105
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
мифопоэтикалық пафоспен өрілсе, Ілияс реализмі этнопоэтикалық айшықтармен көмкерілді.
«Қайта өнерлік дұрыс бағыт, нағыз көркемдік ізденіс жолындағы, эстет Мағжан
Жұмабаевтың зерек шәкірт-ізбасары Ілияс Жансүгіровтің 1923-1924 жылдардағы ақындық
олжалары, ашқан көркемдік жаңалықтары сол уақыт райынан екшегенде мейлінше ірі де
іргелі тәрізденді. [6]
Замандасым, ағайын,
Тұнық миды ашытты.
Мақсаты су маңайым
Жалынымды жасытты
Дүние - дұшпан, мен – долы,
Ызам жердің жүзінде
Талақ қылам мен мұны,
Ұшам Күннің өзіне!
Осындай ажарлы, асқақ ойды, керемет кестелі айшықтарды тек Ілиястай жайсаң,
жасампаз ақын ғана айта алса керек». Мағжанның «Анама», «Жазғы күн қалада», «Есімде…
тек таң атсын», «Жауынгер жыры», «Орал», «Орал тауы», «Алыстағы бауырыма», «Тез
барам», «Жаралы жан», «Жер жүзіне», «Тұранның бір бауында», «Түркістан» туындылары
ер түріктің, қазақ жұртының мүддесін биік қойған нағыз патриот, ұлтжанды ақын сөзі.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой,
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой...
Тұранда түрік ойнаған
ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көк түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
ХХ ғасырдың бастарында жәдитшілдікпен бірге дамыған түркішілдік ағымын
символдық биікке Мағжан көтерді. Мағжанның өлеңдерінде 1910 және 1920 жылдарда Түрік
әлемі туралы тақырыптар көптеп кездесуі заңдылық еді. М. Жұмабаев 1905 жылы Қызылжар
қаласының байларынан бірі, Ыстамбулда университетте оқыған Мұқамметжан Беришевтің
ашқан медресесінде білім алған. Бұл медресе Солтүстік Қазақстанның ең маңызды білім
ошағы болатын. Медреседе араб, парсы және түрік тілінде білім берілген. Сонымен қатар
Түрік тарихы жан жақты тереңдетіліп оқытылған. 1910 жылы Мағжан медреседе бірге
оқыған досы Бекмұқаммет Серкебаевпен бірге Уфа қаласындағы Ғалия медресесіне білім
алуға келді. Бұл жылдарда Ғалия медресесінде Сәлімгерей Жантурин мен Әлімжан
Ибрахимов сияқты ұстаздар тәлім берген. Қазақ оқушыларының ең көп шоғырланған
медресесі Ғалия медресесі Еділ–Орал аймағының жәдитші дін адамы Зиаддин Кемали (1873-
1942) тарапынан құрылған. Уфа қаласында 1906 жылы 10 қазанда құрылған медресе
“Медресе-и Алие-и Діние” атымен ресми түрде ашылған. Медреседе 1909-1916 жылдары
оқыған 154-тей қазақ жастары арасында Мағжан Жұмабаев, Ишанғали Арабаев, Мұстафа
Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев,
Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев т.б білім алған. [7]
Ілияс пен Мағжан ұлт мүддесі мен халық тағдыры, өнер мен ғылым жайында Алаш
туының астынан табылғаны анық. Тек, бірі жаңа үкіметтің шапағатын көруге асықты,
алданды, екіншісі орыс отаршылдығының кеңес үкіметіне мұра болып қалатынын жан-
тәнімен сезінді. Сондықтан Алаш ұранына, түркілік ұстанымына берік болды. Өйткені «әр
халық өз Отанының шекаралары ішінде тәуелсіз» деген «Кемализмнің» басты ұранын
түрікшіл Мағжан жақсы түсінді.
Отарлық билеудің, қисапсыз салық салудың, зорлықпен тартып алудың, бөліп
жіктеудің салдарынан қазақтың бай мен кедейінің, ағайынның аражігі тым алшақтап кетсе,
кеңес үкіметі қанаушы мен қаналушы тапқа жіктеп, «Жары менен сайы тең, Жарлысы мен
байы тең» қазақты бір-біріне айдап салды. «Ол күндер көз жетпейтін ерке күн ғой» -деп
жырлаған Мағжанның арманы адыра қалып, «Табымның тартам тартысын, Жарлының