол  санамақтардың  шешімін  мүмкіндігінше,  өлең 
ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек.  
Санамақтар да ауыз әдебиетінің басқа үлгілері сияқты ауыздан ауызға беріліп 
келе  жатқан  мол  мұра,  олардың  белгілі  авторлары  болады.  Бұл  ретте  ақын 
жазушылардың    балаларға  арнаған  санамақтарымен  қатар,  автор  Майлыбаева  Г.С. 
санамақтар түрлеріне орай жазылған шығармашылығын ұсынады.  
1. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әрі санға ұйқас заттарды 
танып біледі.  Балалар ақын жазушысы  Нұрхан Жанаев атамыз: 
            Саусақтарды салалап 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
            Кел санайық санамақ 
            Бірім – бірлік, 
            Екім – елік, 
            Үшім – үскі,  
            Төртім – түскі, 
            Бесім – бесік, 
            Алтым – асық, 
            Жетім – желке, 
            Сегізім – серке, 
            Тоғызым – торқа, 
            Оным – олжа. 
            Санамақты санадық 
            Енді сәл дем алалық, -десе 
Автор: Бір – білім,                            
            Екі – елім, 
            Үш – үміт, 
            Төрт – төзім,       
            Бес – береке, 
            Алты – арман, 
            Жеті – жеті атаң, 
 
            Сегіз – сенім артам, 
            Тоғыз – тоқшылық. 
            Он деген  ол жақсылық, 
            Осының бәрін білсең сен. 
 Боларсың өсіп нұр көсем, 
 
 -  деген  санамағындағы  жаңа  атауларды  балалар  есінде  сақтаса,  олар  білімді, 
берекелі,  жеті  атасын  білетін,  болашағынан  үміт  күттірер  азамат  болып  өсуіне 
сенеді. 
     2. Саусақ санау ойыны баланы сан  үйренуге ынталандырады  және ойын арқылы 
оның әртістік қабілеті  артып қызықты рольдерді ойнайды. 
 «Бес  саусақ»  деп  аталатын  Әнуәрбек  Дүйсенбиевтің  саусақ  санау  ойынында  
балаларды  жауқаулықтан  арылтып,  еқбекқорлыққа,  ұқыптылыққа  үйрете  отырып, 
бес саусағының қызметін бөліп береді. 
 
     Балаларым,  тұрыңдар, 
     Сөзге мойын бұрыңдар! 
                          Бас бармақ! 
     Жатып алдың талайдан
     Бұзауларды бақ,  айнам. 
     Кешке үйге келгенде, 
     Құйып берем ақ айран. 
                       Балаң үйрек! 
     Шөп жиналып бітпеген, 
     Сен сонда бар жұртпенен. 
     Кешке үйге келгенде, 
     Май беремін құртпенен. 
                        Ортан терек! 
     Сен ортаншым, бөбегім, 
     Қырда бүгін көп егін, 
     Сен қырманнан келгенде, 
     Кәмпитті үйіп-төгемін. 
                    Шылдыр шүмек! 
     Еңбек еткен жақсы адам, 
     Қарбыз жина бақшадан. 
     Дастарханға сен үшін, 
     Тәтті нанды көп салам. 
                 Кішкентай бөбек! 
     Жатып бекер жеп-ішпе, 
     Үй жұмысын сен істе. 
     Кешке қарай өзіңді
     Тойдырамын жеміске.[2]  
Автордың  «Бес  саусақ  өнері»,  -  деп  аталатын  санамағы  арқылы  мектепалды 
даярлық топ балаларын ұлттық өнер, салт-дәстүр, экологиялық, эстетикалық тәрбие 
мен  салауаттық өмір салтына баулиды. 
     Қуыр-қуыр-қуырмаш, 
     Мен айтайын қолыңды аш! 
     Мынау тұрған бес бармақ. 
     Жұмыс содан басталмақ. 
          Алақанды сен ашсаң, 
          Бес саусақты байқайсың. 
          Саусақтарым сапқа тұр! 
          Өнер көрсет әрқайсысың! 
     Бас бармағым майысып, 
     Ата салтын сақтайды. 
     Ою ойып, жұн түтіп 
     Өнерімді баптайды. 
          Балаң үйрек жүреді, 
          Жасыл желек маңында. 
          Күтіп-баптап бақшаны, 
          Үлкендердің жанында.  
     Ортан терек бойында, 
     Нәзіктік бар, пәк сезім. 
     Жадыңда мықтап сақтап ал! 
     Даналардың әр сөзін. 
          Шылдыр шүмек әрқашан, 
          Денсаулықты ойлап жүр. 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
          «Мықты болып өссем», - деп, 
          Тазалықты сақтап жүр. 
          Кішкене бөбек еркетай
     Анасының жанында. 
     «Бейбітшілік»,- тілегі 
     Сақталсын әркез жадыңда.[3]  
     3. Санамақтың келесі түрі – ол айтыс санамақ. Айтыс санамақта бала санға ұқсас 
сөз  табу  арқылы,  ақындық  қабілетін  байқатады.  Егер  ол  қарсыласының  сөзіне 
тапқырлықпен жауап бере алмаса онда, айтыста жеңілгені. Мысалы:  
     - Бас бармақ! 
     - Ойын басталмақ. 
     - Балаң үйрек! 
     - Шана сүйрет. 
     - Ортан терек! 
     - Күтер кезек. 
     - Шылдыр шүмек! 
     - Келді кезек. 
     - Кішкене бөбек! 
     - Тұр еркелеп. 
    4.  Жаңылтпаш  санамақта  баланың  тілін  ұстартумен  қатар  оны  шешендікке,  таза 
сөйлеуге баулып санауға үйретеміз. Бұл ретте Жақан Смақовтың жаңылтпашқа ұқсас 
санамағы балалар тілін дамуына үлкен әсер етеді. 
     Башпайлар мен бақайды, 
     Былай-былай атайды. 
                    Басқы бақай, 
                    Опай-сопай. 
                    Атсыз апай, 
                    Ерке тотай. 
                    Құйттай шоқай. 
     Балалар да қарайды, 
     Башпайларын санайды:  
                   Басқы бақай, 
                    Опай-сопай. 
                    Атсыз апай, 
                    Ерке тотай. 
                    Құйттай шоқай. 
    5. Жұмбақ санамақта жұмбақтың шешуін табумен қатар ой-өрісін дамыта  отырып 
санауға  үйренеді.  Н.Жанаевтың  «Неше  бала»  деп  аталатын  жұмбақ  санамағы 
балаларды санаумен қатар оларды  жұмбақ санамақтың шешуін табуға үйретеді. 
     Екі бала егісті.                                    Неше бала егісті?  
     Екі бала кеңесті.                                Неше бала кеңесті? 
     Екі бала келеді,                                  Неше бала келеді? 
     Бір айналып белесті.                         Бір айналып белесті. 
    6.  Ойын  санамақтарда  балалар  сан  жобасын  үйренеді.  «Санайық»  деп  аталатын 
санамақта  баланы  ойната  отырып,  оларды  санауға  және  үйренген  сандарын  ойын 
арқылы есте сақтауға үйретеміз. 
     Ал санайық, санайық, 
     Сан сырына қанайық. 
     Бір саусақты жұмайық, 
     «Бір саны», - деп ұғайық! 
     Екі саусақ жұмайық, 
     «Екі сан», - деп тынайық! 
     Үшіншісін жұмайық, 
     «Үш саны», - деп шығайық! 
     Тағы бірін жұмайық, 
     Төрт санына ылайық. 
     Жұдырықты жұмайық, 
     «Бес болды», - деп ұғайық. 
     Оң қолдың енді біреуін, 
     Тағы да ептеп жұмайық
     «Алты сан», - деп ұғайық, 
     Екіншісін жұмайық, 
     «Сегіз ғой», - деп тынайық! 
     Үшіншісін жұмайық, 
     Тоғыз санға ылайық. 
     Жұдырықты жұмайық, 
     «Он болды», - деп ұғайық [2].  
Қорыта  келгенде,  отбасында  санамақтың  әрбір  түрін  балаға  жаттатып 
олармен  бірге  ойнай  отырып,  ойын  дамыту  –  ата  –ананың  борышы  болса,  

     
 
 
10 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
балабақшада  мектепалды  даярлық  топ  тәрбиешілері,  мектепте  бастауыш  сынып 
мұғалімдері  оқушыларға  белгілі  тақырып  бойынша  санамақты  жаттата  отырып, 
санауға  үйретеді,    олармен  ұлттық  нақышта  тәрбие  жұмыстарын  жүргізумен  қатар 
оларды ұлтының салт-дәстүрін сақтай білуге дағдыландырады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауы. 
2. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. — Астана: Сарыарқа, 2012. — 568 б. 
3. Әріптер сырластығы. Оқу әдістемелік нұсқау.  Майлыбаева Г.С. 2007 ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет