талмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Қазақтың ұлттық коды - қазақ халқының
жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілер. Тарихи
тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары бағаланатын
қасиеттері, солардың сығымдалып тұжырымдалған формуласы қазақтың ұлттық болмы-
сының сырын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын құпия кілт.
«Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» деп, қазақтың кейбір мінезін сынағанда
оны жер қылайын деп емес, қамшылайын, намысын оятайын деп сынаған. Абай сөзден іске
көшуді оң көрген. Бұл қазір біз айтып жүрген прагматизм, яғни сөзден істің алда жүруі.
«Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек» деген Абай атамыз бізді де рухани
жаңғыруға үндеп тұрғандай. Абайда қазақтың ұлттық болмысы мен ерекшелігіне
қатыстының бәрі бар. Абайдың шығармашылығында ұлттық құндылыққа, ұлттық жаңаруға,
ұлттық кодқа қатысты ой өзегі де баршылық «Қазағым» деген сөзді «ұлтым» деген мағынада
түсінген Абай туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймайды және
көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырады. «Көп адам дүниеге
бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!,-деуі [5] арқылы адам-гершілік биік мұраттарды үлгі
етті. «Харакәт қыл, пайдасы көпке тисін» , деп әрбір адамның қоғамға және өзіне пайдалы
істер атқаруын ұсынады.
Бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған және осы күнге дейін өзектілігін жоймай
келе жатқан ұлы Абайдың қара сөздерінде де ұлттық болмысқа ұлттық тәлім-тәрбиеге
қатысты тағлымдық ой-пікірлердің молдығы баршамызға аян. Осы тұста, уақыт өткен сайын
құндылығы арта түскен Абайдың қара сөздері мен Елбасы мақаласының өзара үндесіп
жатқаның аңдамау мүмкін емес.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласы.
2.http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/172189-aza-stan-respublikasyny-
prezidenti-bolasha-a-ba-dar-rukhani-zha-yru
3. Аймауытов Ж. ТШЖ. т.4. – Алматы: Ғылым, 1998. – 448 б.
4. Ә.Бөкейханов «Таңдамалы» Алматы, 1995ж. 52 б.
5. Абай Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 302 б.