75
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
беру көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен
ерекшеленеді. Осыған орай, тілдік қатынастың дамуына алғы шарт тудырудың басты
факторы оқушыға тілдік орта жасау болса, сол тілдік орта оқу мәтіндерінің
коммуникативтік, ой дамытушылық, шығармашылық, зерттеушілік сипаттарымен
айқындалуы оқу тапсырмаларында жан-жақты қарастырылуы қажет. Тұлғаның рухани-
адамгершілік тәрбиеленуі бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқушының адамзаттық
құндылықтарды игеруі үш тілді соның ішінде ана тілі және туған әдебиетіміздің рухани
байлықтарын түйсінуі арқылы бойына сіңірілмек. Ол үшін сабақта әр оқушының өзінің
интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің шыңына жету мүмкіндігін
қамтамасыз ететін, құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын әзірлеу қажеттігі
туындайды. Осыған орай, заманауи талаптарға сай Еуропалық біліктілік жүйесіндегі «үш
тұғырлы тілде сөйлесе алу» құзыреттілігіне негізделген оқу тапсырмаларын әзірлеудің
әдіс-амалдарын қарастыру көзделеді.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға
бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде
қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді
әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Алдымен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті
болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы қабілеттерін
шыңдауы қажет. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа әдіс-
тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс.
Блум таксономиясының идеяларына негізделіп жоспарланған
І. Жансүгіровтің «Әнші» өлеңін «Блум таксономиясы» бойынша меңгерту
Достарыңызбен бөлісу: