43
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, ғылыми ұмтылыстан туатын қорытындылар, қағидалар,
заңдылықтар, көптеген мәселелер туралы ғылыми көзқарастар [11, 191].
Адамда тілдік сана бірдей болмайды. Әр индивидтің өзіндік танымы, көзқарасы, сөйлеу
мәнері, ойлауы болғандай тілдік санасы да әртүлі болады. Бірақ тілдік сана ұқсас болуы мүмкін.
Адамдардың тілдік санасында ұқсастықтар менталитет пен стериотиптер әсер әтуінен пайда
болады. Бірақ ол адамның тілдік санасының толықтай бірдей болуы мүмкін екенін көрсетпейді.
Әртүрлі теориялар мен тұжырымдарды қорыта келе, тілдік сананы анықтайтын бірнеше
құралдар бар екені анықталды. Олар төменде көрсетілген суретте берілген.
1-сурет. Адамның тілдік санасын анықтайтын құралдар
Тілдік санаға қатысты айтылған тұжырымдарды жинақтай келе тілдік сананың
көпқырлы болып, бірнеше қызмет атқаратыны анықталды. Ғалымдар оның мынадай
функцияларын көрсетеді:
- Бейнелеу
функциясы санада «әлемнің тілдік бейнесін», тілдік бірліктердің
мағынасын,
құрылымын, өзара байланысын бейнелейді.
- Бағыт-бағдар
функциясы коммуникация барысында белгілі бір жағдайға сай тілдік
құралдарды
дұрыс таңдап, жеткізу барысында бағыт-бағдар беріп отырады.
- Интерпретационды
функция коммуникация барысында сөйлеушінің ойын, ниетін,
көзқарастарын, жай-күйін түсінуге қызмет етеді.
- Метатілдік функция – зерттеліп отырған тіл мен сол арқылы бейнеленетін заттық
саланың арақатынасын, сөйлемдерінің құрылымын, басқа тілдермен қарым-қатынасын
зерттеуде пайдаланылады.
- Басқару функциясы сөйлеу операциясын басқарады [8,23].
Тілдік санаға берілген теориялардың ортақ нәтижесі көрсетіп отырғандай, тілдік сана
дегеніміз санада жинақталған тілдік әлем бейнесі жайлы ақпараттар мен тілдік нормалардың
тілде вербальді көрініс табуы. Ол адамның сөйлеу, ойлау, таным процестерімен тығыз
байланыста жүзеге асады. Тілдік сананың өзіне тән ерекшеліктері:
- Адамға ғана тән ұғым (тіл де сана да адамға тән);
- табиғи құбылыс;
- адамның туғаннан бастап қалыптасып, өмір бойы толығып отыратын тіл туралы
ақпараттар жиынтығы (жаңа сөздер, олардың мағынасы, қолдану ерекшелігі, морфологиялық
ерекшелігі, айтылуы, жазылуы және т.б.);
- адамның белгілі бір субъектіге, объектіге, тілдік әлем бейнесіне көзқарасы және сол
жайлы
білетін ақпараттар жиынтығы;
44
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: