Ключевые слова: технология, инновация, дифференциация, уровень, рукоделие, методика, инструкция, творчество In this article the systematic,methodological approaches and procedure for the use of the innovation with technology in the classroom Key words: technology, innovation, differentiation, level, needlework, technique, instruction, creativity
«Жаңа технология» -бұл инновациялық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы
және жұмыс істеу реті» - деп жазады Завалко Н.А.
Басқа сөзбен айтқанда, білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін
қамтамасыз ететін, бөлім болып табылады.
«Жаңа технология» -әр түрлі пәннен оқушылардың саралап деңгейлеп,жұмыс істеу
ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл
тәжірибелерін, жеке әдістемелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Олай болса
мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда оқушыларды инновациялық технология үрдісінде
оқыту мәселесі алға қойылған міндеттердің бірі болуы керек. Сондықтан қазіргі білім
технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше болғандықтан, әрбір мұғалім
жаңа технологияны меңгеріп, оқу үрдісіне қолдануы қажет. Мектепте технология пәні
көбінесе шығармашылық деңгейде өтетіндіктен, оқыту модулінің ерекшелігіне байланысты,
жоғарғы сатысы дидактикалық жүйе болса, төменгі сатысы әдіс - тәсіл инновациялық жаңа
техника болуы керек. Осы тұста өзіміздің технология пәніне профессор Ж.А.Қараевтың
саралап деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану тәсілінің тиімділігін айтар едім.
Бүгінгі танда профессор Ж.А.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы кеңінеи
танымал болып, соңғы кездері химия, алгебра, физика, география, биология, астрономия, тарих
т.б. пәндері үшін тиімді деп саналып, әдістемелік жұмыс дәптерлері дайындалып
шығарылып нәтижелері көрініп жатыр. Осы игілікті істердің қатарында технология пәнінің
мектеп тәжірибесінде шығармашылық деңгейімен ерекше орын алатындығын ескерсек,
саралап деңгейлеп оқыту технологиясы осы пән үшін ең тиімді деп айтар едім. Оған дәлел 9-
10-11 сыныптарында «Қолөнер негіздері», бойынша өтілетін сабақтарда осы технологияны
қолданып, оқушылардың интеллектуалды, шығармашылық деңгейлері калыптасқанды.
Оқыту үрдісінде бұл технологияны қолдану арқылы мектептегі технология пәні «ғылым
негіздері» болып табылатын басқа пәндердің қатарында жүретіндігіне инновациялық
90
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары