«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет111/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
үдерістерге  ғана  емес,  сонымен  бірге  күрделі  әлеуметтік  жүйе  үшін  де  педагогикалық 
менеджмент қажет. 
Педагогикалық менеджмент ұғымы жалпы білім беру жүйесін басқаруға байланысты XX 
ғасырдың  90-жылдарының  аяғында  қолданысқа  ендірілген.  Қоғам  талабына  байланысты 
колледждегі басқару жүйесі үлкен өзгерістерге ие болды.   Соның  салдарынан,   басқарушыға  
жаңа  талаптар  мен   міндеттер қойылып, олардың ұстанатын қағидалары да жаңаша ұсынылды. 
Шынайы  демократиялық  басқару  жүйесі  іске  асырылуда.  Сондай-ақ  басқару  ісіне  әлеуметтік 
серіктестік  тұрғысынан  келу  көзделуде.  Яғни,  басқарушы,  басқарылушы,  ата-ана,  оқушылар 
араласуда.  Бұл  дегеніміз  қазіргі  адамдардың  педагогикалық  білімдерінің  болуын  қажет  етеді. 
Болашақ мамандарды даярлауда бұл дипломдық жұмыс басқару ісінің түрлерімен, тәсілдерімен, 
қағидаларымен, технологияларымен таныстырады. 
 Педагогикалық  менеджмент  туралы  теориялық  білімдерін  негіздеп,  практикада  іске 
асыруларына көмектеседі. 
Әлемдегі  заманауи  әлеуметтік-экономикалық  динамика  өскелең  ұрпақты  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  және  қоғамның  басқа  да  салаларының  жаңа  өлшемдерін  талап  етеді.  Әлемдік 
экономикадағы  өзгерістер  тез  өзгеретін  бәсекеге  қабілетті  ортаға  бейімделу  қажеттілігін 
туындатты, адам капиталына, білім сапасына жоғары талаптар қойды.  
       Зерттеу  жұмысының  көкейтестілігі  Қазақстан  Республикасы,  әлемдегі  басқа  да 
мемлекеттер  секілді,  заман  талабына  сай  өзінің  білім  беру  сферасын  экстенсивті  дамыту 
жолында. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық білім 
беру  кеңістігіне  ену  жөнінде  жүйелі  жұмыстар  жүргізілуде.  Қазақстанның  білім  беру 
жүйесіндегі көпсатылы  реформалар, қазіргі кезеңде  ең  алдымен, бүкіл әлемдік интеграциялау, 
оқу  жоспары мен бағдарламаларына әлем тенденцияларына сәйкес түзетулер  ендірумен қатар, 
жоғарғы  оқу  орындарының  және  сонда  дайындалатын  мамандардың  бәсекеге  қабілеттілігін 
жоғарылатуды көздейді. 
Соңғы  жылдары  білім  беруді  жаңаландырудың  негізгі  тенденциялары  оқытуды 
ізгілендіру, 
гуманитаризациялау, 
демократизациялау, 
орталықтандыру, 
саралау, 
жекелендіруімен  сипатталады.  Білім  берудің  ұлттық  моделінің  қалыптасу  мен  бекітілу  үрдісі 
белсенді жүруде, оның негізгі идеясы - ұлттық-мәдениет негізінде тұлға мен қоғам талабына сай 
өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру. 
 Қазіргі  уақытта  оқу-орындарының  дамуын  жетілдіруге  бағытталған  жаңа  мәселелер 
туындауда.  Мәселен,  ұйымдастырушылық-басқарушылық  т.б.  функциялармен  қатар  болжам 
жасау,  мониторингілеу.  Шынымен-ақ,  даму  үстіндегі  кәсіптік  мектеп  өзге  типтегі  басшыны  - 
кәсіптік  мектепті  тек  басқарып  қана  қоймай,  оны  сапа  тұрғысынан  жаңа  деңгейге  көтеруге 
қабілетті, оқу үдерісін тиімді басқаратын менеджерлерді қажет етеді. 
Ғылими әдебиеттерді талдай отырып, арнайы технология пәнінің проблемалары ғылыми 
класиктардың зерттеулерінен тыс қалған жоқ.  
-  білім  беру  жүйесінде  басқару  туралы  ғылым  Қазақстан  жоғары  педагогикалық  салада 
болашақ мұғалім дайындығын (Б. А. Альмухамбетов, Т. М.  Баймолдаев, Ю.  В.  Баталов, А. А. 
Жайтапова, Ж. А. Қараев,  Б.  А. Қойшибаев,  Ш. Таубаева, Н. Н. Хан, Н. Д. Хмель  және т.б.;); 
ғылыми еңбектерінде қарастырды. 
-  ресей  ғалымдарының  (Ю.  П.  Васильев,  К.  Я.  Вазина,  В.  И.  Зверева,  Ю.  А. 
Конаржевский,  В.  С.  Лазарев,  М.  М.  Поташник,  П.  И.  Третьяков,  В.  П.  Худоминский,  Р. 
Х.Шакуров, Т. И. Шамова, В. А. Якунин және тағы басқалары) еңбектерінде ары қарай дамыды 
[3. 67-71]. 
Ғылыми  әдебиет  және  қәсіптік  бағыт  бойынша    ғалымдардың  еңбектерін  талдау 
барысында,  болашақ  арнайы  технология  пәні  мұғалімдерінің    педагогикалық  менеджмент 
тұрғыда дайындық мәселесін әлдеде жетілдіру жолын қарастыру қажет. 
Осы тұрғыда көкейкесті мәселеге байланысты біздің зерттеу тақырыбымыз  
«Кәсіптік  колледжде  педагогикалық  менеджмент  негіздерін  зерттеу».  таңдауымыз 
осыдан: 
 


 
87 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Зерттеудің  мақсаты  кәсіптік  колледжде  болашақ  мұғалімдерінің  педагогикалық 
менеджмент  негіздерін  біліктілік  пен  дағдыны  қалыптастырудың  теориялық  негіздемесі  мен 
әдістемесін жасау және тәжірибеде тексеру. 
Зерттеудің  нысаны  -педагогикалық  процесінде  болашақ  мүғалімдерін  кәсіптік 
дайындаудың жүйесі. 
Зерттеу пәні - педагогикалық менеджмент негіздері. 
  Зерттеу міндеттері: 
1  Менеджмент  теориялық  негіздері  және  білім  мекемелерінде  іске  асыру  тәжірибесін 
жетілдіру факторы ретінде білім жүйесінің    заманауи жағдайы және даму келешегін айқындау. 
2  Менеджмент  және  педагогикалық  менеджмент,  негізгі  түсініктері,  ғылыми  теория 
ретінде қалыптасу үғымдарының мәнін нақтылау.          
3  Білім  беру  менеджері  қызметінің  принциптері  мен  әдістері  және  педагогикалық 
жүйенің тиімділігін арттыруда менеджердің рөлін қалыптастыру үлгісі мен мазмұнын негіздеу. 
4   Кәсіптік колледждерде оқу-тәрбие процесін басқаруоқушылардың өндірістік оқыту 
және  өндірістік  практикасына  басшылық  жасау,  ұжымның  өзін  -  өзі  басқару  әдістемесін 
жетілдіру. 
Зерттеу  жұмысының  бірінші  кезеңінде  менеджмент  теориялық  негіздері  және  білім 
мекемелерінде  іске  асыру  тәжірибесін  жетілдіру  факторы  ретінде  білім  жүйесінің        заманауи 
жағдайы және даму келешегі айқындалды. 
Негізін  қалаушы  құжаттар  деректерінің  бастапқы  мақсаттық  бағдарының  талдауы 
заманауи  менеджменттін  енгізілуі  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  аясында 
реформалардың  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  инновациялық  бағыттарының  бірі  ретінде 
қарастырылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.  
Сонынен, біз менеджмент - бұл дербес білімдер саласы, ғылым және адам қызметінің ең 
күрделі саласы деп анықтадық.  
Менеджмент - бұл өнер, себебі адамдарды  өзара қарым-қатынастарын басқара алу деген 
сөз.Заманауи  көзқарастар  бүкіл  білім  беру  мекемесін,  педагогикалық  ұжымды  басқаруда  да, 
сондай-ақ, оқу-тәрбие үдерісін де басқаруда жүзеге асыру.  
Білім  беру  жүйесінде  басқару  туралы  ғылым  Қазақстанда  (Б.  А.  Альмухамбетов,  Т.  М. 
Баймолдаев, Ю. В. Баталов, А. А. Жайтапова, Ж. А. Қараев, Б. А. Қойшибаев, Ш. Таубаева, Н. Н. 
Хан, Н. Д. Хмель және басқалары) және Ресей ғалымдарының (Ю. П. Васильев, К. Я. Вазина, В. 
И.  Зверева,  Ю.  А.  Конаржевский,  В.  С.  Лазарев,  М.  М.  Поташник,  П.  И.  Третьяков,  В.  П. 
Худоминский,  Р.  Х.Шакуров,  Т.  И.  Шамова,  В.  А.  Якунин  және  т.б.)  еңбектерінде  ары  қарай 
дамыды, және ғылыми жұмыста зерттелді. [4. 157-160]. 
Зерттеу  жұмысының  екінші    кезеңінде  кәсіптік  колледжде  педагогикалық  менеджмент 
негіздерін  зерттеу  жұмыстары  жұргізілді.  Білім  беру  менеджері  қызметінің  қағидалары  мен 
әдістерін анықтау, кәсіби біліктілік өлшемі және педагогикалық жүйенің тиімділігін арттыруда 
менеджердің рөлі  анықталды. 
Кәсіптік білім беру саласында педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаты педагогтер, 
білімгерлер мен оқушыларды басқара білу.  
Педагогикалық  менеджмент  міндеттері  мен  мазмұны  анықталады.  Басқару  мазмұны 
жоспарлау,  ұйымдастыру,  реттеу,  бақылау,  есеп  жүргізу,  талдау  болып  есептеледі  деп 
анықтадық. 
Педагогикалық  менеджменттің  негізгі  міндеттеріне  мыналарды  жатқызуға  болады  , 
шешімдерді  қабылдау  мен  орындауда.  Білім  беру  ұйымының  түпкі  мақсатына  жету  жолында 
педагогикалық  және  оқушылар  ұжымы  арасында  қолайлы  моралды  психологиялық  ахуал 
қалылтастыру.  Басқару  шешімдерін  жүзеге  асыруда  педагогикалық  және  іскерлік  қатынасты 
жүзеге асыру. 
Педагогикалық  менеджмент  қағидалары  дегеніміз-  білім  беру  менеджерінің  қызметіне 
тән  маңызды  талаптар  мен  ережелердің  жиынтығы,  басқарудың  объективті  заңдылықтарының 
көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатыласқа негізделген біртұтас 
педагогикалық; процесс деп дәлелдедік. 


 
88 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет