«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет194/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   208
 
 
 
 
Көзден  ғайып  болған  жүз  жылдықтың  дүниежүзілік  конституциялық  тәжірибесінде 
Конституцияның  осыншама  қысқа  мерзім  жұмыс  істеуі  өте  сирек  кездесетін  құбылыс.  Жаңа 
Конституцияны қабылдаудың себептері хақында әртүрлі көзқарастар орын алды.  
Біздің  пікірімізше,  1995  ж.  конституциялық  реформаның  алғышарты  егеменді 
Қазақстанның  тұңғыш  Негізгі  заңын  жасау  және  қабылдау  кезіндегі  уақыт  талабы  сипатында 
жатыр.  Біздің  Республикада  бір  қоғамдық  жүйеден  екіншісіне  көшу  эволюциялық  жолмен 
жүзеге асты, бірақ бұл процесс консервативті күштер жағынан қарсыластыққа ұшырап жатты. 
Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  анықтамасы  бойынша,  ҚР  1993  ж.  Конституциясы  –  мәмілеге 
келу Конституциясы еді[5, 106-107]. 
Жалпы,  ҚР  1993  ж.  Конституциясының  толығымен  шеше  алмаған  тағдырлы  да  басты 
мәселелерінің бірі мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарын ұйымдастыру проблемасы 
болып  табылады.  Біздің  пікірімізше,  ҚР  1993  ж.  Конституциясының  билік  құрылымдарын 
ұйымдастыру өрісіндегі қайшылықтарына келесі жағдайларды жатқызуға болады: 
-  ҚР  1993  ж.  Конституциясындағы  мемлекеттік  өкімет  биліктерін  бөлісу  принципін 
жүзеге асыру моделінің өтпелі кезең жағдайларына сай келмейтіндігі; 
-  Мемлекеттік 
өкімет  билігін  ұстаған  органдардың  жекеше  тармақтарының 
конституциялық-құқықтық  мәртебелерін  анықтауда  жіберілген  кемшіліктер  мен  қарама-
қайшылықтар; 
-  Мемлекеттік өкімет билігі тармақтары арасындағы тартыстарды шешудің механизмін 
жете анықтамау [5, 115].  
Дегенмен  де,  ҚР  1993  жылғы  Конституциясы  өзіндік  тарихи  маңыздылығымен  де 
айшықтала түсті. Олар төмендегідей: 
  Конституция тұтастай еліміздегі ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға негізделген. 
  Кеңестік және қазақстандық тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен бостандығының 
басымдылығы танылды. 
  Қазақстан халқы дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі боп айқындалды. 
  Қазақстан әлемнің тарихи сахнасына тағы бір демократиялық мемлекеттің шыққанын 
дәлелдеді. 
  Нағыз демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың іргетасын қалады. 
  Социалистік  даму  жолынан  бас  тартып,  нарық  қатынастарына  көшудің  негіздерін 
жасады. 
Ал  1995  жылы  қабылданған  Конституциямызда  республиканың  экономикалық  күш-
қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті 
кепілдікті  құқықтар  беретін  көкейтесті  мәселелерді  шешу  ескерілді.  Конституцияны  жасауда 
дамыған  елдердің,  соның  ішінде  Францияның  конституциялық  тәжірибесі  ескерілді. 
Конституцияның негізі болып адамның құқықтары мен бостандықтары болып белгіленді.  
Бұл  аталған  Конституциядағы  басты  назар  аударатын  мәселе  –  Қазақстан  мемлекетінің 
ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғауында. Бұл дегеніміз 140-қа жуық ұлт 
пен  ұлыс  мекендейтін  Қазақстан  Республикасының  бейбітшілік  пен  тұрақтылықты  орнатуды 
басты миссиясы етіп қойғандығын білдіреді. Халқымызда «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген 
қастерлі  нақыл  сөз  бар.  Сондықтан  Конституцияда  барлық  ұлт  пен  ұлыстарды  тең  дәрежеде 
санап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің ынтымағын, ауызбіршілігін 
нығайта түсері анық.   
Жалпы  алғанда,  1995  жылғы  Конституцияның  тарихи  маңызы,  біріншіден,  егеменді 
Қазақстанның  әлем  қоғамдастығы  алдындағы  бар  болмысы,  өркениетті  даму  кезеңіндегі 
ерекшеліктері,  әлемдік  демократиялық  құндылықтары  көріініс  тапқан,  ал  екіншіден, 
Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат болып саналады[6]. 
Заң ғылымдарының докторы, профессор,  ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі     
С.С. Сартаев журналистерге берген сұхбатында: «Конституция – әр елдің мемлекеттік қоғамдық 
құрылымын  көрсететін,  яғни  мемлекеттік  құрылымды  талдап  көрсететін  негізгі  құжат.  «Ата 
Заң»  деген  сөздің  өзі  атасын  сыйлаған  қазақтың  Конституцияны  да  атасындай  сыйлауын 
көрсетеді  деп  түсінемін  өз  басым.  Сол  себептен  де  азаматтар  өмірін  конституциялық  аумақта 


 
161 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
ғана құрады. Біз еліміздің азаматтарына өз істерін, жұмыстарын Конституциялық аумақта істеу 
керектігін  айтып  отырмыз.  Ата  Заңның  әр  бабын  сақтамасақ,  ол  жай  ғана  құжат,  қағаз  болып 
қалады. Конституцияның орындалуы  – ел  азаматтарына тікелей байланысты болғандықтан да, 
азаматтарымыз  Бас  Заңды  білуі  және  оны  өмірлік  жолдарында  пайдалануы  тиіс.  Ата  Заңның 
жүріп өткен жолы деген уақытта, Президенттік басқару жүйесі арқылы, ел егемендігі үшін керек 
ірі  реформаларға  қол  жеткізуімізді  айтар  едім.  Біздің  Конституциямыз  бос  жатқан  жерде,  ен 
далада  қабылданған  жоқ.  Ол  –  өмір  талабына  сай  келетін  бағдаршам  құжат.  Біз 
Конституциялық  кеңістікте  өмір  сүріп  жатырмыз.  Ал,  Ата  Заңды  бұзуға  ешкімнің  қақысы 
жоқ.  Сондықтан  да  болар,  біз  өзіміздің  Конституциямызды  өте  құрметтейміз,  оны 
бағалаймыз. Әрине, бұл жерде Елбасының рөлінің маңыздылығын атап өткім келеді. Еліміз 
өз шаңырағын тіктеп, бөлек мемлекет ретінде қазығын қаққаннан кейінгі, яғни, 1993 жылы 
қабылдаған  алғашқы  Конституциясы  тәуелсіз  ел  тарихындағы  ең  демократияшыл  құжат 
ретінде  саналды.  Бірақ,  басты  құжаттың  кейбір  заңдық  баптары  бүгінгі  күнге  ілесе 
алмағандығынан,  1995  жылы  қолданыста  жүрген  қазіргі  Конституцияны  қабылдауға  түрткі 
жасады.  Бұл  жөнінде  Елбасы  «Қазақстандық  жол»  атты  кітабында:  «1995  жылғы 
Конституция  тақыр  жерде  пайда  болғған  жоқ.  Ол  Егемен  Қазақстанда  конституциялық 
құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ, біздің жағдайымызға 
сәйкес  келетін  ең  прогресшіл  шетелдік  тәжірибелерді  барынша  толық  пайдаланған  еді. 
Сондықтан да, кімде-кім еліміздің негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, 
оны  жасаудың,  қалыптастырудың  тарихын  жақсы  білуі  керек»  деген  болатын»-деп  өзінің 
негізгі  ой-пікірімен  бөліскен  болатын.  Сонымен  қатар,  көрнекті  қоғам  қайраткерінің: 
«Конституцияға жан беру – әр азаматтың міндеті»-деген терең мағыналы сөзі бар[7]. 
Сондықтан,  біз  ел  азаматтары,  әсересе  жас  толқын,  Ұлт  көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет