«жансугуровские чтения»


АБАЙ АФОРИЗМДЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ  МӘНІ



Pdf көрінісі
бет61/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   208
АБАЙ АФОРИЗМДЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ  МӘНІ  
 
Ерқалым Ұ.К.
1
 магистрант 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
1
, Талдықорған қ. 
 
E-mail: erkalym@inbox.ru 
 
Бұл мақалада Абай афоризмдерінің мәні, таным мәселесі қарастырылады, сондай-ақ 
адам танымына әсері  мысалдар арқылы көрсетілген.   
Кілт сөздер: афоризм, таным, дидактика, философия. 
 
В данной статье рассматриваются сущность афоризмов Абая, проблемы познания
а также влияние на познание человека показано на примерах. 
Ключевые слова: афоризм, познание, дидактика, философия. 
 
In  this  article  discusses  about  essence  of  the  aphorisms  of  Abay  and  its  problem  of 
knowledge, as well as the impact on human knowledge is shown by examples. 
Key words: aphorism, knowledge, didactics, philosophy. 
 
Афоризм  –  бірінші  кезекте  дидактикалық  поэзияның  жемісі,  ал  Абай 
шығармаларындағы  афоризмдерде,  –  жалпы  әлем  әдебиетінде  ортақ  заңдылық  негізінде,  – 
абайлық  өсиет  сөздердің,  дидактикалық-философиялық,  тілдік-стильдік  тәсілде  көрініс 


 
45 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
тапқан. Ал ұлы ақын шығармаларында дидактиканың орын алуына себеп болған  жай, яғни 
сол кездегі қазақ өміріне тән қоғамдық жағдайлар болып табылады. 
Афоризмдер өзінің құрылымдық ерекшелігі мен мазмұнына қарай ықшам әрі  адамға 
ой  салатындай,  ойтүрткі  болатын  ерекшелігі  бар.  Адамда  идея  мен  ассосацияның  тууына 
ықпал етеді. 
Сонау  көне  дәуірден  бері  афоризм  өркениет  әлемінен  орын  алып  келеді.  Ол  халық 
даналығын байытып, арман-үмітін, мүдде-мұратын бейнелейді, сондықтан қоғамдық пікірдің 
қорытпасына, ой-толғамына айналып отыр.  
Оның  тақырыбы  ауқымды,  адам  мен  қоғам  өмірінің  ең  мәнді  тұсына,  адамды  үнемі 
толғандыратын, толқытатын мәселелерге көңіл аударады.  
Афоризмнің  әдеби  жанр  ретінде  қалыптасуын  анықтау  үшін  оның  тарихына  бойлап, 
«сөз» ретіндегі және жанр сипатындағы мағынасын анықтап алған орынды  
Неміс  ғалымдарының  нұсқауы  бойынша,  бұл  сөз  (афоризм)  антика  әдебиетінде 
«даналық  сөз»,  «сентенция»,  «қысқа  әрі  сығымдалған  стиль»  мәнінде  қолданылғаны 
тарихтан белгілі болып отыр [1, 13 б.].  
Көне  грек  ғалымы,  атақты  Гиппократ  біздің  дәуірімізден  400  жыл  бұрын  өзінің 
медициналық трактатын афоризм (грек тілінде – Aphorismos – анықтама, шектеу) деп атаған. 
Онда  аурудың  белгілері    мен  диагноз  қою,  аурудың  алдын  алу  мен  сырқатты  емдеп  жазу, 
сауықтыру туралы деректер берілген. Трактат «Өмір – қысқа, өнер – мәңгілік»  деген нақыл 
сөзбен ашылған. 
Афоризмдер  жайлы  зерттеу  жүргізгенде  анықталған  тағы  бір  жәйт,  афоризм  «сөз» 
мағынасында Ресейде ХҮІІ ғасырда пайда болып, оның медициналық және әдеби мәні қатар 
қолданылған.  Ресей  Академиясының  Сөздігінде  (1788)  афоризм  (афорисм)  «аз  сөзге  көп 
мағына  сыйдырған»,  «иппократтық»  әрі  «адамгершілік  насихат»  айтатын  қағида  деп 
қарастырылады.  ХҮІІ  ғасырда  атақты  орыс  жазушысы  А.Т.Сумараков  афористика 
жанрының  өрістеуіне  үлкен  үлес  қосқан,  ХҮІІІ–ХІХ  ғасырларда  А.Пушкин,  Л.Толстой, 
Салтыков–Щедрин, Ф.Достоевский, В.Белинский сияқты ұлы жазушылар одан әрі жетілдіре 
түседі [1, 186 б.]. 
Абай  афоризмдерінің  тақырыбы  ауқымды.  Тілдік  тұлға  моральдық-этикалық, 
педагогикалық,  әлеуметтік-философиялық,  саяси-мәдени  мәселелерге  ден  қояды.  Ол  қоғам 
мен  адам  өмірінің  қарапайым  қалтарыс  құпиясынан  бастап,  күрделі  мәселелеріне  дейінгі 
аралықты диалектикалық бірлікте тұтастырып жібереді. 
Жалпы Абай афоризмдернің мақсаты не? – деген сұрақтың туындауы орынды. Абай 
ақындықты  әлеуметтік  қызмет  деп  бағалады.  Қысқа  да  нұсқа  сөз  мәйегі  санаға  бірден 
ұялайды.  Абай өзінің әлеумет өміріндегі рөлін жақсы сезінеді. Оған уәж болатыны – Абай өз 
кезеңінің  ақыны  ғана  емес  ұстазы  да  болатын,  әрі  ақындықты  азаматтық  парызым  деп 
санаған,  «сөйтіп,  өз  заманының  ұстазы,  өмірді  оқушыларына  үйретуші,  танытушы  ақын 
Абай»  дискурсында  нақыл,  ақыл  сөзге  мол  орын  берілген.  Ол  мораль  философиясын 
«толғауы  тоқсан  қызыл  тілге»  айналдырады.  Философиялық  ұғым  қалыптастыратындай 
дәрежеге көтереді. 
Абай афоризмдерінің шеберлігі – оқушының қоғамдық көзқарасының мызғымастығы 
мен  таным  көкжиегінің,  жан-жақты  даярлығының  тұңғиық  қорытпасы,  олардың  жоғары 
эрудициясы мен шешендік білік, білім және дағдылар жиынтығын қамтитын мәдениеті. 
Таным процесі сезімдік танымнан және рационалдық танымнан құралады. Танымның 
бастапқы пункті және негізі – практика (тәжірибе). 
Абай он тоғызыншы қара сөзінде таным процесі туралы жазған: 
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі 
жақсы,  жаманды  таниды  дағы,  сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады. 
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». 
Таным процесінің бірінші сатысы - сезімдік таным. 
Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы 
жүзеге асырылатын танып-білу. Сезім мүшелері дегеніміз – ол біздің айналамыздағы дүние 


 
46 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет