Кілт сөздер: детектив, жанр, құпия, қылмыс.
В статье описивается история мирового детективного жанра, история его
присхождения и роль в казахской литературе. Особенность авторов мирового и казахского
детективного жанра.
Ключевые слова: детектив, жанр, тайна, преступность.
The article describes the history of the world detective genre, the history of its occurrence
and its role in the Kazakh literature. The peculiarity of the authors of the world and Kazakh
detective genre.
Key words: detective, genre, mystery, crime.
Детектив (латын тілінен detego – әйгілеу, әшкерелеу) – тылсым жағдайларда орын
алған оқиғалардың себептері мен оларды шешудің жолын қарастыратын әдеби жанр [1,197].
Әдетте мұндай оқиғалар ретінде қылмыстық істер қарастырылады және детектив жанры оны
зерттеу мен кінәлілерді іздеудің шым-шытырық жолдарын суреттейді. Детективтің жанр
ретіндегі басты белгісі – осы. Дегенмен, қылмыс болып табылмайтын оқиғалар да жанрдың
негізгі өзегі бола алады. Мәселен, детектив туындыларын жаңаша белеске көтерген «Шерлок
Холмс туралы жазбаларда» сегіз әңгіменің бесеуінде қылмыс жоқ. Жанрдың тағы бір
ерекшелігі ретінде оқиғаның себептері тергеу аяқталғанша оқырманға белгісіз болып
қалатынын атауға болады. Оның орнына оқырман автормен бірге қылмыстық зерттеудің өн
бойына емін-еркін бойлап, өзіндік қорытынды шығарып, фактілерді талқылауға мүмкіндік
алады.
Батыс зертеушілері детектив жанрын өзіндік сипатына байланысты топтастырып
келеді. Т. Кестхейн «Анатомия детектива» еңбегінде детективті мынадай топтарға
саралайды:
- Жұмбақ детектив және құпия (Конан Дойл);
- Тарихи детектив (Д.Карр);
151
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
- Әлеуметтік детектив (Д. Сейерс);
- Полиция туралы хикая (Эдгар Уоллес);
- Реалистік детектив (С. Денил Хэемметт);
- Әдеби детектив (Жорж Сименов) [2, 177].
Детективтік туындылардың оқырманды баурап алатын құдіреті неде? Оның мынандай
себептерін көрсетуге болады:
1. Детективтік – шығарма сюжетінің өзегіне айналған құпия жанр. Адам баласына
ықылым заманнан бері өз жолында кездескен құпияға құштарлық, белгісізді ашуға
ұмтылушылық тән. Осы құпия қаншалықты күрделі, қауіпті немесе бағалырақ болса, оны
шешу тілегі де болады.
2. Детективтің ерекше танымдылыққа ие болуының тағы бір сыры – оның негізінде
қалада өтуі. Өйткені детектив, негізінен – қалалық роман, ол жоғарыдағы елдерде туып,
дамыды, оның оқырмандары, ең алдымен, қалалықтар, мұнда олар күнделікті өзінің қасында
өтіп жатқан оқиғалар туралы, қауіп-қатер туралы оқиды, анықтап айтсақ, өз дұшпандары, өз
қорғаушылары туралы оқиды.
3. Детективтік шығармалардың әйгілігінің үшінші себебі тікелей екіншісінен шығады.
Шығарма қоғамдағы сырт көзден жасырын, тасда жатқан күрделі қиын, лас проблеманы
арқау етеді[2, 83].
Детективтің мінсіз болуы үшін осы ғасырға дейін жазушылар нұсқаулықтар ұсынып
келді. Мәселен Ван Дайн С.С. детектив жазудың жиырма әдісін жазып шықты[3].
Э.По да детектив туындыларын жазудың өз формуласын ұсынады:
1.Туындының өзегі жасалған қылмыстың құпия себептерін ашу болуы тиіс. Ол кісі
өлімі болуы міндетті емес.
2. Құпияны шешумен әуесқой-ізкесуші айналысады. Оның қасында істің қалай
өрбігенін хабарлап отыратын сенімді серігі болады. Серігі қарапайым адамша ойлайтын,
сонымен бірге ізкесуші досының іс-әрекетін түсініп, бағамдай алатын өзіндік ақыл иесі.
Қандай әрекетке болса да дайын белсенді образ.
3. Тапсырма, яғни құпияның да өзіндік шешімі болады, әр шешімге жеткізер шарттар
қатар жүреді. Оқиға басталған сәтте ізкесуші де оқырманнан асып ештеңе біле қоймайды. Ол
шешімге жеткізер жолда оқырманды бәсекеге шақырғандай болады.
4. Түйсігі жоғары дәрежеде дамыған әуесқой-ізкесуші тек заттай дәлелдер жинап,
содан қорытынды шығара алмай қиналатын қауіпсіздік қызметкерлерін шаң қаптырады.
5. Тапсырманың алғышарттарын баяндау, әдетте, ізкесушінің бөлмесінде, досымен
әңгіме түрінде беріледі.
6. Тергеу барысында көп жағдайда әділетсіз жала жабылған адам немесе кінәсі жоқ
күдікті кездеседі.
7. Құпияның шешімі әрдайым таңқалдыруы тиіс.
8. Автор күрделі секілді көрінген құпияның қарапайым шешімін ұсынғаны дұрыс
болады.
9. Кей жағдайда ізкесуші күдіктінің немесе қылмыскердің шындығын айтқызу үшін
көрініс те құра біледі.
10. Соңғысы - қорытынды түсіндіру. Ол әдетте, оқытушының тақырыпты түсінбей
қалған студентіне қайта оқыған лекциясына ұқсайды және көбінше ізкесушінің жеке
бөлмесінде жүзеге асырылады[4, 163].
Детектив жанрында алғаш қалам тербеген Эдгар По деп есептелінеді. Оның 1840
жылдары жазылған туындылары жанрдың іргетасын қалады деседі. Алайда, детектив
элементтері одан да бұрынғы авторлардың туындыларында кездесіп отырды. Мәселен,
Уильям Годвиннің 1794 жылы жазылған «Калеб Вильмстің бастан кешкендері» романы
әуесқой-ізкесушінің бейнесін көз алдымызға келтіреді. Сонымен бірге, Э.Видоктың 1828
жылы жарыққа шыққан «Жазбалар» туындысы да детектив жанрының озық үлгілерінің
қатарынан табылады. Алайда, әдебиет жазушы Еремей Парновтың айтуынша алғаш рет
нағыз ізкесуші бейнесін жасаған ол – Эдгар Аллан По болды. Оның атақты «Морг
152
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |