«жансугуровские чтения»


Өзі әнші, өзі өлеңші жігіт екен



Pdf көрінісі
бет102/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   208
Байланысты:
6-2018

Өзі әнші, өзі өлеңші жігіт екен
Әніне таңғалғандай, тыңдасаңыз. 
Өлеңді айтатұғын жөні келсе, 
Іркіліп, тоқтамаушы еді айтшы десе. 
Кейде ашты, кейде баяу даусын толғап
Құбылтар ән аяғын әлденеше. 
Поэма  Үшқайнар,  Ақсу,  Діңгек  деген  жерлерді  қыс  қыстау,  жаз  жайлау  еткен 
Солтабай  байдың  баукеспе  үш  ұры  баласы  болғандығын  айтумен  басталады.  Ол  елде 
Қолбала атты тағы бір кедей жігіт болады. Ақын Қолбаланы былай суреттейді: 
Ат жүрек, әділдікпен болған абыз
Саласы салмағы бар, іші сағыз. 
Өзі әнші, өзі өлеңші жігіт екен
Әніне таңқалғандай таңданасың. 
Өлеңді айтатұғын орны келсе. 
Сол Қолбала өзімен құрбы Солтабай балаларына ұрлықты қойыңдар деп ақыл салады. 
Бірақ  балалары  оған  көнбейді.  Қолбала  оларға:  -  Ендеше  мен  ұрлағандарыңды  бойларыңа 
сіңіртпеймін, - дейді. 
Сондықтан да жек көрді біткен ұры
Жақсының жауласпай ма ағайыны? 


 
81 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Белгілі білгендерге іс емес пе, 
Туғанға туралықпен жақпайтыны... 
Әділ  азамат,  ер  жігіт  Қолбала  айтқанынан  қайтпайды.  Ел  ішіне    Солтабай 
балаларының ұрлығын ұстап, әшкерелеп  береді де отырады. Бұған ыза болған Солтабайдың 
Ханкелдісі Қолбаланың көзін құртпақ болады. Өзара пәтуаласып алған ұрылар сол елдегі бір 
тойға барамыз деп, Қолбаланы қоярда қоймай атына мінгізіп, ертіп алып кетеді. Олар жолда 
бейқам келе жатқан боздақтың мойнына тұзақ тастап, аттан аударып алады да, өлтіріп құмға 
көміп кетеді. Поэма мынандай жолдармен аяқталады. 
Қайран ер отыз екі келген жасқа
Туысқан жоқ өзіне туған басқа. 
«Ұрлық қылма!» деймін деп өліп кетті, 
Одан басқа не қылды қарындасқа?! 
Поэманың көлемі 188 жол, тілі жатық, қай жылы жазылғаны көрсетілмеген. 
Ақын туындысының жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиелік мәні зор. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Мұстай Ғ.  «Құлагердің киесі» // Жұлдыз. – 2004. - №1. 
2.  Нұршайықов  Ә.  «Ақынның  белгісіз  поэмасы»//  «Социалистік  Қазақстан»    газеті.  
1965 жыл, 16 мамыр. 
3. Бұхарбай Ж.«Керексіз бе едің, Қолбала?» // «Қазақ әдебиеті» газеті, 1994ж. 
4. Дүйсенбиев Ә. «Жаңа табылған шығарма» // «Жұлдыз» журналы, 1974 жыл. 
5. Кыяхметова Ш. «І.Жансүгіровтің «Қолбала» поэмасы» // «Жетісу» газеті, 2010 ж. 
6.  Жанәбілов С.«Ол ертең атылады».// «Жұлдыз» журналы, 1994 жыл, № 9.   
7. Мұзбаев Т. «Қамқор еді» // «Октябрь туы» газеті, 1974 жыл, 24 мамыр. 
8.Кенжебаев  Б.  «Ақын  Ілияс»//  Кітапта:  «Аңызға  бергісіз  ғұмыр»  (Құрастырған 
Ш.Кыяхметова) , Талдықорған, 2007ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет