Деңгей Берілген деңгей бойыншасұрақ-тапсырмалар Білім
1.І.Жансүгіров шығармашылығымен таныстыра отырып, «Әнші»
өлеңінің мазмұнын, ой жүйесін меңгерту./Слайд/
2. Өнерді сүйуге, өнер адамдарын құрметтеуге баулу.
3. Поэзия және прозадағы өнер тақырыбын жырлаған ақын,
жазушыларды салыстыра, талдай отырып өзіндік көзқарас
қалыптастыру.
Түсіну
1.Ақын Әсеттің өзін таныстыруын поэтикалық тілмен қалай
жеткізеді?(Арындаған, бұлбұл, тұлпар, жорға, майдамын, тауықпын, жортарманмын) 2. Ауыстыруды қайдан көруге болады? (Бұлбұлмын, тұлпармын, жорғамын, майдамын, тауықпын, сөз-жаңбыр, дауысын-дауыл, әнім-ескек) 3.Өз халқының еркесіне айналғандығын қандай сөздермен береді?
(Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп) 4.Өлеңдегі ұлттық нақыш ұандай тіркестерден байқалады? (Сарайым-сабам құям пісіп-пісіп) Қолдану
1.Топтастыру стратегиясы бойынша ақын қолданған көркем
образды сөздер арқылы Әсеттің бейнесін көрсет.
2. «Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп, Қоздырып делебені дәсерлетіп» деген осы ойдың негізінде
пікірлесіңдер.
76
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары