Ключевые слова: педагогический менеджмент, профессионально-технический
колледж, управление учебно-воспитательным процессом, производственная подготовка,
методология, менеджер по образованию, нормативный документ
This article explores and analyzes the theoretical foundations of pedagogical management,
identifies the prospects for the development and improvement of practice in educational institutions
Key words: pedagogical management, professional college, management of teaching and
educational process, production training, methodology, education manager, normative document.
85
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Уақыт талаптарына сәйкес білімді үнемі дамыту қажеттілігі осы әлеуметтік салада
басқаруды жетілдіру бойынша жаңа міндеттерді алға қояды. Заманауи менеджменттің
маңыздылығы мемлекетіміздің көптеген нормативтік құжаттарында, оның ішінде Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында жүйелі көрсетілген. Осы Бағдарламаның басты мақсаты - білімнің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін
қамтамасыз ету жолымен адам капиталын дамыту - білім саласын басқаруға жаңа
көзқарастарды, педагогикалық қызметкерлердің әртүрлі санаттарының және білім беру
қызметтерінің тұтынушыларын басқарушы қызметке енгізілуін талап ету. 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарының ішінде келесілері аталған:
- білім қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бейімделген
қаржыландыру жүйелерін жетілдіру;
- педагог кәсібінің беделін арттыру;
- білім беру мен басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.
Сондықтан, бүгінгі таңда тиімді басқару құзыреттіліктерін игеру, білім мекемелерінің
басшыларына да, педагогтарына да өте қажет.
Білім саласындағы басқарушы қызметті жетілдірудің негізгі беталыстары оның
мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға көшуімен байланысты. Сонда
басқарушы қызметтердің бірқатары мемлекеттік биліктен педагогтарға, оқушылар мен олардың
ата-аналарының, қоғамдық өкілдерден және басқалардан тұратын қоғамдық ұйымдарға
тапсырылады. Сонымен, педагогикалық менеджмент, оның ерекшелігі туралы негізгі ұсыныстар
білім беру проблемаларын шешуге қосылған қоғамдық өкілдерде де қалыптастырылу керек
[1. 167-168].
Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып
жатқан жаңашыл бастамалармен үндес. Қоғамның басқа салаларымен салыстырғанда білім беру
жүйесіндегі жаңа сапалық деңгейге жету мақсатындағы жоспарланған өзгерістер бір сәттік бір
жылдық іс емес.
Білім беру кез келген қоғамның маңызды кұрылымы болып табылады. Себебі ол болашақ
ұрпақты өмірге, мамандыққа дайындаудың формасы ғана емес, құндылықтар мен нормалардың
мәдениетке трансформациялануының формасы. Яғни, білім беруді үлкен әлеуметтік контекстен
тыс қарау зерттеушіні маңызды әдіснамалық кеңістіктен тысқары шығарып, бағалау мен
болжамдарды біржақты жасауға итермелейді. Алайда тұтастық кеңістігіне алдағы мақсаттар мен
міндеттерді нақты анықтап алмай ену ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін.
Кәсіби білім беретін ұйымдардың іс-әрекеті экономикалық заңдылықтарға бағынады
және елде жүріп жатқан экономикалық үдерістердің басым көпшілігінің ықпалын сезінеді. О.А.
Свиридов білім берудің даму деңгейі мен мемлекет масштабындағы шаруашылық
механизмдердің жағдайы арасындағы байланысты және білім беру жүйесінің білім беру қызметі
тұтынушыларының нақты мүдделеріне тәуелділігін айта отырып, білім берудің әрі әлеуметтік
институт, әрі өндіріс саласы және қызмет көрсету саласы екендігіне тоқталады. Демек, кәсіби
білім беру жүйесіндегі дағдарыстық құбылыстардың түп мәнін экономикадан іздеген жөн.
Мұндай түсіндірмелік байланыс бойынша ізденуде «адам капиталы» теориясы бағыт нұсқаушы
бола алады. Бұл амал дағдарыс себептерін анықтап қана қоймай, одан шығу жолдарын
іздестіруде де көмекші болады. Жалпы тығырықтан шығудың жолы, басқаруға жаңашылдық
ендірумен сипатталады. [2. 17-18].
Осыған байланысты білім беру жүйесін жаңаша басқару мақсатында педагогикалық
менеджмент туындады және сәйкесінше басқарушылар даярлануы тиіс болды. Білім
менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Өйткені, білім беру мекемелерін басқарып, оның
жұмысын нәтижелі бағытта ұйымдастыру тек қана білікті де, білімді менеджерлердің
жетекшілігімен жүзеге асатынын ескеретін болсақ, білім беруді басқарудың қаншалықты
маңызды екендігіне айқын көз жеткіземіз. Педагогика ғылымы мен тәжірибесінде тұтас
педагогикалық үдерісті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми
негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек өндірістік
86
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |